Дәріс сабақтарының жоспары мен мазмұны Қазақстанның жаңа заман тарихы Дәріс №1 Кіріспе


Шәкірт – медреселер мен ауыл мектептерінде оқыған жастарлы «шәкірт» деп атаған. Жұлдызшы есепші – х



бет26/28
Дата02.01.2022
өлшемі284.5 Kb.
#452283
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Қазақстанның жаңа заман тарихы лекция

Шәкірт – медреселер мен ауыл мектептерінде оқыған жастарлы «шәкірт» деп атаған.

Жұлдызшы есепші – халық арасында аспан әлемі мен жердегі болатын табиғат құбылыстарын ерте болжай білетін талантты адамдар болған. Олар бұлтқа, жан-жануарлар мен жәндіктердің іс-әрекеттеріне, мінезіне қарап күнделікті ауа райын немесе келер қыс пен жаздың қалай болатынын бұрын біліп, халыққа айтып отырған. Бұл болжамжардың көпшілігі айна-қатесіз келіп отырған. Мұндай адамдарды «жұлдызшы» немесе «есепші» деп атаған.

Көріпкел – адам өмірі мен келешегін, ел ішінде болғалы тұрған жақсылық пен жамандықты, әртүрлі апатты жайларды күні бұрын білетін сирек талатты адамдарды халық «көріпкел» деп бағалап, сенім білдірген. Олардың қасиетті есімдері әлі ұмытылған жоқ. Қойлыбай бақсы – баянауылдық, Мәшһүр Жүсіп, Қималық Шерхан – осындай көріпкел кісілер болған.

Бақсы – тылсым күш иесі. Олар небір ғажайып көріністерді көз алдына әкеліп көрсететін, жынмен, аруақпен сөйлесетін ғажайыптар әлемінің құдыретін игерген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет