Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет35/52
Дата19.02.2024
өлшемі0.76 Mb.
#492465
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
лекц.комп.ФКТ-Фармация-3-кур.каз

6. Қорытынды сұрақтары:
1. «Анальгетик» терминіне анықтама беру.
2. Анальгетиктердің жергілікті анестетиктер мен наркозды дәрілерден ерекшелігі.
3. Морфин мысалында наркотикалық анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің механизмі.
4. Опиоидты анальгетиктермен пайда болған жедел уланулар мен наркоманияны емдеуге қолданатын препараттар.
5. Бейнаркотикалық анальгетиктердің ауырсынуды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсерінің механизмі.
6. Ауырсынудың әсерінен пайда болатын жағдайлар
КРЕДИТ № 2
Дәріс №3
1. Тақырыбы: Қабынумен иммундық процесс бұзылысының үнемді терапиясының негізгі принциптері
2. Мақсаты: Студенттерді қабынумен иммундық процесс бұзылысының үнемді терапиясының негізгі принциптерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері. Қабыну ағзаның әртүрлi экзогендi және эндогендi зақымдаушы факторларға (мыс. бактериальды, вирусты және паразитарлы инфекциялардың қоздырғыштары, с.б. аллергиялық, физикалық және химиялық агенттер) әмбепап реакциясы болып табылады.
Қабыну – көптеген эндогендi заттармен реттелiнетiн күрделi процесс. Ол заттар қабынуға қатысатын әртүрлi жасушалы элементтермен (мес жасушалары, полиморфты-ядерлi лейкоциттер, моноциттер) өңдiрiледi. Олар простаноидтар, лейкотриендер, азот тотығы, тромбоциттердi белсендiретiн фактор, гистамин, кейбiр интерлейкиндер секiлдi биологиялық белсендi заттарды өндіреді.
Қабынуға қарсы дәрiлердi құру кезiнде үлкен қызығушылықты қабыну үрдiсiне қатысатын жасушалардың жасушалы мембраналардың фосфолипидтерiнен биологиялық белсендi заттардың түзiлуiне әсер ететiн заттар алады. Бұл заттардың негiзгi бағыты келесiге жүктеледi:

  • Простаноидтарды (простагландиндер, тромбоксандар), лейкотриендердi, тромбоциттердi белсендiретiн факторлардың түзiлуiн бақылайтын А2 фосфолипазаны тежеу.

  • Простаноидтардың биосинтезiн реттейтiн циклооксигеназаны тежеу (бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер).

  • Простаноидты рецептерлердi блокадалау.

  • Лейкотриендердiң түзiлуiне қатысатын 5-липоксигеназаны блокадалау.

  • Лейкотриендi рецептерлердi блокадалау.

  • Тромбоциттердi белсендiретiн фактормен әрекеттесетiн рецепторлердi блокадалау.

Қазiргi уақытта практикалық мәндi алғашқы екi топтар алады.
Қабынуға қарсы дәрiлер химиялық құрылысы бойынша стероидты және бейстероидты деп бөледi.
Стероидты қабынуға қарсы механизмi арахидон қышқылының синтезiне қажеттi А2 фосфолипазаны тежеумен байланысты.
Бейстероидты қосылыстарға циклооксигеназаға тежеушi әсер көрсетiп, простаноидтардың биосинтезiн төмендететiн заттар жатады. Циклооксигеназаның (ЦОГ) - 1 және 2-шi типтi 2 түрi бар. ЦОГ-1 кәдiмгi жағдайда түзiлiп, ағзада простаноидтардың түзiлуiн реттейдi. ЦОГ-2 бөлiмi қабыну үрдiсiмен өндiрiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет