Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет2/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Курстың мақсаты: Студенттерді зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығын қалыптастыру. Педагогикалық зерттеу жұмыстарының әдістерін, орындалу жолдарын, заңдылықтарын меңгерту.
Курстың міндеттері:

  • психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі өзекті мәселелерді анықтай білу;

  • көкейтесті мәселенің қайшылығын айқындап, тақырыпты таңдай білуге;

  • зертеу әдістерін теориялық тұрғыда және тәжірибеде қолдана білуге;

  • әдебиеттерге шолу жасай білуге;

  • аннотация жаза білуге;

  • мәтінді конспектілей білуге;

  • курстық жұмыстың әдістемесін меңгерту;

  • диплом жұмысын орындау әдістемесін үйрету.

- студенттердің талдау, интерпретациялық, коммуникативтік, жобалау біліктіліктерін және рефлексивтік қабілетін дамыту.


Педагогтың әдіснамалық мәдениеті
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. Зерттеуші мен педагогтың іс-әрекеттерін салыстыра келсек, педагогикалық әрекет зерттеу әрекетіне қарағанда өзіндік еркешелігі бар. Педагог – тәрбиелеу және оқытумен айналысса, зерттеуші – оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін анықтайды.
Педагогтың объектісі – педагогикалық процесс пен бала.Ғылыми педагогикалық зерттеудің объектісі – педагогикалық құбылыстар мен фактілер. Әдістер мен тәсілдерін салыстырса, педагог – оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін білсе, зерттеуші – құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін білуі қажет.
Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынанадай:

  • нақты кеңістік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбие процесінің мақсат және міндеттерін түсіну;

  • берілген тапсырманы орындауға баланың дайындық деңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;

  • педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғады шешу және түйіндеу;

  • алынған нәтиже негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;

  • психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әректін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен ,педагог зерттеушілік қызметті меңгере отырып, педагог-тәрбиеші, педагог-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштер беретіні сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет