Дәріс тұЛҒаның мотивациялық сферасы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.01.2024
өлшемі386.61 Kb.
#488433
1   2   3   4   5   6   7   8
2022 Болтаева А.М. Лекция -2

Мотивация теориялары. Мотивацияның мазмұндық теориялары бірінші кезекте адамдарды 
әрекетке 
итермелейтін 
қажеттіліктерді 
анықтауға 
бағытталған. 
Мотивацияның 
қазіргізаманғытұжырымдамаларының ең негізін қалаушылардың ішінен үш адамды атапайтуға 
болады. Олар: Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберг және ДэвидМакКлелланд.
1. Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы)  
Американ психологы Абрахам Маслоу жасап шығарған кең танымал және көп қолданылатын 
қажеттіліктер теориясы мына негізгі идеялардан және алғышарттардан тұрады:
- Адамдар үнемі белгілі бір қажеттіліктерді сезінеді;
- Адамдар қатты сезілетін қажеттіліктердің жиынтығын байқайды; ол қажеттіліктер бөлек 
топтарға бірігуі мүмкін;
- Қажеттіліктер топтары бір – бірімен иерархиялық қатынаста орналасады;
- Қажеттіліктер қанағаттанбаған жағдайда олар адамдарды белгілі бір іс–әрекеттерге 
итермелейді;


- Егер де бір қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнына қанағаттандырылмаған басқа 
қажеттілік пайда болады;
- Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер жалпы түрде 
қанағаттандырылған соң белсенді түрде адамға әсер ете бастайды;
- Жоғары деңгейдегі қажеттілік тертөменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда амалдардың 
көп мөлшерімен қанағаттандырылуы мүмкін;
Маслоудың теориясы бойынша қажеттіліктерді бес топқа бөлуге болады:
Маслоу концепциясы бойынша, әрбiр адамда өмiрге келген сәттен бастап, белгiлi бiр 
қажеттiлiктер жүйесi бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп 
орналасқан. Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi үшiн 
маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы артады. Осы төменгi 
деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттiлiктерi бой көрсете 
бастайды.
 
Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас) 
 
Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сәтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан қауiпсiз сезiну, өз-өзiн 
қорғау қажеттiлiгi), 
 
Сүйiспеншiлiк және өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада қабылдануы, танылуы, 
ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi), 
 
Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа жету, құптау, 
жетiстiгiн мойындату). 
 
Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн жүзеге асыру, 
жеке тұлғасын дамыту).
Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген қажеттiлiк. 
Қажеттiлiктердiң иерархиялық жүйесi бастапқы мотивацияның -өзiн-өзi актуализациялауды жүзеге 
асыруға бағытталған. Өзiн-өзi актуализациялау олар арқылы адамның даралылығының қалыптасуы 
үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк 
негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн 
мотивацияның ерекше типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тәуелдi және 
iшкi, сыртқы мотивтер арқылы анықталады. 
Бұл қажеттіліктер басқа қажеттіліктерге қарағанда көбінесе жеке сипатта болады, себебі 
адамдар өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылады және тұлға ретінде дамуына 
мүмкіндік туады. Маслоу теориясы бойынша бұл айтылған қажеттіліктерді қатаң иерархиялық 
құрылым ретінде орналастыруға болады.
Осы қажеттіліктері бар адамдар көбінесе, өзін және басқаларды қабылдауға ашық, бірнәрсе 
жасағыш, ойлап тапқыш және тәуелсіз болады. Осындай адамдарды басқару барысында оның 
қабілеттіліктерін толығымен іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретін ерекше тапсырмаларды берген 
дұрыс.
Маслоудың қажеттіліктер теориясы қажеттіліктердің табиғатын анықтайтын сұрақтарға жауап 
бере алмады. Осы теорияның негізгі міндеттері адамның жұмысқа деген мотивациясына белгілі бір 
қажеттіліктер қалай әсер ететінін, адамдарға олардың қажеттіліктерін белгілі бір сипатта 
қанағаттандыруына мүмкіндік бере отырып, оларға әсер етуге тырысуды көрсету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет