Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет34/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Бақылау сұрақтары

  1. Өтімділікті басқарудың мәні мен қажеттілігі

  2. Өтімділікті басқару және оның әдістері

  3. Ішкі бақылау қандай қызмет атқарады?

  4. Банк қызметкерлерін басқару дегеніміз не

  5. Банк қызметкерлерін бағалау технологиясына не жатады?



Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6


Тақырып 13. Банктік менеджмент
Мақсаты: Банктік менеджменттің негізгі бағыттарын қарастыру
Жоспар:
1. Банктік менеджмент түсінігі
2. Банктік менеджменттің ерекшеліктері
3. Банктік менеджменттің негізгі бағыттары

1. Банктік менеджмент түсінігі


Банктік менеджмент – бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.


Менеджмент – ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.
Банктік менеджмент – клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.
Басқару қатынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы басқару процесіндегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзарабайланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау – маңызды басқару қызметінің бірі болып саналады.
Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері бөліп көрсетіледі.
Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.
Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатындықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты – неғұрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.
Пайда алуға ұмтылу – менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Қазіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту – кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады.
Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:

  • нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау;

  • мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;

  • өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешенділігі;

  • үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;

  • жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;

  • бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсенділікті материалдық және моралдық ынталандыру;

  • мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу;

  • әрбір қызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, қызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты оқуға деген қызығушылығы;

  • ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;

  • қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі.

Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.
Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міндеттері банктерге де тән болып саналады.
Банктік менеджментті тұтастай түрдегі «менеджмент» түсінігінен жеке тұрғыда зерттеуге болмайды. «Менеджмент» - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл – адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.
«Банктік менеджмент» - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді.
Адам – басты тұлға.
Машықтанған – жетекші немесе жетекші – кәсіби шебердің дұрыс екендігін түсіну маңызды болып табылады.
Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.
Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.

2. Банктік менеджменттің ерекшеліктері


Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.


Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзаратиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.
Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:

  • ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

  • несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен банк сенімділігінің кепілі ретінде банк балансының өтімдігін қамтамасыз ету;

  • іскерлік байланыстардың ұзақтығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылымына және сапасына деген клиенттердің қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру;

  • аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі;

  • олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың және орналастырудың тиімді жүйесін жасау.

Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарға сәйкес бірсыпыра сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.
Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары (есептері), депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтердің көлемі - міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топты банктің кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін (рентабельділігін) басқару соның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларды жасауға жұмсалатын еңбек шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштерін қамтиды. Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфиденциалдығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етудегі банктің қабілетін жатқызуға болады.
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды.
Банктік менеджменттің тағы бір ерекшелігі, салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен байланысты.
Макро- және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарлықтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының аса кеңдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың күрделі әрекеттерінен туындайды. Сондықтан да банкте неғұрлым жауапты шешімдерді ұжым болып қабылдау қағидасы қолданылады, несие берушілерді болуы мүмкін тәукелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы арасындағы несие операцияларын жасау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.
Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан үйрену көзделеді:

Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы атқарылады. Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қызмет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жауап береді.


Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді (әлемдік тәжірибеде – коммерциялық банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді).
Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет, банктің ішінде және сыртында болып жатқандардың бүкілін (экономиканы, нарықты, заңдарды және т.б.) білуі тиіс.
Дамыған елдердің (АҚШ; Англия, Франция, Жапония) коммерциялық банктеріндегі ұжым менеджмент ретінде былайша топтастырылады:

Атап көрсетілген топтарға мыналар жатады:


Банк стратегиясын айқындайтын, басты идеяларды туғызатын Директорлар Кеңесі, банк Президенті және вице-президенттер.
Банктегі бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі жұмыстарды орындайтын несие комитеті, депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит, бөлім бастықтары деңгейіндегі талдау бөлімі, бас мамандар.
Заңгер, психолог, социолог, бағдарламашы, математик, физик, геолог және ғылыми орталықтар банктің позициясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді.
Инспекторлар, бөлімдердің қызметкерлері, бухгелтерлер, кассирлер, техниктер, инкассаторлар және т.б. орындалатын жұмыстың барлық түрлерін тексереді және құжаттық түрде жүзеге асырады.
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары

Банктік менеджмент екі келіс (көзқарас) арқылы анықталатын екі бағыт тұрғысынан қаралады:




Процесс кезінде болашақтағы іс-әрекетті айқындайтын банк саясаты жоспарлау банктік басқарудың неғұрлым жауапты бөлігі болып саналады.


Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалыптастыру, соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыру шараларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат – банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.
Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан негізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйымдық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді.
Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасаумен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.
Соған сәйкес саясат қалыптастыру кезіндегі банктік менеджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі болып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді: аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) қанағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті операцияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.
Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жерлеріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықтап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.
Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадрлардың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкіндіктерін зерделейді.
Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге белгіленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде біртұтас (двуединая) екі міндетті: баланстың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұмысын қамтамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл міндеттер қалыптасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әртүрлі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әртүрлі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мерзімдеріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәрежелеріне қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.
Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей міндеттер шешілетін менеджменттің дербес бағытын білдіреді:

  • міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бөліктен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржылардың болуына жол бермеу;

  • банктің клиенттер алдындағы тиісті міндеттемелерін орындауы және активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;

  • банктің «арзан» ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.

Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтімдігі мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті капиталын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдауды болжайды. Банк шығарған акциялар бойынша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капиталды басқарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қосымша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акциялардың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсуіне әкеледі.
Банк жұмысының тиімділігін (рентабельіділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвестициялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шығындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шығынды операцияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін тигізетін алыпсатарлық операциялардың себептерін талдауға айрықша назар аударылады.
Банк қызметіндегі тәуекелдерді басқару тәуекел – менеджмент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау кезінде қатысады: несиені қайтару және ол үшін пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтімдік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сондықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шешілетін басты міндеттер мыналардан тұрады: а) тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шығынның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шығындардың пайда болуының өткен барлық жағдайларын, аталмыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықтималдылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу немесе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады.
Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжірибесінде менеджменттің екі үлгісі бар:

  • жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәтижелерге жетуіндегі ұжымның рөлін тануға негізделеді;

  • американдық үлгі – ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рөл атқаратын тұлғаға бағдарланады.

Шешімдер қабылдау, бақылау жауапкершілігі мен ұйымдастыру, қол астындағылармен жетекшінің қарым-қатынасы, еңбекақы төлеу жүйесі, басқару сапасын бағалау, менеджерлер даярлау және т.б.с. сияқты басқарудың бүкіл жүйесі осы екі идеяға негізделіп құрылады.
Ұжымды басқарудың басты міндеттері оның әрбір мүшесінің өз әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру, адамдардың бойында энтузиазм мен қандай да бір істі орындауға деген ынта ықыласын туғызу үшін жағдай жасаудағы менеджердің қабілетінен тұрады.
Ұжым еңбегін ұйымдастырудағы менеджердің шеберлігі мен біліктілігі, оның ұжым мүшелері арасында міндеттерді айқын етіп бөле білуі, нақты міндеттер қоя білуі, тиісті міндеттерді орындауға белгіленген уақытты қарай отырып, оларды белгілі бір көрсеткіштермен (сандық және сапалық) білдіре алу, ақпараттық база мен техникалық құралдарды қамтамасыз ету, оларды жедел және маңыздылықтарына қарай жіктей отырып, тапсырмаларды орындаудың кезегін айқындау қабілетіне негізделеді.
Коммерциялық банкті басқару көрсетілген екі бағыт бойынша бүкіл талаптардың орындалуын талап етеді. Банк операциялары күрделі және принципті. Банк қызметін басқару сапасы (1) қызметкерлерді басқару деңгейіне қатысты (2) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет