Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет64/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1.. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2 С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


28. Дәріс тақырыбы: Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдары
Дәріс жоспары:
1.Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру туралы ұғым.
2.Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудегі білім беру ұйымдарының рөлі.
3.Шетелдердің отбасының педагогикалық мәдениетін көтеру тәжірибесі.
Дәрістің мазмұны:
1. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру туралы ұғым
Бала-аналардың өміріне мән мен мағына, импульс беретін таусылмайтын қайнар көз. Әр ата-ана өз баласының болашағыны қажеті қабілеттерді дамыту үшін өзін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Отбасы тәрбиесі дегеніміз алдымен ата-аналардың өзін-өзі тәрбиелеуі деп өткеннің ұлы педагогтары бекер айтпаған. Себебі, өзінде жоқ қабілетті бала бойында қалыптастыру және өзің күнделіктіжіберіп отыпған қателіктеріңді балаңның жібермегнін талап ету де өте қиын.
Көбіне ондай қателіктері отбасы мүшелерінің өмір сүру, өзара қарым-қатынас жасау әдеттеріне, бала тәрбиесіне қатысты дұрыс қалыптаспаған пікірлеріне байланысты. Мысалы, баласын тыңдату үшін өтірік алдайды немесе қойылатын талаптарында белгілі бір жүйелілік жоқ. Л.Н.Толстой «Ата-аналардың басты қателігі - олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге тырысатындығында » деп бала тәрбиесі туралы отбасы мүшелеріне құнды пікір айтады.
Тәрбие-ересектердің мақсатты іс- әрекеттері. Оның нәтижелі болуына бірқатар жағдайлар: отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ата-аналардың рухани-адамгершілік мәдениеті, әлеуметтік қатынас тәжірибесі және т.б әсер етеді. Соның ішінде, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті ерекше рөлге ие.
Педагогикалық мәдениет бірқатар компоненттерден тұрады. Олар: бала тәрбиесімен айналысу қажеттілігін түсінуі мен оған деген жауапкершілігі , бала тәрбиелеу, оқыту, дамыту, туралы білімі, отбасында баланың іс-әрекеті мен өмірін ұйымдастыру туралы нақты практикалық білігі,, тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыруы, басқа тәрбие институттарымен байланысы.
Адамзат ата-аналарға бала тәрбиесі туралы арнайы дайындықтың қажет екендігін ежелден-ақ түсінген. Бұл мәселе ұлы ойшылдар мен педагогтардың еңбектерінде негізделген. Алғаш рет бала тәрбиесі мен оларды оқыту туралы аналарға арналған бағдарламаны Я.А.Коменский " Аналар мектебі" атты еңбегінде ұсынды. Ал, аналарға практикалық көмек корсетуге талпыныс жасаған Ф.Фребель болды. Ол аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мақсатында балаларға дұрыс тәрбие беру тәсілдерін үлгі ретінде көрсететін балалар бақшасын құрды. Осылайша әр елде ата-аналардың педагогикалық мәдениеттін көтеретін өзіндік жүйесі қалыптаса бастады.
Қазіргі кезде де бұл мәселе өзінің өзектілігін жойған жоқ.Бұл тәрбие үдерісі мен отбасының тәрбиелік міндеттерінің күрделенуіне байланысты болып отыр.Педагогикалық мәдениет тәрбие мәселелерін ұтымдышешуге мүмкіндік береді. Балаға педагогикалық сауатты әсер ету ерте жастың өзінде-ақ маңыздыболып отыр. Себебі баланың бүкіл психткалық , рухани жан-дүниесі жаңа қалыптасып келе жатқан кезде ананаң тәрби әдістері мен құралдарын ұтымды пайдалана біліуінің зор.
Сонымен, қазіргі кезде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін кқтеру қоғамдық қажеттілік болып отырғанын аңғару қиын емес.
Педагогикалық мәдениет-нақты білім беру ұйымдарының мәдени ортасын ұйымдастыру ерекшелігі мен мәнін зерттейтін педагогикадағы жаңа бағыт. Педагогикалық мәдениет-бұл адамзаттың жалпы мәдениетінің бір компоненті.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті-олардың тәрбиелік қызметтерінің негізі. Отбасындағы бала тәрбиесінің сәтті болуы мен нәтижелігі ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейіне де байланысты. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті -тәрбие үдерісін қоғамдық сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы механизмдер мен құралдардың жиынтығы.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті отбасының тәрбиелік тәжірибесінен, тәрбие мақсаттарын ересек отбасы мүшелерінің жете түсінуінен және оны жүзеге асыру барысында пайдаланылған тәрбие құралдарынан көрініс табады. Бұл тұрғыдағы басты бағыттары қатарына төмендегілерді жатқызуға болады.
- баланың қажетті деңгейде білім алуы;
- белгілі бір адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- болашақ еңбек және кәсіби іс-әрекетке даярлау;
-болашақ отбасылық рөлдерді атқаруға даярлау.
Бұл мақсаттар баланы ересек өмірге даярлау қажеттілігі ғана емес, сонымен бірге әрбір отбасының тәрбиелік мүмкіндіктеріне де сәйкес келеді.
Ата-аналардың мақсатты анықтаудағы қателіктерінің бірі балаға қәсіпті таңдауға бағыт беруінде болып отыр. Себебі, олардың береген бағыттары баланың қабілеттері мен мүмкіндуктеріне, икемділіктері мен қызығушылықтарына сәйкес келе бермейді. Оған ата-аналардыңң өз баласының қабілеті мен икемділігін ерте жастан байқап, дамытпауы, мектепте дұрыс білім алуын қадағаламауы, отбасының материалдық мүмкіндіктері , қоғамның, ауылшаруашылығының кадрларға деген сұранысы сияқты әртүрлі себептер әсер етеді.
Қазіргі кезде баланың мінез-құлық, жүріс-тұрыс мәдениетіне де қажетті дәрежеде көніл бөлінбей отыр. Жүріс-тұрыс мәдениеті-бұл адамдардың басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау мәдениетін,сыртқы келбет мәдениетін, қажеттіліктерді қанағаттандыру және т.б мәдениеттерді қамтитын жан-жақты әрі өте бай сала. Бала бойында жүріс-тұрыс, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері зор. Алайда бұл өз дәрежесінде жүзеге асып жатпайды. Себебі, оны баласының бойында қалыптастыратында ата-аналардыңөздері бұл мәдениетті игермеген.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тағы бір айта кететін жағдай ата-аналардың өз балаларын отбасылық өмірге даярлау мәселесі. Қазіргі кезде бұл өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі қазіргі жастардың көбі отбасылық өмірге дайын емес. Сондықтан ата-аналардың басты міндеттерінің бірі кіші жастан бастап отбасылық қарым-қатынастың мәні мен маңызы, әке мен ананың бала алдындағы жауапкершілігі, олардың отбасындағы рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруында болып отыр. отбасы тәрбиесінің бұл жағы әлі күнге дейін күрделі мәселе ретінде қалып отыр.
Қоғамдық сұранастарға сай, қазіргі кезде кейбір ата-аналар балаларын музыкаға, спортқа, шеттілдеріне, математика мен физикаға беріп, оларға жан-жақты тәрбие беруге тырысады. Бұл әрине қуантарлық жай. Балалардың қосымша білім алуы олардың ақыл ойы мен дүниетанымын кеңейтіп, болашағына қажетті юіліммен сусындауына мүмкіндек береді. Дегенмен, кейде бұл шектен шағып, баланың шамадан тыс еңбектенуің арқасында дене және психикалық денсаулығына жағымсыз әсер етіп те жатады. Яғниата-аналардың алға қойған мақсаттарына қарама-қарсы нәтижеге де алып келуі мүмкін.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе ата-аналардың отбасылық тәрбиені жүзеге асыруға қажетті педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет