Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет22/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Педагогикалық тестілеу - мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық процесті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер жай және лайықты құрастырылып, компьютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.
Соңғы кездері психологиялық тестер педагогикалық зерттеулерде және практикасында көп қолданылып келеді. Оны қолдану барысында такті сақтап, алынған нәтижені талқыға салмай, конфиденциальность сақтау керек. Бірақ арнаулы психологиялық тестер ММРІ, Вакслер, түстік дақтар Роршаха атты түрлерін алдын ала психологтармен кеңеспейінше қодануға болмайды. Себебі ұзақ еңбекті, көп уақытты, алынған нәтижені өңдеу үшін білім мен біліктілікті талап етеді. Тестер төмендегі түрлерге бөлінеді:

  1. Жетістікке жету тестері

    1. Даму тестері

4.0. Парасат тестері
4.0. Жалпы нәтижелілік тестер.
4.0. Мектепке дейінгі балалардың үлгірім тестері.
4.0. Кәсіби жарамдылық пен функциональдық мүмкіндікті анықтайтын арнайы тестер.
4. Психометриялық жеке тұлғалық тестер.
4.0. Жеке тұлғалық құрылымдық тестер.
4.0. Қызығушылыққа және мақсатқа арналған тестер.
4.0. Клиникалық тестер.
Педагогикады ең бастысы балабақша үлгерім, мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты иексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік тестер қолданылады. Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын ала болжайтын тестер деп ажыратуға болады /тестке қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауаптытаңдауы керек/. Төрт немесе бес ұсынылған нұсқадан шешімді таңдау ең икемді және жиі қолданылатын тест түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау тестері едәуір кеңінен таралған.Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін/қабылдау мен ұсынуда/ алға шарттарға негізделген.Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет