Бағдарламаланған оқытудың пайда болуы Б.Ф. Скиннердің есімімен байланысты. Ол 1954 жылы педагогикалық қауымды оқытудың (сабақ берудің) тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Басқару категориясы бағдарламалау үшін ең маңыздысы ретінде қарастырылады: «Нағыз проблема білім берудің барлық сатыларында бастауыш мектепті және мектепке дейінгі мекемелердің де өзін қамтылуымен оқыту жақсы басқарумен болуында.
Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ (В.П. Беспалько) және жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі - оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» (немесе бағдарламаланған оқулықтың) болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас.
П.Я. Гальперин оқытудың алдына мүлдем жаңа міндеттер қойды: қалыптасатын кез-келген әрекетті олардың қалыптасуға тиісті қасиеттерінің жиынтығымен баяндау; әрекеттердің дұрыстығын басқару және қателердің алдын алу үшін қажетті және жеткілікті бағдарлар жүйесін әзірлеу. П.Я. Гальперин меңгерілетін пәндік әрекетті екі бөлікке бөлген: оны түсіне білу және оны орындай алу білігі. Бірінші бөлік бағдарлану рөлін ойнайды да бағдарланушылық деп аталады, екіншісі – орындаушылық деп аталады. П.Я. Гальперин бағдарланушы бөлікке ерекше мән берген, оны «басқарушы инстанция» деп санаған, соңынан оны «штурман картасы» деп атаған. П.Я. Гальпериннің және оның шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде: «а) Әрекеттермен бірге сезімдік бейнелер мен осы әрекеттердің пәні туралы ұғымдар қалыптасады. Әрекеттердің, бейнелер мен ұғымдардың қалыптасуы бір процестің екі әртүрлі жақтарын құрайды. Сонымен қатар, әрекеттер схемасы мен пәндер схемасы көбінде бір-бірін алмастыра алады, пәннің белгілі қасиеттері әрекеттің белгілі әдістерін анықтай бастайды, ал әрекеттің әрбір буынының соңында оның пәнінің белгілі қасиеттері бар деп саналады. Б). Ақыл-ой жағы идеалды жақтардың біреуін ғана құрастырады. Қабылдау жағы басқа. Жеке адам әрекетінің үшінші дербес жағы болып сөйлеу жағы бола алуы мүмкін. Қалай алсаңыз да ақыл-ой еңбектік жағы тек әрекеттің сөйлеу формасының негізінде пайда болады. В). Әрекет идеалды жаққа немесе толығымен немесе өзінің бағыттану бөлігінде ғана көшіріледі. Осы соңғы жағдайда әрекеттің орындаушылық бөлігі материалдық жақта қалады да және бағдарланушы бөлікпен бірге өзгере отырып, ең соңында қозғалыс дағдысына айналады. Г). Әрекеттің идеалды жаққа, атап айтқанда ақыл-ой жағына көшуі оның пәндік мазмұнының осы әрбір жақтардың құралы арқылы бейнеленуі арқылы беріледі және әрекет формаларының көпретті, тізбекті түрде өзгеруімен көрінеді. Д). Әрекеттің ақыл-ой жағына көшуі, интериоризациялауы оның өзгеруінің тек бір ғана бағытын құрастырады. Басқа, сөзсіз болатын және маңыздылығы одан төмен емес ағымдар өзгерістер құрайды: әрекеттер буынының толықтығын, оларды бөлу өлшемдері, оларды меңгеру өлшемдері, қарқыны мен күштік көрсеткіштердің ырғағы. Бұл өзгерістер біріншіден, кері байланыстың формасы мен орындалу әдісінің ауысуымын, екіншіден, қол жеткізілген әрекеттің сапасын анықтайды. Осы өзгерістердің біріншілері идеалды орындалған әрекеттерді бірдемеге тап қылады, ол барып өзін-өзі байқауда психикалық процесс ретінде ашылады; екіншілері әрекеттің иімділік, ақыл-парасаттылық, саналылық, сындарлық сияқты қасиеттерін қалыптастыруды басқаруға мүмкіндік береді».
Оқытудың осы бағыттарының теоретикалық негіздемеленіп қосылуы білім беру процесінің негізгі сипаттамаларын шығармашылықтық тұрғыдан қолдануды шын мәнінде жүзеге асыра алады: оның басқаруға көнуін, меңгерудің психологиялық ерекшеліктерімен салыстырылуын, атап айтқанда оқушылардың ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерімен, бағдарламаланушылық, белсенділік, өз бетімен әрекет жасаушылық және оқушылардың жеке бастарының ерекешеліктерін ескеру болып табылады.
Семинар сабағының сұрақтары:
1. Л.Н. Ланданың алгоритмдеу арқылы оқыту процессі. (сызба ретінде көрсету).
2. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас анықтыма беру.
3. В.А. Крутецкий бойынша оқытудың проблемалығы деңгейлерінің схемасын ұсыну.
4. Оқытудың болашақ қызметпен байланысы (А.А. Вербицкий).
5. К. Коффка бойынша еліктеп оқыту теориясы.
6. Оқыту әдістері.
Пайдалануға берілетін әдебиеттер.
1. И.А. Зимняя. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ. 2005ж. 56-70 бб.
2. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А. Психологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды, 2012
|