Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет23/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

3. Трасталық операциялар
Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы активтерінің көбеюімен коммерциялық банктер сенім (трасталық, ағылшынша trast - сенім) операцияларын ұлғайта түседі. Банктердің бұл қызмет көрсету түрлері сенім хаттар бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады. Траст – сенім білдірген тұлғалар құқығына клиенттердің тапсыруы бойынша әрекет ететін және негізінен меншікті басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін көрсетуді орындайтын коммерциялық банктердің бөлімдері. Банктер және тұлғалар, кәсіпорындар мен фирмалар, қайырымдылық компаниялары (қорлар) мен өзге де мекемелер үшін сенім операцияларын орындайды. Сенім операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлікті басқару; сенім хат бойынша қорғаншылыққа байланысты операцияларды орындау; агенттік қызметтері.
Жеке тұлғалардың келісімдері бойынша мұрагерлікке иелік ету трастты банктің траст бөлімі атқарушыларының бірсыпыра міндеттерін орындауын болжайды. Олардың негізгілері жазбаша аманатқа сәйкес немесе соттың өкімі бойынша мұраға қалдырушының активтерін жинап және оны қауіпсіздендіруден, әкімшілік шығындарды, берешектерді, салықтарды төлеуден, мұрагерлік арасында мүлікті бөлуден және отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетулерден тұрады.
Траст бөлімдері кәмелетке толмаған, заңды әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың қорғаншылық (опекунских) қызметтерін орындау тәртібінде жекелеген тұлғалардың сенім хаттары бойынша мүлік басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асырады. Сенім негізінде меншікті басқарумен байланысты операциялар сенім хат бойынша неғұрлым кең таралған операциялар болып саналады. Олар сенім білдіруші мен сенім білдірген тұлғалар арасындағы келісімдер нәтижесінде туындайды және одан әрі оған иелік ететін, басқаратын сенген тұлғаға сенім білдірушінің мүдделері үшін мүлікті өткізіп берумен байланысты болады. Осыған орай банк келісім шарттарына сәйкес негізгі сома мен кірістерді басқара алады, инвестициялайды және мүлікті сақтай алады.
Агенттік қызмет көрсетулер агент қызметін қабылдай отырып, коммерциялық банктер бөлімдерінің трастын (сенімін) орындайды. Егер операциялар меншікпен байланысты болатын болса, онда меншік құқығы сақталады. Активтерді сақтау және оған иелік ету, меншікті басқару, заң қызметін көрсету және өзге де агенттік операцияларды орындау негізгі қызмет көрсетулер болып саналады.
Кәсіпорындар мен фирмалар әдетте, олар үшін алуан түрлі қызмет түрлерін орындайтын өз коммерциялық банктерінің траст бөлімдерінің қызметіне жүгінеді. Сенім операциялары өзіне сенім білдірген тұлғаға мүлікке иелік ету құқығын өткізіп берумен, қызметкерлерді займмен қамтамасыз етумен қоса қабаттасып жүретін облигациялық займмен қызмет көрсетуді енгізеді. Акционерлік компаниялар, оларға акциялар мен облигациялар бойынша меншік құқығына сенім білдіру, зейнетақы қорларын басқару, биржада шығарылатын акцияларды тіркеуді банкке тапсыру арқылы банк қызметтеріне жүгінеді. Фирмалар үшін банк: компаниялардың акционерлеріне дивидендтерді төлеу мерзімінің келуі бойынша купондар төлеу мен облигацияларды өтеу сияқты төлем қызметтерін жүзеге асырады. Траст бөлімдері депозитарий қызметін, яғни сол бойынша акционерлер дауыс беру құқығын өкілдерге беру арқылы (дауыс беруші траст деп аталады) акцияларды сақтау қызметін орындайды. Банк компаниялардың қайта құрылуы, таратылуы немесе банкроттығы жағдайында олардың ісін уақытша басқаруы мүмкін.
Коммерциялық банктер сенім операциялары бойынша делдалдық (комиссиялық) сыйақылар алады. Агенттік қызмет көрсеткені үшін делдалдық (комиссиялық) төлемдер көпшілік жағдайда шарттық бастаулар негізінде айқындалады. Өйткені жұмыс көлемі операциялардың түрлері бойынша әртүрлі. Делдалдық (комиссиялық) сыйақылар траст кірістерінің жыл сайынғы аударымдарынан, негізгі сомалардың жылсайынғы жарналарынан және бірқатар жағдайларда траст туралы келісім мерзімінің қолданылуы аяқталғандағы негізгі сомалардан тұрады. Сенім операцияларының көлемі осы операциялармен байланысты шығындарды ақтайтындай және банктің пайда табуын қамтамасыз ететін болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет