Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет27/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Дәріс Инновация 2023

5. Интерактивтік планшет. Балаларға және ересек адамдарға өте ынғайлы планшет. Ол ықшамдылық пен жинақылыққа ие. Ақпараттарды қаламұштың көмегімен енгізуге арналған құрылғыдан тұрады. 6. Интерактивтік дауыс берудің жүйесі (дауыс беруге арналған пульттер). Бағдарламалық қамтылуы және аппаратуралар кешенінен тұрады. Бұл технология, радиожиілікте жұмыс істейтіндіктен әрбір пультке жеке ат берілуі мүмкін. Тәрбиешінің сұрақтарына балалар жауап береді, тетікті басады, содан соң нәтижесін көреді. Сондықтан балалар үшін қызықты немесе түсініксіз нәрселерді білуге және аздаған уақыт ішінде білім деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
7. Камера-құжат - жабдықтың жаңа түрі, кез келген абсалюттік нысанның кескіндеменің сапасын үш өлшемді таратуға мүмкіндік береді. Әртүрлі интерфрейстердің арқасында бұл кескіндемелерді экран арқылы ғана таратып қоймай , оларды компьютерге енгізуге, ғаламтор арқылы жіберуге, теледидар экранынан көрсетуге болады. Компьютерге суреттерді жіберген кезде оларды фотосурет үлгісінде, сондай-ақ бейнематериал үлгісінде жіберуге болады, ал егер оған микрофон қосатын болса дауысымен бейне жазба жасауға да болады.
8. Интерактивтік сөйлейтін қалам. Бұл қалам көптеген қызметтер атқарады және балаларға тіл үйрету кезінде жақсы көмектеседі және оның көмегімен бала жазуды, оқуды, көлемді, түсті айыруды, заттарды, әртүрлі өсімдіктер мен жануарларды атауды үйренеді. Есту, көзбен шолу және түйсінуге ынталандыру балаларды үдеріске қызықтыруға жетелейді. Сөйлейтін қалам балалардың танымдық белсенділігін арттырады, оқытуға қажетті дағдылары мен біліктерін қалыптастырады. Демек балаларды ерте жастан дамытуға өте қолайлы.
9. «Даналық әліппесі» («Азбука мудрости») зияткерлік, интерактивтік оқу-әдістемелік кешені - нұсқаулықтан, он екі кітаптан және сөйлейтін қаламнан тұрады. Кітапқа халық әндері, қобыз, сыбызғы әуендері, бесік жыры, ертегілер, эпостар, салт-дәстүрлер, қара сөздер, сонымен қатар қазақ халқының балаларға арналған құнды мәдени мұралары енгізілген.
«Даналық әліппесі» - бұл өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрге тәрбиелеуге, ата-бабаларымыздың дүниетанымын сақтауға, өз жерінің патриоты ретінде тәрбелеуге, балалардың бойына халық даналығын сіңіруге үлкен көмек беретін құрал. Бұл кітаптағы мәтіндерді сөз шеберлерінің тамаша орындауында тыңдауға және өздігінен оқуға болады.
10. Балаларға ағылшын тілін және математиканы үйретуге арналған E-blocks инновациялық сенсорлы оқытуды дамыту кешені балаларды үйретуге арналған мультимедиалық бағдарламалар жабдығының көмегімен жағдай жасайды. Оларды оқытудың негізгі сапалы құралдары ретінде пайдалануға, сонымен қатар басқа оқу материалдарын толықтыруға болады.
11. EduQuest мультимедиалық оқыту бағдарламаларының жиынтығы мен екі пултьпен басқарылатын интерактивтік үстелде дидактикалық материалдар мен дайын оқу жоспарлары қоса берілген және бала орналасқан ортада толыққанды оқу ортасын құруға жағдай жасалынған.
Сонымен қатар, қабылдауға қиын түсініктерді зерделеу үшін абстрактыдан нақтыға немесе керісінше, шынайы өтуді қамтамасыз етеді.
EduQuest-тің тақырыптық он модулі балаларды дамыту мен оқытудағы негізгі салаларды қамтиды. Тапсырма қиындығының түрлі деңгейі бекітілген оқу жоспарына ғана емес, сонымен қатар жеке оқу топтарының мақсаттарына сәйкес педагогқа тапсырма жүйесіне баланың бейімделуіне мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивтік жабдықтарды пайдалану педагогтардан барынша талап етілген жаңа мүмкіндіктерді ашады. Жаңа технологиялар әлемінің жетекшісі болу баланың ақпараттық мәдени тұлғалық негізін қалыптастыруға және компьютерлік ойындарды таңдауға балалар мен ата-аналар үшін де, баланың ақпараттық мәдени тұлғалық негізін қалыптастыру және компьютерлік ойындарды таңдау үшін де өте маңызды.
Инновациялық технологияларды интерактивтік құралдар негізінде қолдану әдістері
Инновациялық технологияларды пайдаланудың ең маңызды мақсаты тәрбиеші мен баланың арасындағы бірлескен танымдық қызмет нәтижесіне қол жеткізу болып табылады.
Инновациялық технологиялардың педагогикалық мәні - баланың танымдық қызметін нығайту, негізгі жеке қасиеттерін қалыптастыру, дербестігін көтермелеу.
Инновациялық технологиялар мектепке дейінгі білім беруде ең алдымен өзекті мәселелерді шешу үшін, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін, ата-аналардың өсекелең талаптарын іске асыру үшін пайдаланылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу және оқыту үдерісі интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды пайдалану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың дәстүрлі формаларына қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Технологтар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ерекше ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін, барынша мазмұнды және қызықты ұйымдастыруды, оқу материалдарын сапалы өңдеуді және баланың ынталану ортасын қосуды ұсынады.
Интерактивтік жабдықтар негізінде тәрбиелеудің инновациялық технологияларына интерактивтік оқыту технологиясын, жобалай оқыту технологиясы және компьютерлік технологияларды жатқызуға болады.
Интерактивтік жабдықтар мен инновациялық тұрғыда тәрбиелеу әдістерінің бірігуі білім беру бағдарламаларының сапасы мен тиімділігін, балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейіне қарай білім беру жүйесін бейімдеуді арттырады.
Инновациялық технологияларды пайдалану мен электронды дидактикалық ресурстарды құрудың әдістерін меңгеру, интерактивтік жабдықтарды пайдалана отырып ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін үлгілеу және жоспарлай білу педагогтарға тәрбиелеудің нақты міндеттерін шешуге көмектеседі, мектеп жасына дейінгілердің танымдық белсенділігін және ынтасын арттырады.
Интерактивтік құрылғылар үшін интерактивтік тапсырмалар қол жетімді болуы тиіс, педагогқа балалармен жұмыс істеуге арналған ресурстар – бір сөзбен айтқанда дамытушы ойындар қажет.
Өздеріңізге белгілі, мектепке дейінгі білім беру саласындағы оқыту әдістерін білімнің қайнар көзі мен танымдық іс-әрекетінің сипатына сәйкес бөлуге болады. Білім көзі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту әдісі ретінде демонстрациялық, көрнекілік, практикалық әдістерін пайдалану ұсынылады.
- Тәрбиеленушілермен зерттелетін нысандарды, құбылыстарды және үдерістерді зерттеу мақсатында көзбен көріп, қолмен ұстау үшін демонстрациялау әдісі пайдаланылуы тиіс.
- Көрнекілік әдісі заттарды, үдерістерді, құбылыстарды, олардың символикалық бейнесін (фотосуреттер, сызбалар) көрсетуді талап етеді.
- Практикалық әдіс (жаттығу) дағдылар мен іскерлігін қалыптастыруға бағытталған. Жаттығулар тілін, назарын, жадын, танымдық қабілеттерін, жеке қасиеттері мен дағдыларын дамытуға және оларды қолдануға ықпал етеді.
Танымдық қызметтің сипатына қарай мынадай оқыту әдістерін пайдалануға болады:
- Түсіндірмелі-көрнекілік, көрнекілік арқылы болжалды ауызша түсіндіру;
- Мәселені баяндау әдісі, мәселені шешімін табу жолдарын ұсынады;
- Ішінара - іздеу әдісі, педагог балалармен бірге берілген тапсырманы шешу;
- Компьютерлік дидактикалық ойындар әдісі.
Оқыту әдістерін таңдау балалардың мүмкіндіктерін, жасы мен психофизиологиялық сипаттамаларын ескере отырып анықталады.
Инновациялық технологиялар негізінде интерактивтік оқыту әдістері жатыр. Интерактивтік әдістермен қатысушылар бір-бірімен өзара әректтеседі, әдістерді түсінеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері педагогпен қоса барлық қатысушылардың өзара қатысуымен болады. Көптеген интерактивтік әдістер түрлі технологияларда өзара әрекеттеседі және көздеген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Интерактивтік оқыту технологиялары, білім беру қызметінің субъектісі ретінде, бала мен педагог арасындағы қарым-қатынас және өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруда білімді меңгерудің әдістері ретінде қарастырылады. Олардың мәні тек қабылдау, есте сақтау, назар аудару үдерістерінен ғана емес, ең алдымен шығармашылықта өнімді ойлау, мінез-құлық, қарым-қатынастан тұрады.
Балабақшаларда ең көп қолданатын интерактивтік әдістердің бірі «Рөлдік ойындар», «Миға шабуыл», «Синквейн» әдістері, жобалау әрекеті және т.б. Сонымен, мысалы, рөлдік ойын үдерісінде әрбір бала өзіне берілген рөл үшін «уайымдайды». Алған білімдері жеке-мәнді, эмоциялы-бояулы, өйткені үйренуші оқиғаның қатысушысы рөлінде болды. Жұмыстың ойын формасы белгілі бір көңіл-күй жасайды балалардың ойлау қызметін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет