Дәріс тақырыбы Грамматика теориясының негіздері пәніне кіріспе



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.03.2024
өлшемі475.89 Kb.
#494715
1   2   3   4
дәріс 1-апта

prescriptive grammar 
noun
 
an approach to grammar that is concerned with establishing norms of correct and 
incorrect usage and formulating rules based on these norms to be followed by users of the 
language. 
-
 She said his grammar was terrible.
https://www.dictionary.com/browse/prescriptive-grammar 
«грамматикаға дұрыс және бұрыс қолдану нормаларын белгілеуге және тілді 
пайдаланушылар ұстануға тиіс осы нормалар негізінде ережелерді тұжырымдауға 
қатысты тәсілдеме». 
Грамматиканы теориялық және практикалық грамматика деп бөлу. Теориялық 
грамматика лингвистиканың жалпы принциптері негізінде құрылымдарға және мектептер 
мен тәсілдемелерге талдау береді. Практикалық грамматика – лингвистикалық 
құрылымдарды қолданудың практикалық ережелерін береді.
Бүгінде теориялық грамматиканың кез-келген курсы тілдің грамматикалық 
құрылымын оның барлық бөлімдері өзара байланысты жүйе ретінде сипаттауға қызмет 
етеді. Бұл - теориялық грамматиканың мақсаты. Теориялық грамматика дескриптивті 
грамматика деп, практикалық грамматика прескриптивті грамматика деп аталады 
(қашалықты дұрыс күмәнді?). 
Практикалық грамматика қолданудың белгілі бір ережелерін жасап береді 
(ұсынады) және дұрыс сөйлеуге немесе жазуға оқытады. Теориялық грамматика тілдің 
фактілерін береді, оларды жасап бермейді, талдап көрсетеді. Прескриптивті грамматиске 
грамматика дұрыс қолданыстың ережелері болып табылады; оның мақсаты дұрыс деп 
саналатынды ұсыну. Дескриптивті грамматист үшін грамматика тілдің құрылымын жүйелі 
сипаттау болып табылады. 
Грамматиканың тарихи түрлері: Дәстүрлі (прескриптивті және құрылымдық емес 
дескриптивті), Құрылымдық дескриптивті, Трансформативті-генеративті. Панини (б.ғ.д. 4 
ғасыр) өзінің Санскрит грамматикасымен, оның ішінде Санскрит морфологиясы, 


синтаксисі және семантиксының 3959 ережелерін құрастыруымен белгілі. Грамматикасы 
«Сегіз тарау (кітап)» мағынасын білдіретін «Аштадхьяи» деп аталады. 
Ежелгі Грекия мен Римде грамматика барлық жазба жұмыстарға қатысты қолданылған.
Дәстүрлі грамматиканың негізі ежелгі грек ойшылдары - Дионисий Тракс, Плато мен 
Аристотель еңбектеріндегі принциптермен қаланған. Дионисий Тракс гректің толық 
грамматикасын жазған бірінші адам. Оның грамматикасы 13 ғасырға дейін қолданылған. 
Тракс сипаттаудың негізгі екі бірлігін – сөйлем (логос), грамматикалық сипаттаудың 
жоғарғы шегі, және сөзді, грамматикалық сипаттаудың минималды бірлігін, ажыратқан. 
Сөйлем «аяқталған ойды білдіреді» деп анықталған. (әрі қарай өздері қарайды) 
Неміс тілінің грамматикалық теориясын зерттеген Стефан Мюллер (Stefan Müller) 
формалды грамматикалық теорияларды қарастыра келіп, оның қазіргі линвгистикалық 
теориялауда (теоретизировании) рөл атқаратынын атап өтеді.
Phrase Structure Grammar,
Transformational Grammar/Government & Binding,
Generalized Phrase Structure Grammar,
Lexical Functional Grammar,
Categorial Grammar,
Head-Driven Phrase Structure Grammar,
Construction Grammar,
Dependency Gramar 
Tree Adjoining Grammar (Stefan Müller. Grammatical theory: From transformational 
grammar to constraint-based approaches. 2020).
1. Қазақ грамматика теориясындағы жаңаша бағыт-пайымдаулар 
Грамматика теориясын оқытуда ғылымның кейіннен қосқан өзгерістері мен зерттеулерін 
есепке алған дұрыс. Осы орайда мынадай мәселелерде жаңаша көзқарастардың болуын атап 
айтамын: сөзжасам саласының жеке сала болып орнығуы грамматиканың морфология 
саласындағы кейбір тілдік ұғымдарға басқаша көзқараспен қарау керектігін көрсетті. Сөз 
таптары ұғымы екі салада да - сөзжасамда да, морфологияда да - қарастырылып келді. 
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам саласы» еңбегінде (Оралбаева Н. т.б. 1989) сөзжасам 
мәселелері сөз таптарының жасалуы аясында қарастырылды. С.Исаев кейіннен сөз 


таптарының сөзжасамға қатысы жоқ, сөзжасам сөз жасау процесін ғана қарастырады деп 
жігін аша көрсетті. Сөздердің сөз табына бөлінуі сөзжасамнан кейін болатын процесс. Ең 
алдымен «жаңа мағыналы сөздер туады, бұл - бірінші дәрежедегі тілдік құбылыс, ал сөз 
табына қатысы - екінші дәрежедегі құбылыс» деп айқындады. Осы екінші дәрежедегі 
құбылыс қана морфологияда қарастырылуы керек. Сөзжасамның синтетикалық
аналитикалық тәсілдері сөз таптары аясында, лексика-семантикалық тәсілі лексикология 
мен морфология салаларында айтылып келді. С.Исаев: «Бұл тілдік құбылысты белгілі бір 
сөз тудырушы қосымшалар арқылы бір сөз табынан екінші сөз табы немесе бір сөз табының 
өз ішінде жаңа мағыналы сол сөз табын тудыру процесі деп айқындап жүр. Сөйтіп, бұл - 
сөз тудыру немесе сөзжасам проблемаларынан гөрі жеке сөз табын жасау проблемасы 
болып, сондықтан лексика-семантикалық сипаттан гөрі грамматикалық құбылыстың 
шеңберінде қалып отыр. Соның нәтижесінде грамматикаларда да, ірі арнайы зерттеулерде 
де қосымшалар арқылы синтетикалық тәсілмен сөз жасау жекелеген әрбір сөз табының 
құрамында ғана қаралып келеді... Ал сөз табы болса, ол - сөздердің грамматикалық 
сипатына байланысты жіктелетін тобы», - деген (1998).
Келесі: кейбір грамматикалық элементтер жайлы әлі де бірізді пікірге келген емес. 
Ол реңк мәнді жұрнақтарға қатысты мәселе. Сөзжасам еңбектерінде -ғыш, -ғылт, -ғылтым, 
-аң, шыл, -шіл, -шілтім сын есімнің жұрнақтары, үйшік, көкетай, Берікжан сияқты 
қолданыстарды сөзжасамда да, морфологияда да, енді бір зерттеушілер тек грамматика 
саласында қарастыру керек дейді. Грамматикалық еңбектерде аталған жұрнақтардың сөздің 
лексикалық мағынасын өзгертіп жібермей, үстеме мағына қосатыны айтылады. «Бірақ сөз 
тұрғысынан, сөз функциясын атқаруы жөнінде олардың әрқайсысының дербестігін тануға 
болады. Осы жағдайлардың бәрін ескеріп, ондай көрсеткіштердің мағынасын да 
сөзжасамдық мағына қатарында аламыз», - деген Н. Оралбаева және т.б. ғалымдар. С.Исаев: 
«Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері» бөлімінде «кітапша, бөлімше, сарайша, сандықша 
немесе сұрша, ұзынша, толықша, ақша т.б. сөздердегі -ша қосымшасын сөз тудырып тұр 
деу қиындау», - дейді.
Келесі: күрделі сөздер және оның түрлері. Мысалы, тіркесті сөздер, қос сөздер. Осы 
күрделі сөздердің бәрі сөз тудырып, жаңа мағынаға ие бола ма деген мәселеде ғалымдар 
пікірлері әртүрлі. Егер сөз жасайтын болса, олар грамматикалық құрылыстан гөрі 
сөзжасамның аясына көбірек жақындайды. Оралбаева және т.б. ғалымдар қос сөздердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет