Дәріс кешені 1 Бөлім. Мәдениет теориясы


Ресессанс – қайта өрлеу Реформация



бет4/25
Дата01.10.2023
өлшемі283 Kb.
#479343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекция

Ресессанс қайта өрлеу
Реформация – діни оқытушылықтағы шындықты түсіндіру үшін құрылған, римдік – католиктік шіркеукдің монополисіне қарсы бағытталған солтүстік және орталық еуропадағы 16 ғ. діни қоғамдық қозғалыс.
Риторика – антикалық және одан кейінгі кезеңдердегі шешендік өнер мен оның теориясы. Ауыспалы мағына: Елірген, әдемі бірақ мағынасы таяз тіл.
Рококо – сәулет өнері мен сәндік өнеірдегі батыс еуропалық көркем стиль. Ғажап ассиметриялық өрнектер мен эстетикалық ләззаттарының құралы. Дворяндық ақсүйектердің мерекелік өмірлерінің сәндік бұйымы болып табылады.
Сансара – үнді дінінің және діндік философияның негізгі ұғымдарының бірі, жаңа дәуірде рухтың түрленуі. Карма, қарғыс заңы бойынша жүзеге асады
Символизм – ХІХ ғ. аяғындағы француз поэзиясы смен әдеби сынындағы антинатуралистік бағыт, символистер бейнелі – символдық шындықты ашық айту арқылы астарлап жеткізу поэзияға тән деп есептеледі: Ресейде поэзия өз мәніндегі паймағамлардың «естілмеген өзгерістерді» қарсы алумен өздігінен хабарланған.
Стиль – белгілі бір уақыттағы немесе бағыттағы, сонымен қатар жеке шығармалардағы, әдебиет пен өнердегі көркем әдістердің мақсатты және көркем шартты жинағы; бөлек бір суретшінің жеке стилі.
Сюрреализм – сфераны санасыз бейнелеу өнердің басты мақсаты ретінде көрсететін 20 ғ. көркем мәдениеттегі авангардтық бағыт.
Табу (полинез) – қанда да болмасын затқа, қимыл-әрекетке, сөзге бағындырылатын бағалылардың кез-келген қасиеттелген тыйымдардың жүйесі. Д. Фрезер, Э.Б. Тайлер, К. Леви-Стросс, З. Фрейд суреттеген.
Талант, дарын – керемет тума қасиеттер, ерекше табиғи қабілеттер, дарындылық; дарынды адам.
Тәңірлік күнтізбе – орталық азиядағы көшпелі халықтардың күнтізбесі. Тәңірлік күнтізбе бойынша аспан жарықтарының, жұлдыздардың және жануарлар кейпіндегі құдайлардың көмегімен әлемді бәрінен жоғары тұратын тәңір басқарады. Тәңірлік күнтізбе құрылымдық негіздемесі – қазақтардағы мүшел деп аталса, ал өзбек, түркімен, ноғай, әзербайджан, түріктерде мучаль, муджьаль болып аталады. Орталық және оңтүстік – шығыс азияның кең аймағының бәрінде бар.
Тәңірлік – далалықтардың ежелгі діні, тәңірге сену, түркілік жоғары мәдениеттің биік дәрежесі. Ол әлемдегі ең жоғары әділеттілік бар дегенге негізделген. Бұл дін ғарыштық өмірдің айналым заңын білген. Сондықтан өлім деген түсінікті қазақтар білмеген, оларда «қайтыс болу» деген түсінік қана болған. Бұл физикалық әлемде өлу, ал паралельдік әлемде тірілу деген мағына береді (Е. Шаймерденұлы)
Тотемхалықтың ежелгі ата-бабасы, рудың басы деп есептеген аң, құс, өсімдік, зат немесе табиғат құбылысы. Діни сенімнің белгісі және табу ретіндегікөрінген (мәселен, тотемдік аңға аңшылық жасауға болмайды) Тотем табынушылық сиқырлы әдет-ғұрыппен, салт-дәстүрмен анықталады.
Тұсау кесу – баланың алғашқы қадам басуына орай жасалатын әлет-ғұрып. Баланың қалыптасушы, дамитын, шексіз жасайтын адам ретіндегі түсінігінің әлемтанымдық мәні байқалады (Қ. Нұрланова).
Түркі мәдениеті – еуразиядағы туысқан тілдес халықтарының қолжеткізген табысы. Ертеден-ақ түркі мәдениеті ерекшелігін жылқы малы – ат білдірген. Түркі мен ат біртұтас бірлік ретінде танылған. Түркі салт атты жүріп, қытай, үнді, иран, византия тарихына осылай – ат үстінде енген. Түркі мәдениеті керемет жасаған жетістігі – дөңгелекті көлік. Түркі мәдениеті рухани жоғары жетістігі – дін тәңірге сенім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет