Дәріс Бизнес түсінігі және мәні



бет15/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Лекция ЭжБ толық

Бірінші бағыт — шағын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға дейін жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары иелеріне беріледі.Бұл бағыт шамамен 27 мың кәсіпорынды, онда істейтін 1 млн. адамды қамтиды.
Екінші бағыт—жаппай иелендіру. Бұл жолы бес мың адамға дейін жұмыс істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді. Мұндай кәсіпорындардың саны 9 мың шамасында және оларға 3 млн. адам қамтылады.
Үшінші бағыт — аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа нысандарды (объектілерді) мемлекет иелігінен алу. Бұл тұста үкімет олардың әрқайсысына өзгеше талаптармен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру болады. үшінші бағытта бір жарымның кәсіпорын және 2 млн. адам қамтылады. үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстарда өткізіледі.
2004 жылғы қыркүйектің соңында 744 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген. Сонын ішінде кең өндіру өнеркәсібінде -79 (сауылдамаға жауап бергендер санына
Сонымен жекешелендіру нарықтық экономикаға ауысудың алғышарттарын жасай отырып кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды, сауда, да, қоғамдық тамақтану орындарында, қызмет көрсетуде және т.б. (№ 1, 6, 2, 7 әдеб)
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі шағындаған болатын. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылған болатын. Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ол оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, республикада кәсіпкерліктің даму тарихы небары 10 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың төрт мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қамтыған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғарғы қойылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жыл, 1994-1996 жыл, 1999-2000 жыл, 2001-2002 жыл) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болады. Басты стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялық құқықтары шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік қажетті жағдайларды жасады.
Ресми статистика деректері бойынша республикада 2003 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 442,3 мың кәсіпкерлік субъектісі есепке алынды, оларда шамамен 1,2 млн адам жұмыс істейді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс әстейтіндердің жалпы санының 17,6%-ін құрайды.
2002 жылы кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 621,4 млрд теңгеге жуық салада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2001 жылмен салыстырғанда 2,9 %-ке өсуге және 19,5 %-ті құрауға тиіс.
Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңнің күрделі және әрқашан жағымды емес әлеуметті-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасады. Түрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына кедергі келтіреді. Проблемалар экономиканың жалпы дағдарысының жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына, қазіргі менеджментпен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты болды.
Социологиялық сұрақ – жауапқа сай Америкада бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу, бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел экономикасы жағдайы туралы сұрақ 5, капиталға қол жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті аталмаған.
Ресейде керісінше, негізгі шектер бизнес шеңберінен тыс орналасқан: сұраққа жауап берген кәсіпкерлердің 90% олардың бизнесті дамыту жолындағы басты кедергі ретінде мемлекеттің салық саясатын, 80% дұрыс заң жоқтығын, 67% капиталға қол жеткізудің аса қиындығын, 66% банк жүйесінің тұрақсыздығын, 55% өкімет құрылымдарындағы сыбайластықты атайды.
Ресейдегі сияқты Қазақстанда бірінші орында салық саясаты, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші орында несие саясаты, содан кейін сату, шикізатпен қамтамасыз ету продлемалары соңғы орында мелекеттік органдармен өзара әрекеті тұр.
Құнның бәрі мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек қажеттігін көрсетеді .
Қажетті рыноктың құрылымдармен өзара байланыстарды құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды. Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды шешуге тура келеді.
Біріншіден, экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік жүйесін қирату кезіңде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңесші фирмалар мен басқа мекемелер түріндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымын құру қажет.
үшіншіден, кәсіпкерліктің уәждік базасын құру үшін экономика әрекет етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.
Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді ұмытуға болмайды.
Осылардың барлығынан Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың орны ерекше екенің байқаймыз. Себебі ол өз қызметін стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады. Кәсіпкерліктің дамыу ұлттық байлықтың маңызды бөлігін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет