Иленгіштік ( пластичность) бұл заттардың белгілі бір температура мен кысым жағдайында өздерінің формасын өзгертіп кейіннен оны сақтап қалу қасиеті. Осындай иленгіштік қасиетке , мысалы ылғалды сары топырақ ,канифоль, битум,кейбір шайыр заттар ие, бірақ олар пластмассаларға жатпайды.
Пластмассаларға, органикалық қосылыстардан тұратын; белгілі бір өңдеуден өткізілген және қажетті форма алғаннан кейін жоғары механикалық беріктік және баска да пластмассаларға тән қасиетке ие болатын заттар жатады.
Пластмассалардың құрамына әртүрлі маңыздылығы бар бірнеше заттар кіреді. Олардың өзі үш түрлі топ құрайды.
Байланыстырушы заттар- кез келген пластмассалардьң құрамында міндетті түрде болады. Олар пластмассаның негізін құрайды, бұларсыз пластмассаның болуы мүмкін емес. Мысалы, галалит пластмассасының негізі- казеин, абонитгікі-каучук, целлулоидтікі- нитроцеллюлоза, бакелипікі фенолформальдегидтік шайырлар.
Пластификаторлар - пластмассаларға иленгіштік беретін заттар. Осы заттардың арқасында қатгы немесе нәзік заттар оңай өңделегін қамыр тәріздес күйге көшеді.Мысалы, әдегте қатты болып келетін құрғақ казеин 30- 35% су және 1-2 % глицерин қосылғаннан кейін жұмсақ жәие иленгіштік касиетке ие болады.
Толтырушы заттарды негізгі затқа қосу арқылы әдетге қымбатқа түсетін негізгі зат үнемделеді. Бұл заттар негізгі заттарды толтыра отырып, олардың беріктігін арттырады.Толтырушы заттарға ағаш ұны, шүберек, қағаз, асбест, кварц құмы, әйнектік мата және т.б. заттар жатады.
Көптеген пластмассаларға, сонымен бірге осыларға қажетті түс беретін әртүрлі бояушы затгар қосылады.
Алғашқы пластмассалар табиғи полимерлер - целлюлоза туындылары, каучук, сут белогы казеиннен алынған болса, кейіннен байланыстырушы зат ретінде синтетикалык полимерлер - фенолформальдегидтік шайыр заттар, полиакрилаттар, полиэфир т. б. пайдаланыла басталды . Осылай, пластмасса өндірісінің шикізат базасы кеңейіп, қарапайым органикалық заттар және көмір, мұнай, шымтезек, әртүрлі газдар тіпті ауа ,су, ас тұзы, кварц кұмын да өңдеудің әдістері ашылды,
Ең алғашқы пластмасса XIX ғасырдын ортасында ашылған, кәдімгідей беріктігі және электроқшаулағыштық қасиеті бар- эбонит болды.
Шамамен осы кезенде ашылған целлулоид пластмассасы- нитроцеллюлозаны камфара, спирт және өсімдік майларымен өңдеу аркылы алынды , одан галантерея өнімдері, ойыншықтар, лактар жасапьшатын. Мұнан кейін целлюлоза негізінде отқа төзімді пластмассалар ойлап табылды.
XX- ғасырдың басында байланыстырушы заты- сүт белогы казеин болып табылатын, жұмсак пластмасса - галалит дүниеге келді.Бұл қымбатка түсетін және құндылығы онша жогары емес пластмасса болғандықтан қолданыстан жылдам шығып қалды.
Қазіргі кезде әртүрлі синтетикалық шайырлар, пластмассалар және де басқа да құнды заттар органикалық қосынды – формальдегидтен алынады.Формальдегидке фенолмен әсер ету арқылы алынатын фенолформальдегидтік шайыр заттардан көптеген пластмассалар, мысалы толтырушы заттары - мақта түгі, асбест, әртүрлі маталар болып келетін - волокнит, текстолит және бакелит жасап шығарылады.Сонымен бірге қазіргі кезде негізгі шикізаты - этилен болып келетін көптеген пластамассалар өмірге келді. Этилен негізінде тетрафторэгилен, винилхлорид және т.б.заттар алынады. Осы өнімдерді полимеризациялау арқылы - Нолиэтилен, политетрафторэгилен, винилхлорид т.б. пластмассалар алуға болады.
Полиэтилен- қатты, түссіз, майлы, балауыз сияқты материал. Бұл өнім радиолокациялық, радиотехникалык, телемеханикалық т.б. қондырғыларда оқшаулағыш ретінде пайдалануға таптырмас материал.Химия өндірісінде антикоррознялық материал, сонымен бірге химиялық белсенді заттар ортасында жұмыс істейтін аппараттардың бөлшектері осы полиэтиленнен жасалады. Құрылыс ісінде су кұбырларының басым бөлігі осы полимерден жасалса, жылыжайларда ол өзінің тамаша касиеттері арқасында негізгі жабынды материал ретінде кеңінен колданылады.
Хлорвинилді полимеризациялау арқылы полихлорвинил алынып, соның негізінде қаттылығымен ерекшеленетін - винипласт жэне жұмсақтау, бірақ шаруашылықта көп қолданылатын - пластикат алынады.
Тетрафторэтиленді полимеризациялау арқылы ақ түсті, жұқа қабатты, мөлдір, балауыз тәріздес пластмасса - политетрафгорэтилен (фторопласт-4) апуға болады. Өзініц химиялық беріктігі жөнінен бұл полимер табиғатта және синтетикалық жолмен алынған барлық материалдардан, тіпті алтын мен платинадан да асып түседі.
Стиролды полимеризациялау арқылы полистирол алынады. Бұл шыныға ұқсас, қатты және мөлдір, қышқыл мен сілтіге төзімді, жоғары дәрежеде электроқшаулағыштық қасиет көрсететін полимер. Полистирол оңай өңделеді, сондықтан одан әртүрлі өнімдер, мысалы, электр- және радиотехника тетіктерін шығаруда үлкен қолданысқа ие және конденсатор жасауда оның пленкалары пайдаланылады. Пластмассалар жасауға сонымен бірге полиэфирлік, кремнийорганикалық шайырлар және т.б. заттар негіз болады.
Пластмассалар алу арнаулы зауыттарда немесе машина жасау зауыттарының цехтарында жүзеге асады. Дайын өнімдер мен тетіктер алу тұтынушыға жақындап орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |