Дәріс Химия өнеркәсібі



бет4/7
Дата27.10.2022
өлшемі113.5 Kb.
#463489
1   2   3   4   5   6   7
ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ 22.10.2022

Құрама тыңайтқыштар өндірісі. Өсімдіктің қалыпты коректенуі үшін қоректік элементтердің барлык түрінің; азот, фосфор, калий болуы шарт. Оларды топыраққа жекелеп енгізу еңбекті көп тілейтін өндіріс болғандықтан тыңайтқыштардың осындай құрама түрлерін шығарудың маңызы зор. Мұндай құрама тыңайтқыштарға, мысалы аммонийленген суперфосфат және құрамында азот пен фосфор бар аммофос немесе азот, фосфор, калий кіретін нитрофоска және т.б. жатады. Суперфосфатқа газ тәріздес немесе сұйық аммиакпен әсер ету арқылы аммонийленген суперфосфат, ал фосфор қышқылына газ тәріздес аммиакпен әсер ету арқылы аммофос алуға болады. Аммиак селитрасын хлорлы калий және аммофоспен өңдеу арқылы нитрофоска алу жолға қойылған.
Осы құрама тыңайтқыштардағы қоректік заттардың мөлшері 90% дейін жетеді, оның өзі бұларды аса тасымалды етеді, осылайша тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі күрт артады.
Сода және хлор өндірісі. Сода өнеркәсібі кальцийленген сода (Na2С03), кристалды сода (Nа2 СОэ 10Н2), ас содасы (NaНС03) және каустикалық сода (NaОН) өндірістерінен тұрады.
Осы содалардың әрқайсысын түрлі мақсатта кеңінен пайдалануға болады. Кальцийленген және кристалды сода әйнек, алюминий өндірістерінде, тоқыма өнеркәсібі мен тері өңдеуде қолданылады, олардан натрий тұздарын т.б. керекті заттар алады. Ас содасы тамақ өнеркәсібінде, әсіресе нан пісіруде үлкен қолданысқа ие.
Каустикалық сода немесе күйдіргіш натрийды алюминий өнеркәсібіндегі сілтілік әдісте, сабын кайнатуда, целлюлоза мен жасанды талшықтар алу өндірісінде, мұнай өнімдерін тазартуда, металдық натрий алуда және басқа да өндірістерде көптеп пайдаланады. Сода алуда негізгі шикізат ретінде ас тұзы жұмсалады. Аммиак әдісімен сода алу ас тұзының ерітіндісіне көмір қышқыл газы және аммиакпен әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін тұз қабаттарына дейін ұңғымалар жасалып оған бір-біріне кигізілген екі құбыр түсіріледі де, ішкі құбыр арқьлы тұз қабатына су айдалады , осы қысымның әсерімен сыртқы құбыр арқылы жер бетіне тұз ерітіндісі атқылап шығады. Сода зауытынын ауласында әктасты кокспен араластырып күйдіру арқылы көмір қышқыл газын алу іске асырылады. Тазартылған тұз ерітіндісі осы көмір қышкыл газ және аммиакпен байытылады. Мұнан кейін арнаулы мұнарада осы ерітіндіні қосымша түрде көмір қышқылымен байыту арқылы сода алу өндірісінің соңғы сатысына қол жеткізуге болады.
NaCl +NН 3+С02 20 = NаНСОз +NН4 СІ

Натрийдің бикарбонаты кристалл түрінде тұнбаға шөгеді ал хлорлы аммоиий ерітіндіде қалады. Оларды барабанды вакуум-фильтірде бөліп алады, мұнан кейін натрийдың бикарбонатын кальцийлеу үшін содалық пешке жібереді. Осы пеште бикарбонатты қыздыру арқылы кальциленген содаға айналдырады. Осындай жолмен алынған сода арнаулы қаптарға салынады, ал көмір қышқыл газын,қайтадан ерітіндіні байыту үшін пайдаланады. Осы өндірістің қалдығы хлорлы аммоний аммиак алу үшін жұмсапады, ал аммиак қайтадан сода өндірісіне жіберіледі. Сода өндірісінің қалдықтарына хлорлы кальций және ас тұзының ерімей қалған бөлігі де кіреді.


1 т кальцийленген сода алу үшін 1,55 т ас тұзы және 1,4 т әктас қажет болады.
Сода өндірісін шикізат көзіне жақындатып орналастырады. Кальцийленген сода басқа сода түрлерін алуға қажетті бастапқы зат. Мысалы осы кальцийленген содаға көмір қышқыл газымен әсер ету арқылы ас содасын алуға болады. Каустикалық соданы бірнеше тәсілдермен әктастық, электрхимиялық және т.б. алуға болады. Бірінші жағдайда каустикалық содаға кальций тотығының гидратымен әсер еткенде каустикалық сода және тұнбаға шөгетін көмір қышқылдық кальций түзіледі. Осы каустикалық соданың ерітіндісі арнаулы аппаратта кептіріліп, концентрациясы 92% дейін жеткізіледі. Осы әдісте 1 тонна өнімге 2,3 т отын көмір жұмсалады. Каустикалык сода алудың жетілдірілген түрі- электрхимиялық әдіс. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы мұнда каустикалық содамен бірге хлор және сутегі алынады. Бұл әдісте ас тұзының ерітіндісі арқылы тұрақты ток еткізіледі. Осы кезде катодта сутегі, ал анодта хлор бөлінеді. Осы екі газды бөлектеп сорып алады, ал катод бөлігінің түбіне каустикалык сода жиналады. 1т каустикалық сода алу үшін 1,6т ас тұзы және 2500квт/с электрэнегиясы жұмсалады. Сонымен бірге осы процесс барысында қосымша 0,84 т хлор алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет