Қуықтың экстрофиясы– қуықтың алдыңғы қабырғасының шәне құрсақ қабырғасының бір бөлігінің болмауы.
Клиникалық белгісі. Құрсақтың алдыңғы қабырғасыныңкемістігі арқылы қуықтың артқы қабырғасының шырышты қабығы томпайып шығып тұрады, ұстағанда ауырады және жанасқанда қанайты. Зәрдің үнемі ағып шығуы терінің жарылып-ойылуына алып келеді.
Емі.Хирургиялық ем жүргізіледі – жергілікті тіндермен қуықтың пластикасы жасалады, несепағарларды сигма тәрізді немесе тік ішекке ауыстырып отырғызады, не болмаса ішектің сегментімен жеке-дара қуық қалыптастытырылады
Бүйректердің жабық жарақаттары.
Бүйректердің жабық жарақаттары бел аймағыны жарақаты: Биіктен құлау, екі зат арасында қалу нәтижесінде болады. Бұнда кішкене субкапсуляр жарақаттары және де бүйректердің толық жарылуы және оның зәр аққыштарды үзіліп ауыр жарақаттануы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Науқас белінің жарақаттанған жеріндегі ауыруына, дүмпиіп ісіп кеткеніне шағым етеді. Зәр қанның араласуы пайда борлады. Цистоскопия үлкен диогностикалық ие болады., бұнда жарақат жағындағы зәр аққыштан қан немесе ұйығ,ан қан шығады. Көк тамыр ішіне жіберуімекн жасалған урография контрасты зат бүйрек немесе зәр аққыштардың жарақаттанған бөлімінің айналасындағы майға таоралады. Қуық және үрпінің ішкі тесігі жарақаттарын «Жамбас сүйектері сынықтарының асқынулары» тақырыбынан қарау керек.
Емі: Бүйректердің кіші жарақаттарында консервативтік ем қолданылады, қозғалмау, бел аймағында суық қойып инфекцияның алдын алу үшін антибиотиктер беріледі. Қан тоқтату терапиясы: кальций хлориді, викасол, эпсилон-аминокапрон қышқылы және т.б жасалынады. Бүйрек немесе зәр аққыштың жарылған жері тігіледі. Айтарлықтай жарақаттар жағдайында екінші бүйректің қызметіне сеніп, жарақаттанған бүйрек алып тасталынады.(нефрэктомия)
Бүйрек аурулары
Паранефрит. Бүйрек айналасындағы майдың қабыну процесін паранефрит деп атайды. Көбінесе ол көрші мүшелерді және тканьдар қабынуынан кейін екінші болып пайда болады (аппендицит,) Іріңдеу процесі және де алыс жерлерден инфекцияның (фурункул, карбункул, остеомиелит және т.б ) қанмен немесе лимфа жолымен келу нәтижесінде пайда болады. Паранефритте бүйректі қоршаған майлы қабы толық іріңдеп ірпһіп-шіруі байқалуы мүмкін.
Клиникалық белгілері: Науқас ыстығының қатты көтерлуі қалтырау және бел аймағының қатты ауруына пайда болуымен сипатталады. Процесс өрлегенде іріңдік қарын немесе көкірек қуыстарына жиналуы мүмкін. Көргенде жергшілікті жердің бел аймағында тегістелуі, кейде терінің қызаруы және басып көргенде өте қатты ауруы анықталады.Қанда жедел қабыну процесінде байланысты өзгерістер байқалады.
Емі: Науқастың бастапқы кезеңінде антибиотиктер терапиясы жүргізіледі. Консервативтік терапияның сәтсіздігінде іріңдік жарылады және оған дренаж қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |