3. Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Мысалы: Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді – деген екен.
Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1. Адам мен Полис бірлігі.
2. Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3. Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.
3. Қазіргі этика теориялары.
Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Коптеген философиялық,теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық,Махабат,Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық,ұят,абырой,парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады. Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары, Министрлер, Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.
Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.
Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1. Бақыт дегеніміз – жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2. Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3. Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4. Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.
Достарыңызбен бөлісу: |