Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет61/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Дәріс

27. Дәріс тақырыбы: Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Дәріс жоспары:
1.«Отбасында бала тәрбиелеу әдістері» туралы ұғым.
2.Қазақ отбасының бала тәрбиелеу құралдары.
Дәрістің мазмұны:
1 «Отбасында бала тәрбиелеу әдістері» туралы ұғым.
Білім беру ұйымдарындағы бала тәрбиелеу әдістерінің отбасындағы тәрбие әдістерінің өзіндік айырмашылықтары бар.Отбасындағы тәрбие әдістері табиғилығымен, әр отбасының өмірлік тәжіребесімен, әдет-ғұрптарымен ерекшеленеді.Ол өмірге қажетті жанды әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Отбасының бала тәрбиелеу әдістері ғылыми тұрғыдан емес эмпірікалық жолменкүнделікті өмір тәжірибесі барысында қалыптасып, дамиды.Отбасы бала тәрбиесінде алдымен өзіндік өмір тәжірибесіне сондай-ақ халықтың салт-дәстүріне сүенеді. Бірақ әр адамның өзіндік тәжірибесі соншалықты бай болмауы мүмкін,ал халықтың салт-дәстүрлердің озығы мен тозығы болады. Сондықтан бала тәрбиелеуде көптеген кемшіліктерде орын алып жатады.
Отбасы жағдайында жүйелі, ретке келтірілген бала тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру үшін әрбір ата-ана сонау заманнан қәзірге дейін өзіндік мәнін жоймай келе жатқан бала тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін менгеруі қажет.
Отбасындағы бала тәрбилеу әдістері-бұл баланың тәртібі мен мінез- құлқына ата-ананың мақсатты тұрғыда ықпал ету амалдары. Әр отбасының дербес бала тәрбиелеу әдістері бар. Тәрбие әдістерін таңдап алуы ата-аналардың педагогигалық мәдениетіне, яғни тәрбие мақсатын,өзінің ата-ана ретіндегі рөлін түсінуі не,құндылықтар туралы түсініктеріне, отбасындағы қарым-қатыеас стіліне және т.б. байланысты болып келеді. Сондай-ақ төменде көрсетілгендей бірқатар жағдайларға да байланысты болуы мүмкін:
-ата-ананың өз баласының жағымды, жағымсыз қасиеттерін білуі, яғни неге қызығады, нені ұнатпайды, нені ыңтамен орындайды,неге құлықсыз, қандай қиыншылықтарды басынан кешірді және т.б.
-әр ата-ананың өзіндік тәжіребесі, беделі, өзінің жеке үлгісі негізінде тәрбиелеуге тырысуы.
-ата-ана отбасында барлығын бірлесіп істегенді қаласа, онда практикалық әдістерді көбірек пайдалануы мүмкін.
Отбасы жағдайында көбіне төмендегі әдістер пайдаланылады:
Сендіру әдісі. Бұл өте қиын әдістердің бірі. Оны өте сақтықпен орынды пайдаланған жөн. Себебі сендіру баланың сан сезіміне ықпал етеді. Отбасы тәжіребесін жақсы менгерген ата-аналар дау-дамай, айғай-шусыз-ақ балаларына белгілі бір талаптарды қойып, орындата біледі. Олар нақты жағдайға талдау жасай алу сырын жетік меңгерген. Сондықтан балаларының мінез-құлықтарының себебі мен салдарларын, олардың берер жауаптары мен әрекеттерін алдын ала болжап біліп отырады. Соған байланысты әр түрлі тәсілдерді пайдаланады.Дер кезінде, дәл орында айтылған сөз бірнеше сағат мораль оқығаннан әлдеқайда тиімді. Сендіру құралы ретінде кітапті,кинофильмдерді,музика мен суретті орынды қолдана білудің маңызы зор.Олар баланың жан жүесіне, сезіміне әсер етеді. Сендірү әдісін пайдаланғанда сөз бен істің алшақ болмауы қажет. Себебі балалар, әсіресе кіші жастағылар ата-аналарының жағымды да жағымсыз да әрекеттерін қайталауға тырысады. Ата-аналар өздерін күнделікті өмірде қалай ұстаса, балалары да соны істеуге бейім болып келеді
Талап. Талапсыз тәрбие де болуы мүмкін емес. Талапты біртіндеп күрделендіріп және оның орындалғандығын үнемі қадағалап отырудың маңызы зор.Сонымен бірге балаға қажет болған жағдайда көмекке білудің мәні ерекше. Балаға талап қоюдың негізгі формасы- әр түрлі тапсырмалар беру. Тапсырманы ашуланбай, байсалды түрде берген орынды. Қойылатын талаптың баланың жас ерекшеліктері мен күшіне сәйкес болуы орынды. Сондай-ақ не әкесі не анасы тарапынан қойылатың талаптың екінші тарапына бұзылмауы керек. Сонда ғана бала талапты орындауға үйренеді. Керсінше болған жағдайда бала жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүруге, ешкімді тыңдамауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет