Қуаты, ПӘК-і. Сипаттамалары, берісті реттеу Поршенді сорғының ішкі (инкдикаторлық) қуатын табу үшін 5.1, а-суретіндегі индикаторлық диаграмманы пайдаланамыз. Диаграммада атмосфералық қысымның Ра сызығын жүргізсек, сорғының сору 4-1 және беру 2-3 құбылыстарының артық қысымдары Р1 және Р2 болады. Поршеннің сору барысындағы жұмысы,беру барысындағы жұмысы, ал толық жұмысы тең болады. Мұндағы индикаторлық диаграммадағы Р1, Р2 қысымдарының қосындысы (Рi = Р1+Р2) “индикаторлық қысым” деп аталады.
.
Қозғалтқыштан сорғы білігіне берілетін қуат ішкі қуаттан механикалық үйкелістердің шамасына артық болады, ол механикалық ПӘК-імен ескеріледі.Олай болса, сорғы білігіндегі қуат
.
Поршенді сорғының негізгі сипаттамасы болып оның тегеуріні (қысым) мен берісінің тәуелділігі табылады. (5.12) өрнегі бойынша берілген геометриялық өлшемдердегі сорғының берісі оның қысымынан тәуелсіз, демек, әрбір айналу жиілігі үшін беріс кез келген тегеурінде тұрақты. Сондықтан P(H)=f(Q) тәуелділігінің теориялық сызбасы n=n1,n2. Мәндеріндегі вертикальдар болып көрсетіледі (5.2-сурет). Ал, іс жүзінде жоғарғы қысымдарда беріс шығындық ағындардың артуы себепті біршама азаяды (штрих-пунктир сызық).
Бақылау сұрақтары 1.Сорғыштардың толық жіктелуін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аймағы қандай? Қалақшалы және көлемді сораптардың жұмыс істеу принципінің мәні неде?
2.Сорғыштың негізгі параметрлерін атаңыз? Олардың қысқаша сипаттамасы?
3.Сорғыш тегеурінін қалай анықтауға болады?
4.Сорғыштың пайдалы және толық қуатын қалай анықтауға болады?
5.Сорғыштың толық пайдалы әсер коэффиценті дегеніміз не?
6.Сорғыштардың бірігіп жұмыс істеуі қандай мақсатта қолданылады? Тиімді жұмыс істеу шарттарын көрсетіңіз: параллелді қосылғанда және тізбектей қосылғанда.
7.Сорғыштардың бірігіп жұмыс жасағандағы жұмысшы нүктесін қалай анықтауға болады? Сәйкес график тұрғызыңыз. Жұмыс істеу принципі бойынша әртүрлі сорғыштардың бірігіп жұмыс істеуі мүмкін бе?
8.Қалақшалы сорғыштардың жұмысы кезіндегі кавитация құбылысының физикалық мәні неде?
9.Кавитация құбылысының алдын-алу шартында сорапты орнату биіктігін қалай анықтайды? Руднев формуласын жазыңыз.
10.Ортадан тепкіш сорғыштың сору биіктігіне сұйықтың температурасы қалай әсер етеді?