Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет20/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Әдіс ұғымына анықтамаcына талдау жасау.
2. Педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық зерттеу әдістемесіне салыстырмалы талдау жасау
3.Теориялық зерттеу әдістеріне сыни сипаттамалық талдау жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Введение в научное исследование по педагогике. М.., 1988.
2. Таубаева Ш. Методология и мтодика дидактического исследования. Учебное пособие.Алматы, «Қазақ университеті», 2015. Стр.163-164.
3. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. Алматы.., 2013.23-32 бет.


7 - ДӘРІС. Эмпирикалық зерттеу әдістері

Жоспар
1.Педагогикалық бақылау


2.Әңгімелесу
3.Тестілеу


Эмпирикалық әдіс: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, интервью, іс-құжаттарды талдау, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау.
Педагогикалық бақылау - педагогикалық процесті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың басында зерттеуші қандай мақсатта, қандай ұзақ бақылау, қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Бақылау алдын ала құрастырылған нақты жоспар болғанда ғана тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, фактілерді объективті таңдауда, нәтижені тіркеу, себеп-тіркеу байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу, күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға түсіру жүргізіледі.
Зерттеу объектісін бақылау – тікелей және жанама, ашық және жабық, ал уақыт белгісіне қарай үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық түрлері бар.
Тікелей бақылап-зерттеу, мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысыныің тікелей басшысы. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның роліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.
Жанама бақылап-зерттеу – тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын өкілдер арқылы жүзеге асады. Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші қзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Практикакда бақылаудың араласа бақылау түрі тиімділігін көрсетіп келеді. Аралас бақылау зерттеушң зерттеулушілердің әрекетіне және өміріне өзі белсене араласады.зерттеушінің бұлай араласуы бақылаудың табиғи түрде жүруіне әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда жабық түрде бақылау көбірек қолданылып келеді. Жабық түрде бақылау арнаулы белгіленген сыныпта жасырын камера арқылы бақыланады. Бұл түрі де зерттелетін мәселені табиғи түрде бақылауға мүмкіндңк беріліп, зерттеушіден такт сақтауды талап етіледі. Кей жағдайда өзін-өзі бақылау қолданылады. Бақылау жүргізуге қолданылатын талаптар: мақсатқа бағытталған, жүйелілік, ұзақтық, әртұлілік, объективтік, жаппай, такті сақтау. Бақылау әдісінің құндылығы табиғи жағдайда зерттелетін құбылыс пен процесті зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ бақылау ұзақ уақытты талар еттіндіктен, зерттелетін құбылыс барлық уақытта лайықты бола бермейді, бір зерттеушілер көп объекті санын қамти алмайды, фактілерді тіркеу, түсіндіруде субъективтік келу жолдары болып, тек сыртқы жағынан көрінеді.
Сонымен, бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау ғылыми болу үшін төмендегі талаптар сақталуы қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет