Дәріс сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар дегеніміз


Ортадан тепкіш сорғылар мен желдеткіштер



бет15/19
Дата04.12.2022
өлшемі0.51 Mb.
#466428
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Д ріс с йы ты тарды жылжыту. Сор ыларды р т рлі т рлері ж не о

Ортадан тепкіш сорғылар мен желдеткіштер
Жұмыстық дөңгелектің құрылымы сорғының жүрдектілік коэффициентіне (nS) байланысты өзгереді. Жүрдектілік коэффициентінің мәніне байланысты қалақтық сорғылардың жұмыстық дөңгелектері шартты бес түрге бөлінеді (3.1-сурет). Жүрдектілік коэффициенті артқан сайын жұмыстық дөңгелек қалағының шығардағы ені артып, диаметрі кішірейе түседі – демек, жұмыстық дөңгелек біртіндеп радиал түрден остік түрге ауысады.
Жүрдектілік коэффициентінің формуласынан беріс пен тегеуріннің берілген мәндерінде дөңгелектің айналу жиілігі артқан сайын оның жүрдектілігі де артатыны көрініп тұр. Бұл жағдайда сорғының үлкен айналу жиілігі оның өлшемдері мен салмағын азайтып ПӘК-ін арттыруға мүмкіндік береді, сондықтан жоғары жүрдектілікті жұмыстық дөңгелектерді қолдану экономикалық тиімді.
Егер айналу жиілігі тұрақты болса, nS мәні беріс артып, тегеурін аз болған жағдайда үлкен болады. Сондықтан жүрдектілік коэффициенті жоғары жұмыстық дөңгелектер аз тегеурінді және көп берісті болады (3,4,5-түрдегі), ал 1,2 – түрдегі дөңгелектер аз берісті және үлкен тегеурінді болады.
(2.37) формуласындағы жүрдектілік коэффициенті тек бір ғана жұмыстық дөңгелектің жүрдектілігін анықтайды. Сондықтан көп ағынды, көп сатылы сорғы үшін nS мәні мына формуламен анықталады

мұндағы Q мен Н – толық беріс пен тегеурін;
Z – ағындар саны;
i – сорғыдағы сатылар саны.
Егер жұмыстық дөңгелекке сұйық екі жағынан берілсе, беріс теңдей екі бөлікке бөлінеді де жүрдектілік коэффициенті 2 есе азайып, дөңгелек жүрдектілігі де кемиді.
Жылуэнергетикасындағы сорғылар
Ортадан тепкіш сорғылардың сипаттамаларының пішіні олардың жүрдектілік коэффициентінің (nS) мәнімен анықталады. 3.1-суретінде көрсетілген 1-4 түрлердегі ортадан тепкіш сорғылар жұмыстық дөңгелектерінің nS мәні 40 дан 600-ге дейін өзгереді де ол сорғылардың сипаттамалары әр түрлі болады (3.3-сурет).
Ақырын жүрісті сорғының ерекшелігі болып оның тегеурінінің максимумы және беріс артқанда қуатының тез өсуі болып табылады (I түр).
Орта және тез жүрісті сорғылардың тегеуріні беріс артқан сайын бір қалыпты төмендейді, ал қуаты да бір қалыпты өседі (II,III түрлер).
Диагональ сорғының ерекшелігі болып беріс артқанда қуатының азаюы табылады (IV түр.).
Сорғылардың белгіленуі мен таңбалануы мемлекеттік стандарт (МЕСТ, орыс тілінде – ГОСТ) бойынша анықталады. Сорғының белгісі үш әріптен тұрады: Ц – ортадан тепкіш (центробежный); Н – сорғы (насос); С – секциялық және екі саннан: біріншісі – сорғының берісін (м3/сағ), екіншісі – тегеурінін (м) көрсетеді. Екі жағынан сұйық кіретін сорғылар Д әрпімен (двухстороний), бір жағынан бекітілетін бір сатылы сорғылар К әрпімен (консольный) белгіленеді. Басқаша белгіленетін әр түрлі арнайы сорғылардың көп түрі бар.
Жылу электр станцияларында пайдаланатын сорғылар төмендегі негізгі топтарға бөлінеді:
а) бу қазанына су беруге арналған жоғары қысымды қоректік сорғылар;
ә) қоректі сорғылардың алдында қысым жасауға арналған бустерлік (алдына қосылған) сорғылар;
б) конденсаттық сорғылар;
в) салқындатқыш суды конденсаторларға беруге арналған айналымдық сорғылар;
г) ыстық суды жылужүйесіне беруге арналған желілік сорғылар;
д) басқа сорғылар – дренаждық, турбиналардың майлау және реттеу жүйесіндегі май сорғылары, жылу жүйесіндегі қосымша қоректік сорғылар т.б.
Қоректік сорғылар электр жетекті болса ПЭ болып белгіленіп, сонан соң берісі (м3/сағ.) мен қысымы (кгс/см3) көрсетіледі, мысалы ПЭ-150-145; ПЭ-250-180; ПЭ-900-185; ал егер бу жетекті болса ПТН болып белгіленіп қосымша жетек турбинасының алдындағы бу қысымы көрсетіледі (мысалы ПТН-1150-340-15; мұндағы бу қысымы –15 атм.).
Горизонталь конденсаттық сорғылар Кс, ал вертикаль конденсаттық сорғылар КсВ болып белгіленді, сонан соң берісі мен тегеуріні (м) көрсетіледі.
Айналымдық сорғылардың берісі көп, ал тегеуріні аз болып келеді, ал түрлері вертикаль-өстік және ортадан тепкіш, екі жағынан соратын (двухсторонний подвод) Д түріндегі дөңгелекті горизонталь болып орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет