Дәріс тақырыбы Дәріскөлемі


ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары



бет13/18
Дата05.10.2023
өлшемі115.56 Kb.
#479931
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны 2

ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары:

  • микропроцессорлар мен электрондық есептеу машиналарының өндірісте, транспортта, тұрмыста жəне т.б. қоғамдық өмірде кеңінен қолдану;

  • интеллектуалдық жұмыстардың сапасының артуы мен орындалу мерзімін қысқарту мақсатта автоматтандырылуы (ақпараттарды автоматты түрде іздеу, аудару жəне техникалық құралдар арқылы автоматты түрде басқару, жобалау, ғылыми зерттеулерде жəне т.б. салаларда жұмыстар жүргізу);

  • ақпараттың таратылуы мен тасымалдану тиімділігін арттырып, қағаз үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатта көптеген қағаз баспа шығарылымдарын біртіндеп электрондық түрге айналдыру;

  • əртүрлі ауқымды тасымалдау жұмыстарын тез жəне аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін жоғары дамыған электронды коммуникация жүйелерінің құрылуы (электронды пошта, электробайланыс желісімен сатып алу мен қаржылай есептесу, телеконференциялар жəне т.б.).

Бұл үрдіс XX ғасырдың 70-80 жылдары қарқынды дамып, өркениеттің дамуына айрықша əсерін тигізді. Ақпараттық үрдістің қарқынды дамуының негізгі көрсеткіші ретінде ақпараттарды алу, тарату, тасымалдау, алмасу жəне қажетті ақпараттарды табу мен ақпараттарды өңдеу, оларды жүзеге асыру, басқаруда техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері артып отыр.
Ғалымдар ақпараттық қоғамда ақпараттың жəне ақпараттық ресурстардың рөлі айрықша өзгеретінін мойындады. Ақпарат адамзаттың маңызды ресурсына айналады. Шикізат пен энергияны аз пайдалана отырып, табиғи ресурстары шектеулі кішігірім мемлекеттер өндірісте ғылыми жетістіктерінің арқасында экономикада ерекше табыстарға жетуге болатындығын көрсетті. (Голландия, Дания, Тайвань, Жапония, Сингапур). Ақпарат билігінде баспа бостандығы, жариялық, жалпыға ортақ мəліметтер молдығы экономи- ка дамуына жəне нарықтық механизмдердің орнығуына мүмкіндіктер береді. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге жəне табиғатты қорғау саласына қаржы бөлініп жоғары нəтижелерге жетуге жол ашылады.
Қоғамның əртүрлі даму бағыттарында түбегейлі өзгерістер ақпаратпен жəне ақпараттық қызметпен тығыз байланысты. Ақпараттандыру үрдісі экономикалық, технологиялық, саяси жəне мəдени дамуға мүмкіндіктер ашады
Ақпараттандыру – білім беруге, мəдениетке, əлеуметтік салаға əсер ететін əлеуметтік мəдени үрдіс. Ақпараттандыру үрдісі адамның өмір сүру ортасын едəуір өзгертті.
Қазіргі уақытта əлеуметтік өмірде ақпараттың маңыздылығы күрт жоғарылады: көп каналды теледидар, интернет, радиостанциялар, кино, жарнамалар мен афишалар қоршаған ортаның маңызды элементіне айналды. Біз ақпараттық ортамен тығыз байланысты өзіміз жəне басқалар жөнінде хабарламалар алу мен алмасу үрдісіне, ақпараттарға толы медиа кеңістікте өмір сүрудеміз. Ақпарат адамның рухани жəне материалдық өмірімен тығыз байланысты. Бұл ақпараттың адамның əлеуметтік-мəдени өмірін жəне материалдық тұрмысын айқындайтынын білдіреді.
Ақпараттандыру жағдайында ақпараттық қоғамның құндылықтары, ұстанымдары, білімдері, нормалары таралып адам бойында ақпараттық мəдениет қалыптасады. Бұл адамды ақпараттық қауымдастықтың құрамдас бөлігіне айналдырады. Қазіргі жағдайда ақпарат басты құндылыққа айналып отыр, сондықтан тұлғаның əлеуметтенуі үшін ақпараттық мəдениеттің рөлі артуда. Ақпараттандыру жағдайында тұлғаны ақпараттық қоғамға мақсатты түрде əлеуметтендіру факторлары арқылы даярлау қажет.
Қоғамның ақпараттық құрылымы адамның шығармашылығының дамуы үшін көптеген білімдер мен құндылықтардың қалыптасуына жол ашты. Бірақ бұл мүмкіндіктерді ақпараттық қабілеттіліктер мен біліктілігі бар адамдар ғана пайдалана алады. Сонымен, адамның тіршілік ету ортасының өзгеруі ақпараттық мəдениеттің даму үрдісінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық сауаттылықты қажет етеді. Адамзат ақпараттық үрдістердің қарқынды өсу жағдайында əлеуметтік өмірдің нормасы ретінде көрінетін екі жақты ситуацияда қалды.
Ақпараттандыру үрдісінде мəдениетке əсер ететін техника мен технологиялар кеңінен ендіріледі, ол мəдениет пен ақпараттың өзара байланысын айқындайтын ақпараттық мəдениет болып табылады.
Тұлғаның ақпараттық мəдениеті мəдени ортаны танып-білуде жəне өзгерту үрдісі жүзеге асатын ақпараттық əрекеттен көрінеді. Нəтижесінде адам əрекет субъектісі ретінде, ал игерілетін үрдістер, құбылыстар əрекет объектілері ретінде бөлінеді.
Қазіргі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар XXI ғасыр қоғамының дамуына əсер етіп отырған ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Олардың əсері тек адам өміріне ғана емес, сонымен катар адамзат қоғамының тұрақты жəне белсенді түрдегі дамуында да əсері орасан зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қазіргі жетістіктер, біздің өмірімізге «ғаламдық ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени қатынастардың құрылуына алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет