Дәріс. Диэлектриктер Диэлектрлік материалдардың жіктелуі


Диэлектриктердің химиялық қасиеттері



бет4/4
Дата31.10.2022
өлшемі21.03 Kb.
#463712
1   2   3   4
Лекция 3 Диэлектриктер

2.4 Диэлектриктердің химиялық қасиеттері
Ұзақ уақыт жұмыс істегенде диэлектриктер жанама өнімдерді түзумен бүлінбеу және олармен беттесетін металдардың коррозиялануын болдырмау; әртүрлі заттармен (газдармен, қышқылдармен, сілтілермен, тұздар ерітінділерімен және т.б.) әрекеттеспеу қажет. Бұл заттардың әсеріне әртүрлі диэлектриктардың тұрақтылығы әртүрлі болады.
Детальдарды өндірудегі материалдар әртүрлі химиялық-технологиялық әдістермен өңделуі мүмкін: клейлену, лактардың түзілуіне әкелетін еріткіштерде еруі және т.б. Қатты материалдардың ерігіштігі еріткішпен беттесетін беттің бірлігінен уақыт бірлігінде ерітіндіге ауысатын материалдың мөлшерімен бағаланады. Мұнымен қатар, кейде ерігіштікті берілген ерітіндіде еритін заттың ең үлкен мөлшерімен анықтайды (яғни қаныққан ерітінді концентрациясы бойынша). Химиялық табиғаты бойынша еріткішке жақын және молекулаларында атомдардың ұқсас топтары бар заттардың еруі оңайырақ болады: дипольдік заттар дипольдік сұйықтықтарда оңай ериді, бейтараптылар – бейтараптыларда. Мысалы, полярсыз немесе әлсіз полярлы көмірсутектер (парафин, каучук) сұйық көмірсутектерде (бензинде) оңай ериді; гидроксильды топтары бар полярлы шайырлар (фенолформальдегидті және т.б.) спиртте және басқа полярлы еріткіштерде ериді. Полимерлену дәрежесі жоғарлаған сайын ерігіштік төмендейді: сызықты құрылымы бар жоғары молекулалық заттар кеңістік құрылымдағылармен салыстырғанда оңай ериді. Температура жоғарлағанда ерігіштік де артады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет