- Тағайындалуы бойынша өлшемдер пішімі мен шамасын анықтаушы :
- құрастыру,
- жинақтау
- габариттік өлшемдерге бөлінеді
Өлшемдер - Құрастыру өлшемдерін тетіктерді беріктік пен қаттылыққа есептеу арқылы анықталады;
- Габариттік өлшемді шығып тұрған бөлшектері бойынша анықталады;
- Жинақтау бұйымдары жалғастыру беттері бойынша анықталады.
- Құрастыру және жинақтау өлшемдері тетіктер мен бірліктердің бір-біріне қарағанда қалай орналасқандығын сипаттайды
Өлшемдер - Номиналды өлшем (D, d, l және т.б) –ауытқу санаудың басы болатын және соған қатысты шекті өлшемдерді анықтайтын өлшемді айтамыз.
- Нақты өлшем – рұқсат етілген қателікпен өлшеу арқылы анықталған өлшем. Бұл термин тетікті абсолютті дәл өлшеммен жасап шығаруға және өлшеуге мүмкіндік болмаған соң пайда болды.
- Тетіктің шекті өлшемі – екі шекті рұқсат етілген өлшем, екеуінің арасында тұратын немесе жарамды тетіктің нақты өлшемі тең болатын өлшем.
Шақтама - Т шақтама (латын сөзінің Tolеrance – шақтама) деп ең үлкен және ең кіші параметрлердің жіберілген мәнінің айырмасы
- Шақтама алаңы – жоғарғы және төменгі ауытқумен шектелген алаң
- Білік – тетіктердің сыртқы(қамтитын) элементтерінің(беттерінің) белгіленуін көрсететін термин
- Қуыс – тетіктердің ішкі(қамтылатын) элементтерінің(беттерінің) белгіленуін көрсететін термин
Қондыру - Тетіктердің арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай анықтайтын біріктіру сипаты
- Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды
- Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру. Саңылау S – қуыстың өлшемі біліктің өлшемінен үлкен болған кездегі қуыс пен білік өлшемдерінің айырмасы, саңылау жиналған тетіктердің өзара жылжуын қамтамасыз етеді
Достарыңызбен бөлісу: |