6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)
а) Негізгі білімі бойынша
Фармакотерапияның түрлері. Препараттарды тағайындау принциптері?
Дәрілік заттардың номенклатурасы?
Дәрілік заттардың әсер ету механизмі туралы түсінік?
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі: фармацевтикалық, фармакокинетикалық, фармакодинамикалық, физиологиялық?
Дәрілік заттардың спецификалық ферменттерге әсері?
Дәрілік заттардың жасуша мембранасына әсері?
Дәрілік заттардың ағзаға енгізу жолдары:
а) энтеральді
б) парентеральды
б) сабақтың тақырыбы бойынша
Клиникалық фармакология анықтамасы және пәні?
Клиникалық фармакология медициналық-құқықтық мәселелері.
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің клиникалық сипаттамасы. Аддитивтілік, сензитивтілік, антагонизм?
Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің шығу механизмі және оларды алдын-ала болжау әдістері?
Негізгі ағза жүйелерінің функционалдық жағдайына және жасына байланысты дәрілік заттардың жанама әсерлерінің көрінісі?
Дәрілік заттардың рациональды қосылыстарын таңдаудың негізгі ұстанымдары?
Дәрілік заттардың қарт адамдардағы фармакодинамикалық ерекшеліктері?
Дәрілік заттардың іштегі нәрестелер мен жаңа туған нәрестелерге фармакодинамикалық ерекшеліктері?
Дәрілік заттардың жүкті әйелдердегі фармакодинамикалық ерекшеліктері?
Дәрілік заттардың емізулі әйелдердегі фармакодинамикалық ерекшеліктері?
Дәріс - 2
1. Тақырыбы: Клиникалык фармакокинетика
2. Мақсаты: Студенті фармакокинетиканың негізі түсініктерімен таныстыру
3. Дәріс тезистері:
Ағзада дәрілік заттардың таралуы қанға сіңіріліп болғаннан кейін немесе қанға тікелей енгізгеннен соң дәрілік зат ағзаның су фазасында таралады, мұнда қан жасушасының сырты және жасуша ішілік су (дене массасының 70%) кіреді. Балаларда ағзадағы судың көп болуына байланысты, жүрек гликозиді дигоксиннің, холиноблокатор атропиннің, антибиотиктер- амино- гликозидтердің таралу көлемі жоғарылайды. Егде жаста су мөлшері 10-15%-ға төмендейді, патологиялық сусыздануда дәрілік заттардың таралу көлемі олардың концентрациясы өскен сайын және фармакологиялық әсерлері күшейген сайын азая түседі. Тамырға енгізгенде дәрілік заттардың ең көп мөлшері қанмен жақсы қамтамассыз етілген мүшелерде- бас миында, жүректе, бауырда, бүйректе, өкпеде, эндокринді бездерде түзіледі. 6-10 минут өткеннен соң дәрі қанмен аз қамтамассыз етілетін мүшелерге- қаңқа бұлшық еттері және май ұлпасына таралады. Ішке енгізгенде, бұлшық етке және тері астына енгізгенде сорылу және таралу процестері бірдей жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |