Есепті талдау үлгісі:
1. Есеп не жайында?
2. Есепте не белгілі? (бұнда есептің шарты талданады)
3. Есепте не білгісіз? Нені табуымыз қажет? (бұдан есептің сұрағы шығады)
4. Алдымен нені табуға болады? (жауап бермесе, жетекші сұрақтар қояямын).
5. Оны қандай амалмен табамыз? Неге?
6. Енді сұраққа жауап бердік пе?
7. Онда нені тауып алуға болады? (жауап бермесе, жетекші сұрақтар қояямын).
8. Есеп неше амалмен шешілді?
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: құрама есептер, геометриялық мазмұнды есептер; шығармашылық әрекетпен байланысты тапсырмалар, есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық және практикалық тәсілмен шешу.
«Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық және практикалық тәсілмен шешу.
№ 13 дәріс. «Математикалық модельдеу (есептерді модельдеу)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Есеп шығаруда қолданылатын модель түрлері.
2. Есеп шығаруда қолданылатын көрнекіліктер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Есепті графиктің, сызбаның, схеманың көмегімен иллюстрациялауға болады. «Жаңа буын оқулығы бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінде» есепті иллюстрациялаудың түрлеріне талдау жасалған:
1. График түрінде иллюстрациялау.
Графиктер – бұл «кесінді» түріндегі иллюстрация, сондықтан шамалар ұзындық бірліктерімен немесе шамалар арасындағы қатынастар берілген есептерді графикпен иллюстрациялаған жеңіл.
Мысалы: «Бір бумада 15 м мата болды. Алдымен 5 м, содан соң 4 м сатылды. Бумада неше метр мата қалды?
Графиктік модель жағдаяттарды нақты түсінуге, деректер мен ізделінді арасындағы байланыстың құрылымын анық көрсетуге ықпал етеді, яғни есептің шешу жолын жорамалдайды, әр түрлі тәсілмен есептің шешуін өрнек арқылы жазуға оқушыларды үйретеді.
І. 15-5-4=6 (м) ІІ. 15-(5+4)=6 (м)
Тағы бір мысал: «Бір мектептен жарысқа 18 бала, ал екінші мектептен 2 есе артық бала қатысты. Барлығы неше бала жарысқа қатысты?»
І. 18+18 · 2=54 (б)
ІІ. 18 · 3=54 (б)
Мұндағы есепті шығарудың екінші тәсілі графиктік және әлдеқайда тиімді болып табылады.
2.Сызба түрінде иллюстрациялау.
Қозғалысқа берліген есепті сызба түрінде иллюстрациялау өте қолайлы, оның үстіне сызба қозғалмалы болуы мүмкін, оны өз кезегінде өзара кері есептерді құрастыру мен шығаруда қолдануға жақсы.
3.Схема түрінде иллюстрациялау.
Схема – граф тәрізді сурет түріндегі модель. Мұндай сурет әлдеқайда қарапайым және есепті шығару барысында қажет болатын амалдың мәнін нақты бейнелейді, жағдаяттың сандық қатынасын, амал таңдауға мүмкіндік беретін деректер мен ізделінді арасындағы байланысты анық түрде көрсетеді.
Мысалы, жоғарыда келтірілген есептердің схемасы мынадай:
Сурет – Есептер схемасы
Схеманың көмегімен модельдеудің осы тәсіліне үйрету 1-сыныпта жай есептерді шешуге үйрету кезеңінде басталады.
Есеп мазмұны бойынша схема, график түрінде иллюстрациялау, есепті қысқаша жазу, заттық иллюстрация жасау оқушыға есептің сұрағына жауап беруіне көмектеседі.
Тең бөліктерге бөлу.
«Оқушылардың екі тобы әрқайсысы бірдей 8 жүйектің арам шөбін отады. Әр топ оқушылары қанша жүйектен отаған?»
Е септе не белгілі?
Оқушылар 8 жүйектің шөбін отады.
Оқушылардың неше тобы отады?
- 2 тобы
3.Санды бірнеше бірлікке кеміту.
«Аққу 88 км, ал көгершін одан 26 км кем ұшты. Көгершін неше километр ұшты?»
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Есеп шығаруда қолланылатын көрнекіліктер мен модельдерді атаңыз.
2. Есептің түріне байланысты модель түрлерін атаңыз.
3. Модельдің қажеттілігін санамалап беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |