Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§ 2. Психология ғылымының салалары мен тармақтары



бет2/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Дәрістер тезистері

§ 2. Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген. Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіпдамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін.
Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері.
Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.
Инженерлік психология – еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, өңдеу оны жобалау үлкен орын алады.
Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зерттеумен айналысады.
Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді.
Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады.
Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарымқатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күшқуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық психология салалары бар.
Ғарыш психологиясы – психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.
Өнер психологиясы – қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Өнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық көркемдік және әдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.
Әлеуметтік психология – әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады.
Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талаптілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады.
Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет