Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған: Абдиуалиева Анар жоспар: жоспар



бет1/13
Дата09.02.2022
өлшемі40.07 Kb.
#455229
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәріс тақырыбы Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған Абд-melimde.com


Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған: Абдиуалиева Анар жоспар: жоспар

Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістері мен тәсілдері

SRSP

Орындаған: Абдиуалиева Анар

жоспар:

жоспар:

1. Оқыту әдістері мен тәсілдері.

2. Бақылау – табиғатты өздігінен оқып үйренудегі бірден – бір негізгі әдіс.

3. Табиғи көрнекі құралдармен жұмыс.

4. Дүниетану сабақтарында « Әңгімелесу».

5. Дүниетану сабақтарында «Әңгіме».

1. Оқыту әдістері мен тәсілдері.


  • Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет