Дәріс сабақтарының жоспары мен мазмұны Қазақстанның жаңа заман тарихы Дәріс №1 Кіріспе



бет25/28
Дата02.01.2022
өлшемі284.5 Kb.
#452283
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Қазақстанның жаңа заман тарихы лекция

Балуанқазақ елі батыр мен балуанды айырықша құрметтеп, оларды басқа адамдары жоғары қойған. Әр ел, жұрт өз балуандарымен мақтанған. Айтта, тойда елдің сыйлы адамдары өз балуандарымен барған.

Сал Сері – Бұл сөздер айтыла қалса, ел есіне Ақан сері, Біржан сал түседі. Себебі олар- елдің өнері мен мәдениетінің көркі әрі көшбасшысы. Сал-серілер халық мақтанышы мен сүйеніші, елдің еркесі, той бастар серкесі, ойын-сауығының ажары, ғажайып өнерінің базары. Серілер сұлу сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран, епті тазы ұстанған тазалық пен пәктіктің көрінісі болса, сал-дүниенің бетіне қарамай шашып-төгіп жүретін, мәрт те жомарт, мінез-құлқы да ерекше адамдар болған. Сал да , сері де сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар. Әсіресе, серілер өзі күйші, өзі әнші, өзі ақын, өзі әнші, өзі ақын, өзі компазитор, өзі шебер, өзі мерген, өзі балуан, өзі шешен, өзі батыр, өзі ер, шабандоз бір сөзбен айтқанда, сирек жаратылыс, сирек бітімді біртуар азаматтар.

Ақын – қазақ табиғатында ақын халық. Ел ішінен шыққан ақындардың көп болуы осыдан-ақ болар. Ақындар шаруаға икемсіз болса да, өнер мұнарасын алтыннан соққан даланың дара дарындары екні қай кезде де жоғары бағаланған. Халық оларды төбесіне шығарып, төрге отырғызып, ханнан бетер сыйлаған. Олардың әр сөзін жерде қалдырмай жаттап алып, жалпақ елге таратып, насихаттап отырған.

Жырау – ақындар мен шешендердің өлең-жырларын жаттап алып, оның шып-шырғасын шығармай жырлап, кейінгіге өнегелі сөздерді өлтірмей сақтайтын, қажет кезінде өзі де толғап, жырлап айта алатын, бірегей өнер шебері. Ол-әнші, домбырашы, қобызшы. Қазақ халқының жүздеген, мыңдаған жырлардағы хисса, дастандарын, батырлар жырларын, толғауларды кейінгі ұрпақтарға жеткізген де осы жыраулар тобы болды. Халық мұндай адамдарға жырау деп ат берген.

Шешен – қызыл тілдің шебер ұстасы, зергері сөз өнерінің жүйрігі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін шешендердің өзі де, сөзі де тым жоғары тұрады. Билер мен қазылар әдетте осы шешендік өнерпді жетік меңгерген шашендерден сайланған және бұл олардың тегіне, әлеуметтік жайы мен тұрмысына, бай ма, кедей ме, оған қарамаған.

Шежіреші – қазақ қауымында айтып, жазып, кейінгіге жеткізуші құймақұлақ, халық тұрмысы мен салт-дәстүрін жетік білетін білімді кісілер қатарына жатады. Ол жастарға ел тарихын, жеті атаны, ағайын, туыс, ілік, жекжатадамдарды біліп, оның жөн-жосығын түсіндіріп, хатқа жазып лтыратын сұңғыла шешен, айтқыр да тапқыр, зерделі адам.

Мүфти – Ислам қоғамының мемлекеттік дәрежедегі ең жоғары лауазымы дін басы. Ол мұсылман мемлекеттерінде дін қағидалары мен міндеттерінің орындарын басқарады және қадағалайды. Мешіттер мен медреселерде ислам жөн-жосықтары мен оқуының барысына бақылау жасайды. Дін орындарына имамдар мен қазыларды тағайындайды және өзгертеді.

Мүфти лауазымына білімді, парасатты, адамгершілігі зор, әділ адамдар сайланады.



Қазы – мұсылманның діни қағидаларының орындалуын жергілікті жерде бақылайтын және оны жүзеге асыратын, құқық жолдары мен тәртібін, ұлтсалт дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, тарихы мен тұрмысын жақсы білетін, арнайы дін оқу орнын бітірген, тәжірибесі мол, дін соты қызметін және билік айтушы әрі төреші міндетін атқару қазыға жүктелген. Қазы ешкімге тәуелді емес. Ол қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын, өз міндеті мен дін ісіне шын берілген тақуа адам болуға тиіс.

Ишан – медреселерде арнайы білім алған ислам дінінің білімпазы. Ол – ел ішінде исламның таза жолын нассихаттайтын әрі оқытып-үйрететін, әрі емшілік жасай білетін және сондай қызметі үшін ел арасында зор беделге ие болған дін қайраткері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет