Дәріс тақырыбы Дәріскөлемі


Дәріс №12. Экономика, жаһандану және еңбек



бет15/18
Дата05.10.2023
өлшемі115.56 Kb.
#479931
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны 2

Дәріс №12. Экономика, жаһандану және еңбек. Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары. Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі. Қазақстан жаһандық әлеуметтік- экономикалық жүйеде. Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау.

С а я с а т п е н э к о н о м и к а ғ а к ір іс п е Адамдар өмір сүру үшін қалай ақша табады? Неге кейбір жүмыс түрлерінің еңбекақысы жоғары және кейбір елдерде еңбекақы басқа елдермен салыстырғанда неге жоғарырақ? Мемлекет басшылары қалай сайланады, орнынан алынады немесе өлтіріледі? Осы сүрақтарға жауап табу үшін саясат пен экономикаға мән беруіміз керек. Сұрақтарды жеке-жеке де қарастыруымызға болады, бірақ олар өзара байланысып жатқандықтан, толық бір тақырып ретінде оқыған ыңғайлы. Бұл бөлімде саясат пен экономика, әлеуметтану түргысынан зерделенеді.


Б и л і к ж ә н е с а я с а т Лиза - «American Idol» бағдарламасын, ал Джон футбол көргісі келеді; фундаменталистер «мектептерде ғибадат ету бөлмелерін ашқан дұрыс» дейді, ал Американың азаматтық еркіндік одағы (ACLU) оған қарсы; мемлекеттік қызметкерлер жоғары жалақы алғысы келеді, ал қарапайым тұрғындар салықтың төмендетілгенін қалайды. Мұның бәрін кім шешеді? Шешім қабылдаушы тұлға кім болса да - сіздің анаңыз ба әлде Жоғарғы сот па - оның қолында басқаларға қатысты шешім қабылдай алатын билік бар. Бұған дейін 7-тарауда айтқанымыздай, билік - басқа адамдардың іс-әрекетін өз қалауына қарсы бағыттай алу қабілеті. Біз биліктің мәжбүрлеу және бедел деп аталатын екі түрін сипаттаймыз. Ананың да, соттың да қолында билік болғанымен, айтқанын орындату үшін қолданатын билігінің заңдылық ауқымы мен құралдары жағынан екеуінің арасында біраз айырмашылық бар. Мәжбүрлеу Билікті күш көрсету және қорқыту арқылы жүргізу мәжбүрлеу деп аталады. Қорқыту және куш көрсету физикалық, қаржылық немесе әлеуметтік болуы мүмкін: біз соққыға жығыламыз, жала жабылады, шеттетілеміз, айыппұл салынады, өлтіреді немесе «достарымыз бізден бас тартады» деп қауіптенеміз. Мысалға, ата-анаңыз шапалақпен қорқытып, айтқанын орындауға мәжбүрлейді, ал сіз ойнамай қоятыныңызды алға тартып, досыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүруге мәжбүрлеуіңіз ықтимал. Бедел Қорқыту - басқа адамдарды мәжбүрлеудің тиімді тәсілі. Бірақ ол дау-жанжал мен ашу-ыза тудырады. Ал кейбір жағдайда қорқыту орынсыз болады. Билік заңды ережелер мен құндылықтарға сәйкес жүргізілсе, оны бедел деп атаймыз. Егер қолыңызда өкілеттілік болса, қарамағыңыздағылар тым болмағанда шешім қабылдауыңызға қүқылы мәселелеріңіз бойынша сізбен келіседі және айтқаныңызды орындауға міндетті. Бірақ бұл - олар сіздің әмір жүргізуге құқылы болғандығыңыздан ғана келіседі немесе багынады деген сөз емес. Қоғамның ережелері мен құндылықтары сіздің билігіңізге қолдау көрсетеді. Мысалы, жасөспірім қыз әкесінің оған комендантМәжбүрлеу - күш көрсету немесе тық уақыт белгілеуіне құқығы жоқ деп ойлауы мүмкін, бірақ басқа қорқыту арқылы жүргізілетін ересектер (тіпті кейбір жасөспірімдер де) әкесі бұған қүқылы деп билік. санайды.
Бедел жалпыға ортақ ережелер мен құндылықтар тарапынан қолдауға ие болғандықтан, әдетте дау-жанжалға жол бермейді. Өйткені ол мәжбүрлеу амалдарын қашан да болсын - қажет деп санаған уақытында қолдана алады. Ата-аналар жасөспірім балаларын үйден қуып жіберумен немесе автокөліктің кілтін алып қоюмен қорқытып, билігін жүргізуі мүмкін. Жұмыс берушілер қызметкерлерін жұмыстан шығара алады немесе лауазымын төмендетеді. Осылайша, бедел әлеуметтік мәжбүрлеудің тиімділігіне сүйенеді. Билік жөніндегі классикалық зерттеулер бойынша, Вебер беделді жеке адамдар мен топтар заңды билік ретінде мойындайтын үш негізге бөліп көрсетеді: дәстүрлі, харизмалық және қүқықтық нормалар.
Дәстүрлі бедел Билік қасиеттілік тұрғысынан сенім мен тәжірибеге сүйенсе д әстүр - л і бедел деп аталады (Weber [19101 1970b, 296). Монархтар мен патриархтар дәстүрлі биліктің классикалық үлгісі болып саналады. Мысалы, 1950 жылдары америкалықтардың басым көпшілігі отбасылық шешімдерді ер адам қабылдайды деп есептеген. Бір сөзбен айтқанда, күйеулердің беделі жоғары болған. Ал қазіргі кезде әлсіреп қалды. Харизмалық бедел Егер адам жеке-дара қасиеттері арқылы шешім қабылдау құқығына ие болса, онда ол адамда харизмалық билік бар (Weber [1910] 1970b, 295). Көп жағдайда құрмет түтатындар «бұл Құдайдың қалауымен болған» деп ойлағанда гана адам харизмалық беделге ие болады. Бірақ, х а р и зм а л ы қ бедел дінмен байланысты болмауы керек. Мысалы, Махатма Ганди таңдаулы саясаткер немесе діни көшбасшы болған жоқ, бірақ ол Үндістандағы саяси революцияны басқарды. 2011 жылы АҚШ қарулы күштері өлтіргенге дейін Усама бен Ладеннің жақтастары оның харизмалық беделіне мойынсұнды. Рационалдық-қүқықтық бедел
Егер адамдар рационалды түрде берілген ережелерге негізделген билікті ұстанса, оларды р а ц и о н а л д ы қ -қ ү қ ы қ т ы қ беделге жүгінеді деп айта аламыз. Рационалдық-құқықтық беделдің артықшылығы - пенделік ерекшелігінің болмауы: ереже бойынша өкілеттілік алған адамдарды жақгырмасақ та, келіспесек те, ережелер талап ететіндіктен рационалдық-құқықтық бедел сақтала береді. АҚШ үкіметі рационалдық-құқықтық негізде қызмет етеді. Конгрестің белгілі бір шешімді қабылдауға қүқығы бар не жоқтығын білгісі келген адам заңнамалар жинағын, Конституцияны қарайды. Конгресс қандай да бір заңды немесе шешімді Конституцияға сәйкес қабылдаса, ел азаматтары оны орындауға міндеттіміз.
Капитализм-көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жеке меншікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе.
Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын (жер, еңбек және капитал) баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе.
Коммунизм - өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет меншігінде болатын және әрбір адам қабілеті мен қажеттілігіне қарай жүмыс істеп, еңбекақы алатын теориялық экономикалық жүйе.
Аралас экономика Қазіргі кезде батыс қоғамында капиталистік және социалистік экономикалық қүрылымдар қатар жүреді. Көптеген елдерде пошта, темір жол және негізгі энергетика салалары сияқты қызметтер әлеуметтендіріліп жагыр. Бүл - соцализмнің таза идеализмнен туындауы емес. Мемлекеттік меншік көп жағдайда өмір сүруге қажетті, бірақ тиімділігі төмен қызметтердің жалғасуын қамтамасыз етудің үздік тәсілі ретінде қарастырылады. Мысалы, денсаулық сақтау мен білім беру сияқты өзге қызметтер іиіінара әлеуметтендірілген. Өйткені қоғам бұл қызметтердің кедейлер үшін қол жетімді болмауы этикаға сай келмейді және оларды ашық нарықта қамтамасыз ету тиімсіз деп санайды. Норвегия және Швеция сияқты бірқатар елдерде әлеуметтік қызмет көрсету «әркімнен қабілеті жеткенше, әркімге сұранысына қарай» деген қагидадан ілгері жылжыды. Әлі күнге дейін денсаулық сақтау мен білім беру саласында теңсіздік бар, бірақ бұл салалардағы ақылы қызметтерге қарағанда, бұл теңсіздік елеусіз болып көрінеді. Басқа Батыс елдерімен салыстырғанда, АҚШ капиталистік экономика жүйесіне жақын. Республикалық партия әлеуметтік қызметтердің үкімет тарапынан көрсетілуін қысқартуды талап етті. Ал Демократиялық партия, керісінше, көбейту керек деді. Болашақта социалистік және капиталистік қағидалардың үйлесуі тек экономикалық жағдайды ғана емес, сонымен қатар саяси жағдайды да көрсетеді.
Саяси экономика елдегі саяси және экономикалық нысандардың өзара әрекеттесуін білдіреді. Капитализм де, социализм де авторитарлық немесе демократиялық саяси жүйелерден көрініс табуы мүмкін. Батыс Еуропаның Біріккен Корольдіктер, Швеция сияқты көптеген мемлекетінде социализм мен демократия біріктірілген. (Шведтік жүйе «Жанандық көрініс: Швециядағы демократиялық социализм» тарауында толығырақ талқыланады). Қытай мен Куба сияқты басқа мемлекеттер социализмді авторитарлық саяси жүйемен қиыстырып отыр. Социалистік экономикасын саяси элита басқарып, әскери элита мәжбүрлеп отырған қоғамдарға сілтеме жасағанда, біз «коммунист» терминін жиі (тіпті шектен тыс) қолданамыз. Мұндай елдерде социализмнің мақсаттары (теңдік және тиімділік) әлі де бар, бірақ саяси басқару түрі демократиялық емес, авторитарлық.Кейбір капиталистік елдер демократиялық, кейбірі авторитарлық болып келеді. Мәселен, АҚШ пен Жапонияның экономикасы - капиталистік, саяси жүйесі - демократиялық. Сингапур мен Сауд Арабиясында - капиталистік экономика, бірақ авторитарлық саяси жүйе. Оларда сайлау не мүлде өтпейді, өтсе де, мәнсіз-мағынасыз болады. Бұл мысалдар бізге капитализм де, социализм де авторитарл ық немесе демократиялық жүйеде жүре алатынын көрсетеді.
Постиндустриалдық экономика Индустриалдылыққа дейінгі экономикада жұмыс күшінің негізгі бөлігі бастауыш секторда жұмыс жасайды. Бастауыш сектор - экономиканың қоршаған ортадан шикізат өндірумен айналысатын бөлігі. Бұл секторға ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, аңшылық және пайдалы қазбаларды игеру жатады. Еуропада шамамен 500 жыл бұрын осылай болған, мұндай жағдай дамуы төмен елдерде әлі де кездеседі.
Өнеркәсіп революциясы бастауыш сектордан екінші деңгейге өтуге алып келді. Е к ін ш і д е ң ге й д е гі се кто р - экономиканың шикізатты өңдеумен айналысатын бөлігі. Мысалы, болат құю, тоқыма және ж и һ э з өнеркәсібі шикізатты кенге, мақтаға және ағаш өнімдеріне айналдырады. Екінші деңгейдегі сектордың өзге салалары кейін осы материалдардан автокөлік, киім және жиьаз шығарады. Постиндустриалдық экономика - экономиканың қызмет көрсетуді ұсынатын үшінші секторына сүйенеді. Ү ш ін ш і се кто р д ә р ігер , мектеп мүғалімі, қонақ үй қызметшісі, аспаз және полиция қызметкері сияқты көптеген мамандықтарды қамтиды. Оған емханаларда, үкіметте, әуе компанияларында, банктерде, қонақ үйлерде, мектептерде немесе азық-түлік дүкендерінде жұмыс істейтіндер жатады. Бұл ұйымдар материалдық тауар өндірмейді, өзгелерге қызмет көрсетеді. Олардың өндірісі бөшкелермен немесе тонналармен емес, тұтынушылар санының көптігімен бағаланады. Үшінші сектор соңғы жарты ғасырда жылдам дамыды. Бүдан да арта түседі деген болжам бар. Үшінші секторда қамгылған жұмыс күші 1820 жылғы 1 пайыздық көрсеткіштен 1920 жылы 19 пайызға дейін өсті (Figueroa & Woods, 2007). Ал 2018 жылы сектор жүмыс күшінің 79 пайызын еншілейді деп күтіліп отыр (U.S. Bureau of Labor Statistics 20 lid). Қазір бастауыш секторда жұмыс істейтіндер өте аз. Ал екінші сектордағы жұмыс орындарында жұмысқа жарамды халықтың 15 пайызына дейін қысқарды. Бұл бірінші және екінші сектор маңыздылығын жойды дегенді білдірмейді. Елде қызмет секторының дамығаны соншалық, өзге секторлардың да тиімділігі мен өнімділігі артқан және оларды басқа елдерде жүргізе аламыз. Бұл экономиканың жаьанданғанын көрсетеді.
Корпоративтік экономика АҚШ-га хот-дог сату орындарынан «Microsoft» компаниясына дейін 250 000 кәсіпорын қызмет етеді. Алайда елдің капиталы мен жұмыскүшінің басым бөлігі бірнеше алып трансұлттық корпорациялармен байланысты. АҚШ-тағы ең үздік 20 компания - миллиардтаған доллар активін бақылайтын және мыңдаған адамды пайдаланатын ауқымды бюрократия. Бұл алып кәсіпорындар ұлттық және халықаралық аренадан орын алады. Жергілікті жерде аудан не қала әкімшілігіне жұмыс орындарын көбейту немесе сақтап қалу үшін тиімді салық жеңілдіктері мен қолайлы аймақтандыру қағидаларын енгізуді үсынып отырған ірі жұмыс берушіні білуіңіз мүмкін. Корпорациялардың көлемі мен өзара байланысының өсуіне байланысты қазір бұл федералдық және халықаралық деңгейде қайта қаралып жатыр. Мүндай саяси билік АҚШ-тың сыртқы саясатына да эсер етуі мүмкін. Dole және United Fruit сияқты трансұлттық компаниялардың мүддесін қорғау үшін, АҚШ - XX ғасырда Гватемалада, Гондураста және Латын Америкасының басқа да елдерінде диктатураны қолдады. Дәл осылай трансұлттық мүнай компанияларын қолдау үшін, АҚШ 1951 жылы Иранның сайланған премьер-министрі Мохаммад Моссадехке қарсы жасырын көтеріліс ұйымдастырып, нәтижесінде, Иран шахының авторитарлық режиміне қолдау білдірді (Kinzer, 2003). (Шахтың репрессивті режиміне байланысты халықтың наразылығынан ақыры 1979 жылғы Иран ислам революциясы болды, соның салдарынан дүниежүзі бойынша ислам фундаментализмі өршіді). Соңғы кездері кейбір бақылаушылардың тұжырымдауынша, АҚШ Иракқа (Саддам Хусейннің тұсында), ең алдымен, мүнай компанияларының мүддесі үшін шабуыл жасаған.
Wal-mart экономикасы XX ғасырдың басым бөлігінде федералдық заңдар корпорацияларға нарықтың сүбелі үлесін сатып алуға тыйым салатын. Өйткені олар кез келген бәсекелесін бизнестен ығыстырып, тауарлары мен қызметтеріне ойына келген бағасын қоюы мүмкін еді. Алайда 1980 жылдардан бастап «үлкен үкіметке» қарсы саясаткерлер бүл заңнамаларды өзгерту үшін күресті. Сөйтіп, корпорациялар іріленіп, қуатын арттырғаны соншалық, олар АҚШ экономикасына түгелдей ықпал ете бастады. Wal-Mart - осы тенденцияның айқын мысалы. Wal-Mart бағаны қымбат етіп қою арқылы емес, арзан тауарды көп мөлшерде сату арқылы табыс табады. Wal-Mart-тағы арзан бағаның жекелеген тұтынушылар үшін пайдалы екені сөзсіз. Бірақ мұндай арзан тауардың ақысын әркім әрқалай төлейді. Wal-Mart кез келген нарықта (ойыншықтар, көлік дөңгелектері, киім және т.б.) сү б ел і үлеске ие болғандықтан, өнімдерін Wal-Mart арқылы саудаламаған өндіруші бизнестен шеттетіледі. Сонымен қатар Wal-Mart арқылы жұмыс істейтін өндірушілер де бизнестен алшақтатылуы мүмкін. Өйткені Wal-Mart тауар бағасын төмендетуді талап ететіні соншалық, олар мүлде пайда көрмей қалады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін өндірушілер жалақыны барынша азайтады немесе арзан жұмыс күшін пайдалану мақсатында өндіріс орнын шетелге көшіреді. Wal-Mart компаниясымен бәсекеге түскен көптеген дүкендер де компанияның жыртқыштық баға саясатының кесірінен нарықтан ығысып қалды. АҚШ қалаларына жеткен Wal-Mart дүкендердің жабылуына, ал онымен бәсекелес сауда орындарында жалақының төмендеуіне әкеп соқтырды. Жұмыс орындарынан айырылып қалған адамдардың көбінде Wal-Mart-қа жұмыс істеуден басқа амал болмайды, ал ондағы жалақы кедейлік деңгейінен де төмен (United Food and Commercial Workers, 2006). АҚШ-тың жаңа экономикасында Wal-Mart өз бағасы мен жұмысшыларының жалақысын белгілеумен ғана шектелмейді, сонымен бірге жеткізушілердің тауарына баға қоюды, қала берді жеткізушілерінің де, бәсекелестерінің де жұмысшыларының жалақысын тағайындауды тиімді іске асырып отыр (Fishman, 2006; Lynn, 2006).
Дағдарыс кезіндегі экономика Қазіргі таңда АҚШ экономикасы күйзеліске ұшырап отыр. Миллионнан астам үй боры ш т ы өндіріп алу айналымында, жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, қор нарығы тұрақсыз және кейбір зейнетақы қорлары, тіпті қалалардың әкімшіліктері банкротқа ұшыраған. Мүндай дағдарысқа не себеп? Көптеген бақылаушылардың пайымдауынша, дағдарысқа, ең алдымен, мемлекеттік реттеудің қысқартылуы салдарынан қарыздың қарқынды өсуі себеп болды. Бұл факторлар алғашында тұрғын үйлер мен акциялар бағасының күрт қымбаттауына, артынша экономиканың басым бөлігімен қоса күрг құлдырауына алып келді (Bernanke, 2009; Posner, 2009; Phillips, 2008; Financial Crisis Inquiry Commission, 2011). Соңғы екі онжылдықта АҚШ үкіметі азаматтардың қарызын өтей алу мүмкіндігіне қарамастан, несие алуын жеңілдету үшін қаржылық заңдарды мейлінше икемдеді. Егер адамдар несиені төлей алмаса, олардың банктері мен кредиттік карталарының компаниялары көлемді айыппұлдар салып, пайыздық мөлшерлемелерді өсіріп отырды. Бұған дейін осы екі әрекетке де үкімет қаулыларымен тыйым салынатын. Осының салдарынан банктер мен кредиттік карталар компаниялары байып, адамдар кедейлене түсті. Алайда уақыт өте ипотекалық несиелерін өтей алмаған америкалықтар көбейген сайын несие үсынушы банктер үшін өздерінің жеке шоттарын төлеу қиындап кетті (Bernanke, 2009; Posner, 2009; Phillips, 2008; Financial Crisis Inquiry Commission, 2011). Бұл жағдай қоғамның қаржылык, жүйеге сенімін азайтып, қор инвесторларының акцияларын сатылымға шығаруына алып келді. Үлесін сатушылар көбейіп, сатып алушылар азайған кезде акцияның нарықтағы бағасы төмендеп кетті. Дәл осылай үй сататын адамдар күн сайын көбейіп, тұрғын үйдің нарықтағы бағасы төмендеп, сатылым азайды. АҚШ экономикасы тұргын үй құрылысы, үй саудасы және үй жиьазымен байланысты болгандықтан, бұл - экономиканы түгелдей құлдыратты. Сонымен қоса қаржылық тәуекелдің артуы, ал мемлекеттік бақылаудың бәсеңдеуі экономиканың басқа бөліктеріне де қауіп төндірді (Bernanke, 2009; Posner, 2009; Phillips, 2008; Financial Crisis Inquiry Commission, 2011). Банктер қаржылық шығындардан қауіптенгендіктен, несие беруден тартына бастады. Көптеген кәсіпорындар нарыққа шығаратын тауарларының сатылуына немесе сол тауарларды өндіруге қажетті шикізатты сатып алуда үнемі несиелендіруге сеніп қалған, ал банктер несие беруін доғарғанда, көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырады. Жаьандану әсерінен экономикалық дағдарыс бүкіл әлемге жайылды. Мысалы, америкалықтар ескі компьютерлерін жаңалауды тоқтатқан кезде, Үндістанда жаңа компьюгерлерді қүрастыратын мамандар жұмыс орнынан айырылады. Ал Тайландта адамдар бұрынғысынша америкалықтар пайдаланып гастаған компьютерлерден металл қалдықтарын жинау арқылы нәпақасын таба алмайды. Мексикадағы балалар АҚШ-тың компьютер шығаратын фабрикалары мен дүкендерінде жүмыс істеген иммигрант ата-аналарынан ақша ала алмайды. Қазіргі экономикалық дағдарыс еркін нарықтық капиталистік жүйе тек теңгерімді мемлекеттік реттеу болғанда ғана тиімді болады деген ойга жетелейді (Posner, 2009).
Кәсіпқой мамандар -жоғары кәсіби даярлықты талап ететін, айтарлықтай жеке дербестігі қамсыздандырылған және қоғамның сеніміне ие мамандар.
Көлеңкелі экономика - экономиканың жұмысшылар мемлекеттік бақылаудан жасырынатын бөлігі.
Жумыссыздар - жүмысы жоқ, жұмыс істей алатын және жүмысты белсенді турде іздеп жүрген адамдар.
Тұрақсыз жұмыс - жұмысшыларға ұзақ мерзімге шамалы ғана тұрақтылық ұсынатын жүмыс түріне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет