Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Мұғалімнің оқушыны түсінуі, сыныпты басқара алу қабілеті



бет25/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

Мұғалімнің оқушыны түсінуі, сыныпты басқара алу қабілеті.
Педагогикалық қызмет — адамзат еңбегіндегі күрделі салалардың бірі. Мұғалім шешуге тиісті міндеттерге, оның қоғам үшін өте маңызды функциялары мен қызметінің күрделілігіне қарап, қоғам- мұғалімнің жеке басына және кәсіптік қасиетіне жоғары талап кояды. Мұғалімдер меңгеруге тиісті неғұрлым елеулі жеке қасиеттерді атап өтейік:
1.идеялық шынығу, саяси кемелдену, жоғары коммунистік саналылық;
2. әлеуметтік жауапкершілікте жоғары дамыған сезім;
3. ізгілік, интеллектуалдық жетілу және моральдық тазалық, яғни коғамның бала бойына сіңіргісі келетін өзін-өзі ұстау, байыптылық сияқты адамгершілік мұраттарға сәйкес болу.
Мұғалімнің кәсіптік мінездемесіне қоғамның қоятын негізгі талабын төмендегіше атауға болады:
-маркстік-лениқдік теорияны меңгеру;
-жалпы жан-жақты білімділік, білімнің әр түрлі саласынан хабардар болу;
-педагогтық, әлеуметтік және жас шағы психологиясын, педагогиканы, жас шағы физиологиясын, мектеп гигиенасын терең білу;
- беретін пәнін, соған сәйкес ғылымның жаңа жетістіктері мен ағымын жете білy;
-оқыту және тәрбиелеу методикасын білу;
-іске құмарлык, өзі сүйіп айналысатын істі балаларға үйрете білу; ------жұмысқа шығармашылық көзқарас;
-балаларды, жете білу, олардың ішкі дүниесін түсіну, педагогтық деңгей;
-педагогтық техниканы (қисындылықты сөйлеуді, сөйлеудегі мәнерлілік құралдарын т. б.) және педагогтык әдептілікті меңгеру;
-білімі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыру.
Мұғалімнің жеке де кәсіби қасиетінің маңыздысы — балаларға деген сүйіспеншілігі деп есептеу керек, педагогтық қызметтің тиімділігі де онсыз мүмкін емес.
Әрбір мұғалім осы талаптарға неғұрлым жоғары дәрежеде сәйкес болуға тырысуы қажет.
Педагогтық қызмет процесінде мұғалім, бір жағынан, балаларды тәрбиелейтін, қоғам белгілеген тәрбиеніқ мақсаты, мазмұны, негізгі тәсілдері және формаларын жүзеге асыратын көпшілік уәкілі ретінде көрінеді. Және бұл рольде ол көбіне тәрбиенің шынайы адамгершілік идеяға ұмтылысы, бар әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Оның куәгері — адамгершілік идеяға ұмтылысы, бар әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Оның куәгері – Кеңестік тәрбие жүйесінің зор жетістіктері. Екінші жағынан, мұғалім педагогтық қызметте жеке адам ретінде көрінеді (бұл оның ықшам кәсіптік мінездемесінен гөрі неғұрлым толықтау мінездемесі). Өзінің жеке даралығын көрсете отырып мұғалім одан қоғам күтетінден әр кезде жоғары дәрежеде бола бермеуі мүмкін. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді олардың күрделі функцияларын жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық даярлау проблемалары аса маңызды орын алады. Бұл саладағы арнайы зерттеулер Кеңес ғалымдары Ф. Н. Гоноболинге, Н. В. Кузьминаға, В. А. Сластенинге т. б. жатады.
Қоғам қойып отырған тұтас талаптармен бірге мұғалім өзінін іс-әрекетін өзін қоршаған адамдарға: мектеп басшылығына, қызметтестеріне, окушыларға, олардың ата-аналарына сәйкес бағыттайды. Мұғалімнің өзі-нің жұмысынан не күтетіні де маңызды. Осы барлық үміт қоғамныц мұғалімге қойған талабының бастамаларымен сәйкес болғанымен, өзіндік ерекшелігі бар және бір-бірімен барлық жагдайда тура келе бермейді. Мысалы, олар кейде халық ағарту қызметкерлері мен мектеп басшылары арасында сәйкес болмауы мүмкін. Зерттеу көрсеткендей, аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі мен мектеп директоры мұғалімнің жекелеген қасиеттерін түрліше бағалайды. Мысалы, аудандық халық ағарту бөлімінін меңгерушісі, алдымен мұғалімнен пәнін және оны өткізу әдісін жете білуді күтеді, ал мектеп директоры бұны тек қана үшінші орынға қояды. Сонымен қатар аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі мұғалімдердің оқушыларымен, олардың ата-аналарымен, әріптестерінің араласу шеберлігіне онша көңіл бөлмейді, ал мектеп директоры бұл мәселені мұғалімнің жеке басына жүктелетін талаптардың ішінде бірінші орынға қояды.
Әлеуметтік үміт нақтылы жеке адамның (нақтылы мектеп директорынын, болмаса халық ағарту органдарының басшыларының), санасы мен мінез-құлқына тәуелді емес. Ол тұтас белгілі әлеуметтік топқа тән нәрсе (бұл, әрине, әрбір жеке адам өзінің тобындағы әлеуметтік үмітке әсер етпейді деген сөз емес). Мұғалімге қатысты әлеуметтік үміт оның айналасындағылардың түрлі топтардары адамдардың көптеген факторларының ықпалымен пайда болады. Тұтас қоғамдық талаптарға негізделе отырып, әлеуметтік үмітте қала не ауыл тұрғындарының түрлі кәсібі және жас шағы топтарына тән мәдени дәстүрлер элементтері болады. Әлеуметтік үміттерде кейде небір әдет-ғұрып, ескілікке сенушілік байқалады. Әлеуметтік үмітте мәндік белгі болмайды: олар жеке мұғалімге емес, осы жұмысты атқаратын кез келген адамға — жалпы мұғалімге — бейімделеді.
Мысалы, оқушылардың ата-аналары оқытушылардан, нақтылы мұғалімнің еңбек стажы мен жасына қарамастан, тәрбие және оқыту шеберлігін күтеді. Оқушылар мұғалімдерді үш топқа жататын қасиеттері бойынша сипаттайды: қарым-қатынасқа байланысты қасиеттер (мұғалім мейірбан, әділетті, адал, балаларды сүюі керек): сыртқы қасиеттері және мінез-құлық мәнерімен (сезімтал, талапкер); оқыту процесіне байланысты қасиеттер (өзінің пәнін білу, оны түсіндіре алу).
Жекелеген топтардағы әлеуметтік үміт олардын, нақтылы мұғалімдерге берген бағасымен бірдей шықпауы мүмкін. Мысалы, бірқатар педагогтың ұжымында жүрізілген арнайы зерттеуі, мұғалімнің үлгілі бейнесі туралы педагогтардың түсінігі көп жағдайда олардың «үздік» мұғалім қатарына қойған өзінің қызметтестерінің бағасына тура келмегенін байқатты. Жекелегең жағдай болмаса, зерттелген адамдарда үлгі мен берген бағасының нақтылы белгісінде бірде-бір «үздікті» мұғалімге жақын елеулі байланыстар байқаған жоқ.
Тәрбие процесінің тиімділігіне талаптын өсіп отырғандығынан мұғалімніқ жеке басына және әлеуметтік үміттің арта түсетіннін ескеруіміз қажет. Мұғалімлер өзіндік орнын толықтырушы (компенсатор) ретіндежанұяның балаларга бере алмағанын, оқушылардың сезінетін түрлі ықпалдарының көрсеткіштерін көргісі келеді; одан тәрбиедегі жетілуге тез дамуына байланысты пайда болатын қиындықтарды тудырмауды күтеді.
Қоғам талаптары, түрліше әлеуметтік үміттер, педагогтың жеке-даралығы, оның осы талаптарға жауап беруге субъективтік даярлығы жинақтала келіп, нақтылы мұғалімнің педагогтық кызметі қалай құрылып келе жатқандығын айқындайды.

1

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет