Дәрілік заттардың экскрециясы
Дәрілік заттар және олардың померлы метаболиттері ағзадан зәрмен, нәжіспен, дем шығаратын ауамен, бездердің секретімен шығарылынады. Көптеген препараттарды шығару АТФ- аза қасиетіне ие, молекулалық массасы 170 кДа Р- фосфогликопреинді жасушадан католиздейді. Р гликопротеиннің полипептидті тізбегі 1280 аминқышқыл қалдықтарынан тұрады және 12 трансмембранды домендер және 2-АТФ байланыстырушы орталықтар құрайды. Бүйректе дәрілік заттар фильтрацияға, секрецияға және реабсорбцияға ұшырайды. Ақуызбен байланыспаған молекулалық массасы 5 кДа –дан жоғары емес дәрілер және олардың метаболиттері жақсы фильтрацияға ұшырайды, молекулалық массасы 60кДа –дан жоғары емес дәрілер және олардың метаболиттері жақсы фильтрацияға ұшырайды. Молекулалық массасы 60 кДа болатын препараттар фильтрацияланбайды. Молекулалық массасы аралық диапазонда болса, фильтрация жылдамдығы дәрілік заттың физико- химиялық қасиетіне тәуелді болады. Бүйрек шумақтарының капиллярлар бетінің 4-10%-да диаметрі 2-4 нмболатын саңылаулар бар. Фильтрацияның қарқындылығы бүйректің қанмен қамтылуына тікелей бағынышты және қанның коллоидты- осмостық қысымы және бүйрек шумағының капсуласының қысымына кері тәуелділікте болады. Фильтрация шумақтағы қабыну және дегенеративті бұзылыстарда, бүйректің тамырларының спазмында, жүрек жетімсіздігінде, коллапсте, шокта төмендейді. Майда ерігіш дәрілік заттар жеңіл фильтрацияланады, келесіде өзекшелерде айқын реабсорбцияға ұшырайды, сондықтан олардың экскрециясы салыстырмалы түрде алғанда көп емес.
ЗӘРДІҢ РН БАЙЛАНЫСТЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРЫНЫҢ ЭКСРЕЦИЯСЫ
Жоғары сілтілік ортадағы экскреция
|
Жоғары қышқыл ортадағы экскреция
|
Аминқышқылдар
|
Имипрамин
|
Барбитураттар
|
Кодеин
|
Бутадион
|
Лидокаин
|
Диакарб
|
Морфин
|
Пробенецид
|
Новокаинамид
|
Салицилаты
|
Хинидин
|
Стрептомицин
|
Хинин
|
Сульфаниламидтер
|
Хлорохин
|
Бүйректің өзекшелерінде майда ерігіш препараттар қарапайым диффузия арқылы реабсорбцияланады, мұнда дәрілер яғни әлсіз қышқылдар зәрдің қышқыл реакциясында қарқынды сорылады. (қалыптыда зәрдің рН=4-6), дәрілер- әлсіз негіздер- сілтілі реакцияда. Бізге белгілісі қысқа әсерлі сульфаниламидті препараттар урсульфан және этазол бүйрек арқылы белсенді түрде шығарылады және реабсорбцияланбайды, ол зәрде жоғары бактериостатикалық мөлшерін құрады: керісінше сульфадиметоксин және сульфален түгелдей реабсорбцияға ұшырайды. Бүйректің проксимальды өзекшелерінде қышқыл қасиетіне ие дәрілердің секрециясы жүреді (стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, зәр айдаушы препараттар диакарб, фуросемид, гидрохлортиазид, пенициллиндер, уефалоспориндер) және негіздер (ганглиоблокаторлар, миорелаксанттар, трициклды антидепрессанттар, хинидин, хинин). Секрецияны органикалық аниондардың траспортерлері жүзеге асырады. Адамда 36 транспортерлер қызмет атқарады. Дәрілік заттар бір- бірімен және ағзадағы метаболиттермен ақуыз- тасымалдаушылар байланысына бәсекеге түседі. Мұндай бәсекелестік, егер секрецияға дәрілік заттардың 80%-дан астамы ұшыраса және науқаста фильтрация және реабсорбция бұзылған жағдайларда мүмкін болады. Мысалы, фуросемид индометацин және аминогликозидтердің секрециясын баяулатады және олардың кері әсерлерін күшейтеді. Зәр айдаушы дәрілер зәр қышқылының секрециясын азайта отырып, гиперурикемияға және латентті подагреның өршуіне алып келеді. Асқазан қуысына дәрілік зат- негіз (морфин) бөлінеді. Өтке бөліну гепатоциттердің жарғақшалары арқылы сүзгілеу жолымен (глюкоза, иондар). Және белсенді секреция жолымен (дигоксин, ампициллин, рифампицин, тетрациклин, эритромицин) жүреді. Секрецияға ұшыраған препараттардың оттегі мөлшері қанға қарағанда 10-100 есе жоғары. Ішекте сорылмаған заттар нәжіс арқылы шығарылады (мысалы: ауыр металдардың сульфидтері) өтпен және ішектің қабырғасымен бөлінеді. Майда ерігіш дәрілік заттар және олардың глюкурнидтері ішек бактерияларының β-глюкурнидазамен гидролизінен соң энтерогепатикалық айналымға қатысулары мүмкін. Тыныс алғанда шығарылатын, ауамен ұшқыш және газ тәрізді заттар шығарылады (этил спирті, ингаляциялық наркоздың препараты). Бронхиалды бездер йод аниондарын, бриды, камфораны шығарады. Бұл заттар бронхтарды тітіркендіріп, олардың секреторлық қызметін күшейтеді және қақырық түсіруші әсерін шақырады. Сілекей және тер бездерінің экскрециясымен иодиттер, бромидтер, темір препараттары, барбитураттар, салицилаттар, сульфаниламидтер, кейбір антибиотиктер бөлінеді. Терінің қабынуы мүмкін (бромидтермен созылмалы уланғанда- безеу тәрізді бөртпе- бромодерма пайда болады). Тері бездерімен темірді бөлу терлердің қарқындылығына байланысты және гипохромды анемияның себебі болуы мүмкін. Жас бездерімен антибиотиктер және сульфаниламидтер бөлінеді, мұны офтальмологияда тәжірибеде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |