Дәрілік заттардың циторецепторлармен әсерлесуі
Циторецепторлар (грек тілінен Кytos- тамыр, жасуша, латын тілінен recipere- алу) табиғатынан эндогенді липондар- гормондар, өсу факторлары, нейромедиаторлар, аутокоидтар үшін жаратылған. Олар липопротеиндер, гликопротеиндер, металлпротеиндер, нуклеопротеиндер құрылысына ие. Циторецепторлар концепциясын ХХ ғасырдың басында Пауэль Эрлих және Джон Лэнгли ұсынған. Эрлихтың түсінігі бойынша, жасушалық протоплазманың молекулалық бүйір тізбектері рецепторлар қызметін атқарады және олар қоректік заттар мен улы заттарды қабылдауға бейім. Қанда айналып жүретін бүйір тізбектер антитоксиндер (антиденелер) түзеді. Сезімтал жасушалардың шеткі құрылымдары да рецептор бола алады. Олар тітіркендірудің физикалық және химиялық энергиясын сезімтал нервтердің қозуына айналдырады. Лэнгли никотин әсерінен болатын қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуын кураренің жоятындығын, бірақ кураренің электр тогының қоздырушы әсерін өзгертпейтінін топта цитоплазмалардың құрылысында лигондамен байланысуға арналған, домен және эффекторлы домен бар. Циторецепторлардың белсенді орталықтары аминқышқылдары, фосфотидтер, нуклеотидтер, қанттардың фуекциональды топтарымен түзілген. Дәрілік заттар циторецепторлармен берік емес физико- химиялық байланыстар- воидерваальсты, ионды, сутекті, комплементарлық принцип бойынша дипольды байланыстар түзеді. Холиноэстеразаның қайтымсыз тежеуіші, ауыр металдар, цитостатиктер циторецепторлармен қайтымсыз ковалентті байланыс түзеді. Бұл препараттардың барлығы да өте улы. Дәрілік заттар циторецепторларға қатынасы жағынан аффинитет (латынша affinis- туысқан) және ішкі белсенділік қасиетіне ие. Аффинитет- бұл дәрінің циторецепторлармен комплекс түзу бейімділігі. Ішкі белсенділік олардың белсенді стреоконфомациясын құруға бағытталған және жасушалық жауаптың пайда болуына әкеледі. Дәрілік заттар аффинитеттің және ішкі белсенділігінің басымдылығына байланысты 2 топқа бөлінеді:
Агонистер (грекше agonistes- қарсылас, agon- күрес), немесе миметиктер (грекше mimeomai- еліктеу)- аз аффинетті және жоғары ішкі белсенділігі бар заттар: толық агонистер максимальды мүмкін болатын жасушалық жауапты шақырады, жартылай (паруалды) агонистер- аз жасушалық реакцияны шақырады;
Антогонистер (грекше: antogonisma- бәсекелестік, anti- қарсы, agon- күрес) немесе блокаторлар- жоғары аффинетке ие, бірақ ішкі белсенділігінен айырылған заттар. Олар жасушалық жауаптың дамуына кедергі келтіреді, блокқа ұшырамаған циторецепторлардың белсенді орталықтарын блоктаушы заттар бәсекелес антогонистер болады. Фармакодинамикада агонистер және антогонистер тіркесіп келуі мүмкін, мысалы, агонистер- антогонистер бір циторецепторларды қоздырса, басқалары блоктайды. Циторецепторлар 4 түрге жіктеледі:
Протеинкиназа рецепторлары;
ионды каналдар рецепторлары;
G- ақуызымен қосарланған рецепторлар;
Транскрипцияны бағыттаушы рецепторлар.
Протеинкиназа циторецепторлары жасушаның плазмалық жарғақшасымен байланысты. Олардың жасушадан тыс домені лигандамен әсерлеседі және ішкі жасушаның каталитикалық домені- протеинкиназамен әсерлесуі үшін қажет. Екі домен гидрофобты аминқышқылдардан тұратын ішкі жарғақтың тізбекпен жалғасқан. Протеинкиназа рецепторлары жасуша ақуыздары- киназаларды реттеуші және құрылыс ақуыздарын фосфорлайды. Көбіне ақуыздарда тирозиннің фосфорлануы жүреді. Протеинкиназа- циторецепторларының мысалдары: инсулин, цитокиндер, эпидериалды және тромбоцитті өсу факторларының рецепторлары. Гуанилатциклазамен қосарланған жүрекшелік натрийуреттік пептидке бағытталған циторецепторлар ЦГМФ өнімін жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |