Я, юәріптерінің алдындаы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады: тақия, қия, тию. Ій, ый дыбыстарын жалаң и-мен, сол сияқты үу, ұу дыбыстарын жалаң у дыбысымен таңбалау оқыту ісінде, сөздерді буынға бөлуде қиындық келтіріп жүр.
Ыйқосар әріптері тек тый, сый деген сөздер де ғана жазылатынын негізгі ережеден ауытқу ретінде есте тұту керек. Йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің –йжұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады: байы + й + ды – байиды, оқы + й + ды – оқиды.И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық етістіктің –ужұрнағы ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы я түрінде жазылады: и + у – ию, ки + у – кию, қи + а – қияды. У әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты удыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады: су, қуат, уәде, дәуір.
ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады: оқы + у – оқу.
б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады: сау – сауу.
Э, е әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздерге ғана жазылады.
Ю әрпі мынадай орындарды жазылады: а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ұу, й+үу дыбыстарының орнына қолданылады: аю, ою, көркею. ә) орыс тілінен енген сөздерде жазылады: полюс, люкс.
Я әрпі мынадай сөздерде жазылады: а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының орнына қолданылады: яки, ая, мая, қия, тұяқ. ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбстардан кейін де жазылады: отряд, снаряд.
2. Б, в, г, дәріптері, негізінде, сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында да жазылады: байқа, гүл, әдет, клуб.