16. Дәріс тақырыбы: Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Дәріс жоспары:
1.Қазақстандық ғалымдар мен зиялы тұлғалардың отбасы тәрбиесі туралы еңбектері мен көзқарастары.
2.Қазақстандық отбасында қазіргі кезде кездесетін дағдарыстық жағдайлар.
Дәрістің мазмұны:
1.Қазақстандық ғалымдар мен зиялы тұлғалардың отбасы тәрбиесі туралы еңбектері мен көзқарастары.
Әрбір мемлекеттегі тәрбие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы сол мемлекеттің тарихымен тығыз байланысты. Мемлекет дамуының тарихи кезеңдері балаларды дамыту мен білім алуына деген анықталған көзқарастарының болуымен, білім беру үдерісін жүзеге асыру мүмкіндігінің болуымен, тәрбиелі және білімді қоғам қажеттілігімен және мемлекеттік білім беру жүйесінің жағдайымен сипатталады.
Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық, публицистикалық және көркемдік ақпарат көздерінің тарихи-мұрағаттық, заңды құжаттарына талдау жасау отбасы және үй тәрбиесін мемлекеттің қоғамдық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайының өзгеруімен байланысқан күрделі білім беру үдерісі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Көне заманнан бастап халықтар өздерінің педагогикасын жасап, балаларды түрлі тәрбиелік құралдар арқылы тәжірибелік іс-әрекетке, өмір қиыншылықтарымен күресуге даярлады.
Отбасы пайда болған кезден бастап, көптеген мыңжылдықтар ағымында отбасы тәрбиесі қоғамда балаларды тәрбиелеудің жалғыз формасы болып келді. Мектептер мен басқа да білім беру және тәрбиелеу мекемелері өте аз болды және олар тек аз мөлшердегі жоғарғы тап өкілдерінің балаларына ғана қызмет жасады. Қоғамның кластық сипаты түрлі әлеуметтік топтардағы отбасы тәрбиесінің мазмұны мен түрлі бағыттарын анықтап берді.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі VII-V ғасырларда тәрбие және білім жүйесінде отбасы тәрбиесі мен білім басты орын алған. Мемлекеттік болған спартандық тәрбие жүйесінен айырмашылығы Афинада 7 жасқа дейінгі балалар отбасында тәрбиеленген. Әйелдерге қатысты ережелерге байланысты құл иеленуші қоғамда қыздар тек қана отбасы тәрбиесінде болған. Онда қыз балаларды дәстүрлі сауаттылыққа (оқу, жазу, санау) үйретумен бірге музыкалық аспаптардың біреуінде ойнауды, үй шаруашылығына қарау, қол өнері, тігін тігуді үйреткен.
Көптеген спартандық және афиналық тәрбие мен білім ұстанымдары кейіннен Римде дамыды (біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасыр). 7 жасқа дейінгі ұл балалар, ал қыз балалар 7 және одан да үлкен жасқа дейін Афинадағыдай шешелерінің тәрбиесінде немесе балалар тәрбиесін тапсыратын үлкен жасқа келген туыс әйелдердің бақылауында болған. 7 жастан кейін ұл балалар көбіне әкелерінің қарамағына өтіп, үйрене бастайтын.
Оқыту таза практикалық мақсатта болатын - баланы қоғамдық, әскери және отбасының әлеуметтік жағдайына қарай шаруашылық жұмысқа дайындайтын.
Шаруа немесе қолөнершінің балалары, оқу, жазу және санаудан басқа әке шаруашылығында жұмыс жасауға дайындалды, ал ақсүйектердің балалары қару ұстауға, жүзуге, атқа отыруға үйретілді, ежелгі Римнің мемлекеттік құрылымымен таныстырылды, әкесінің меншігіндегі ауылшаруашылық жұмыстарына басшылық жасауға үйретілді.
Рим тәрбиесі мен білім беру жүйесінің ең басты ерекшелігі - оның азаматтық сипатта болуы. Олардың басты мақсаты қоғамның белсенді мүшесін, мемлекеті және әулеті үшін жанын қиюға қабілетті, қайсар жауынгер, кірмелердің барлығын орынды жек көретін, өнерлі саясаткер, есепті жериеленушілерді даярлау болатын.
Ғасырлар өте келе бұл жүйенің кейбіреулері ғана өзгерді: балаларды тәрбиелеумен құлдар айналысатын болды, ал білім берумен арнайы шақыртылған мұғалімдер айналысты.
Ежелгі орыс тәрбиесінің басты назары оның тұрмыстық тәртібіне аударылды. Бұл ережелерді меңгеру үшін қажетті деп есептелетін сезімдер мен дағдылардың мәлімет Кодексі «христиандық өмір», христиандардың қалай өмір сүру керек екендігі туралы ғылымның негізі болып табылды.
Бала тәрбиесі отбасында басталуы қажеттігі туралы айтқан ғалымдардың бірі Я. А. Коменский. Ол балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр қайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды:
-балалық шақ - туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
-жеткіншек шақ - 6 жастан 12 жасқа дейін;
-жастық шақ - 12 жастан 18 жасқа дейін;
-ересектік шақ - 18 жастан 24 жасқа дейін.
Осы жас кезеңдеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады:
6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектеп;
Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлердегі алты жылдық ана тілі мектебі;
-Жастық шақ кезеңіндегілер үшін (12 жастан 18 жасқа дейін) табылатын мектебі немесе гимназияны;
-Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) академияны.
Оның ойынша, аналық мектеп - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екендігін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы география ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.
Сонымен жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе қоғамдық және отбасы тәрбиесі үш түрлі бағыт бойынша жүргенін байқауға болады.
Бірінші - отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау. Бұл бағыт бойынша баланың болашақ өмірге дайындығы отбасында қаланады.
Екінші - отбасы тәрбиесінің мүмкіндігін жете бағаламау. Бұл бағыт бойынша әр тарихи кезеңдердегі әр түрлі әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларға байланысты шыққан отбасылық қарама-қайшылықтардың үдеуі адамның табиғи тәрбие ортасы ретіндегі отбасының беделін төмендетеді.
Үшінші - қоғам және отбасы тек бірлікте болған жағдайда ғана өзінің міндеттерін орындай алады. Бала тәрбиелеу әр ата-ананың жеке ісі ғана емес, азаматтық міндеті.
Отбасы тәрбиесіне ерекше мән берген ғалымдардың бірі -А. С. Макаренко. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен өте маңызды мәселені талдаумен айналысты. Көптеген отбасының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол «Ата-аналар кітабы» атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегі 1937 жылы жарыққа шықты. Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. «Ата-аналар кітабы» жэне «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары» балаларды отбасында тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және кәркем әдебиеттер болып табылады.
«Ата-аналар кітабында» екі ата-ананы салыстыра отырып, «жалғыз бала», «көп балалы» отбасы мәселелерін көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғалымдардың күшімен ғылыми бағыт ретінде отбасы тәрбиесінің негізі қаланды. Оның мақсаты, міндеттері анықталды. Отбасы тәрбиесі көптеген отбасыларына тән басты ұстанымдарға негізделді. Сол кездегі әдебиеттерде отбасы адамзат өркениетінің бесігі, жалпыадамдық, мәдени, адамгершілік құндылықтардың сақтаушысы ретінде қарастырылды.
Жоғарыда айтылған баланы қоғам, мемлекет, отбасы алдында белгілі бір міндеті бар азамат етіп тәрбиелеу туралы жағдайлар қазіргі кезде де өзінің өзектілігін жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |