Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


-тақырып. Әріптердің емлесі. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 1



бет2/22
Дата24.12.2023
өлшемі312.5 Kb.
#487825
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
лекции по практикуму орфогр и пункт

2-тақырып. Әріптердің емлесі. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі


1. Қазақ тілі орфографиясын дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген тұстар – дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптер мен дауыссыз х, сонор й, у дыбыстарын таңбалайтын әріптер емлесі.
А, е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: арала, ереже, ымыралы, іріткі.
Ә әріпі орфографиялық ереже бойынша көбінесе сөздің екінші, үшінші, соңғы буындарында жазылмайды, бірақ алдынғы буындағы жіңішке дауыстының әсерімен келесі буындағы жуан а дыбысы ә болып жіңішке айтылатын сәттерде қай әріпті жазу қиындық келтіреді. Мыс.: тәкаппар, кітап. Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын ә дыбысының орнына а әрпі жазылады. Әдетте, орфография нормалары мен орфоэпия нормалары барлық сәттерде бір-біріне сай түсе бермейді.
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де сөз басында келген ж, ш дыбыстары мен үнді й дыбысының аралығында а дыбысы тұрса, ж, ш дыбыстарының өздері де жіңішкеріп, дауысты дыбысты да жіңішкертіп жібереді, бірақ жазуда а дыбысын сақтаймыз: жай, шай.
Ә әріпінің түбір сөздің екінші буынында жазылатын сәттері де бар. Бұлар жалпы ережеден ауытқитын, сондықтан ескертуде көрсетілген сөздер: куә, күнә, кінә, сірә.
О, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады. Бұл әріптер біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында да жазылады: Қызылорда, бүрсігүні, жазғытұрым, өте-мөте.
Ұ, ү әріптер кей сөздерде екінші буындарда да жазылады: мағлұм, байғұс, мақұл, мәжбүр, дүлдүл.
И әріпі кірме сөздердегі жалаң и дыбысымен қатар (кино, икс) ій, ый қосар дыбыстарын да таңбалайды. Жіңішке айтылатын и-дің алдынан і әріпін жазбау қазақ емлесінде бірсыпыра қалыптасып, орнықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет