2. Ата-ана мен бала мәселесі
Психологиялық көмек жеке немесе топпен өтуі кезінде төмендегідей бағытта жүреді:
-ата-ананың әлеуметтік-психологиялық құзіреттілігін көтеру;
-қарым-қатынасқа түсу дағдыларын үйрету, қақтығыс мәселесін шешуге қажетті тәсілдерді меңгерту;
-ата-ананың балаға қоятын талабымен келісу;
-ата-ана тәрбиесіндегі түзету стилі.
Психо-коррекциялық жұмыс когнитивті мінез-құлықтық тұрғыда, ата-ана мен бала өзара қатынасына келесі әдістер мен тәсілдер қолданылады.
1.Ата-ананың ақпараттануы, отбасы психологиялық қатынасы , жас ерекшелік даму заңдылығы туралы білімдерін кеңейту. Берілетін материал мазмұны тыңдаушының білім деңгейіне лайықты, нақты, көз жеткізетіндей түсінікті болу керек.
2.Топтық пікір екі жолмен жүргізіледі:
- тақырыптық, белгілі тақырыпқа сай пікірталасып, тәжірибе бөліседі.
- талдау, нақты жағдай мен мәселені талқылау.
Пікірлесудің мақсаты – ата-ананың мотивациясын көтеру, мәселе өзектілігін шешу.
3.Библиотерапия – арнайы семинарға байланысты кітаптарды әңгімелеу. Ол ғылыми-танымал сипатта, отбасы мәселесіне, ата-ана тәрбиесіне арналған.
4.Қиын мәселені талқылау. Түзейтуде ата-ананың тепе-тең емес қатынасы, тәрбие стилі, ата-ана қатынасын көтеру түрлері, жалпы ұстанатын принциптері қозғалады. Ата-ана тобымен қатар, балалар тобы да ұйымдастырылуы қажет. Ата-аналар тобында ерлі-зайыптылар мәселесі көтеріліп, көптеген қақтығыстар туындауы мүмкін. Жағымды жақтары төмендегідей:
- ерлі-зайыптылар арасында болатын қақтығыс барысында эмоция мен сезімдерін шығаруға, өдерінің жеке ерекшеліктерін қайта қарауға, уайымдаудан жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік береді;
- ерлі-зайыптылар арасында бұрынғы қақтығысты ашуға, одан шығудың жаңа түрлерін меңгеруге , өзара әрекет жолдарын қарастыруға болады;
- ерлі-зайыптыларға мәселенің барлық отбасы мүшелеріне қатысты екенін саналы меңгертіп, әлсіз звено тек бала емес екеніне көз жеткізу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
Достарыңызбен бөлісу: |