Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Дәріс 2. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің салалық құрылымы



бет3/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

Дәріс 2. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің салалық құрылымы
2.1 Салалық құрылымды анықтайтын факторлар
2.2 Тұрмыстық қызметтің функциональдық бағытталуы
2.3 Тұрмыстық қызметтің салалық топтары, олардың динамикасы және даму бағыттары
1 Салалық құрылымды анықтайтын факторлар
Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыруды, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулықты нығайтады және көңіл күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсыртуға мыңызды әсер етеді. Ол сондай- ақ жалпы ұлтытқ табыстардың өсуіне әсер етеді.
Қазіргі сатыдағы қызмет аясының маңыздылығының өсуі оның салаларындағы қосымша еңбек көлемімен дәлелденеді. Қазіргі қазақстадық жағдайының ерекшелігі өндіріс пен қызмет аясында жиналғын әлемдік тәжірибені ескере отырып, менеджменттің және маркетингтің бір уақытылы қызмет етуі мен дамуы болып табылады. Бүгінгі күні әр қызмет өндіріуші қатаң бәсекелестік ортада қызмет етеді, бұл әлемдік қызмет аясының кеңінен тенденциясымен негізделеді.
Адамдардың материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттындыру дәрежесі және қол жеткен деңгейіне, сонымен қатар, қызмет көрсету аясының барлық салаларын әрі қарай дамыту және жетілдірудің көптеген мәселелері жатады. Бұл жетілдірудің жеке жолдары мен бағыттарын авторлар тек теориялық, әдіснамалық негізі емес , сондай- ақ тәжірибелік негізінде де басқа елдермен салыстыранда Қазақстан Республикасының қызмет көрсету аясының көп түрлі және жан- жақты әрекеттердің тәжірибесінде зерттеуге тырысты.
Нрықтық экономика жағдайда уй шаруашылықты, өндірістік, және сауда фирмалары арасында, түрлі ұйымдар арасында, қызметкерлер мен фирмалар арасында, соңғысы мен мемлекеттер арасында әр түрлі экономикалық байланыстар бар. Мұндайда олардың қозалыс механизмін білмеу себебін туындайтын нарықтық қатынастар дамуының клеңсіз құбылысары қоғамның іргелуіне кедергі болатын факторлар қызметін атқарады, осыған байланысты экономикалық әдебиетте шешімдерді шаруашылық механимзмін жетілдіруде, оның ішінде, қызмет көрсету аса маңызды роль атқаратын тауар- ақша қатынастары, нарықтық экономиканы дамыту мәселесіне аса назар аударып отыр.
Қызмет көрсету нарығы барлық нарықтарға ортақ схема бойынша қалыптасады. Қызмет көрсету нарығы сол немесе басқа дәрежеде тұрмыстық, көліктік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, делдалдық, ақпараттық және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа қызмет түрлерін қамтып отыр.
Қазіргі заман адамдардың өмірі, қандай дегенмен қызмет көрсетумен байланысты. Себебі қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, банктік бизнес те, байланыс та, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және тағы басқа жатады.
Қызмет аясы еңбек және қоғамдық өзара қатынастың жетілдіруіне тікелей және жанама әсер етеді,өмір салтының қалыптасуына қатысады,қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-эканомикалық және мәдени-тұрмыстық айырмашылықтардың жойылуына әсер етеді.Сөйтіп оның халықшаруашылық маңыздылығы халықтың өмірлік маңызды мүдделерімен тікелей байланыстылығымен түсіндіріледі.Қызмет көрсету аясының маңызды әлеуметтік-экономикалық функциясы қызмет формасында өндірілетін халық үшін қосымша өмірлік игіліктерді құру болып табылады.
Қызмет саласы халық өмірінің бірққатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі.Ол халықтың әрдайын өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттындырады, оның бос уақытын көбейтеді,денсаулықты нығайтады және көңіл-күйін жоғарлатады,өмірсүру деңгейін ұзартады,қала және ауыл халықтың еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді.Ол сондай-ақ жалпы ұлтық өнімнің және ұлтық табыстың өсуіне әсер етеді.Материалды,еңбек және қаржы ресурстарын үнемдейді,қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі әсер етеді.
Қазіргі сатыдағы қызмет аясының маңыздылығының өсуі оның салаларындағы қосымша еңбек көлемімен дәлелденеді. Қазіргі қазақстандық жағдайдың ерекшелігі өндіріс пен қызмет аясында жиналған әлемдік тәжірбені ескере отырып, менеджменттің және маркетингтің бір уақытылы қызмет ету мен дамуын болып табылады. Бүгінгі күні әр қызмет өндіруші қатаң бәсекелестік ортада қызмет етеді, бұл әлемдік қызмет аясының кеңең тенденциясымен негізделеді. Соның ішінде қызметтендіру үрдісі әлемдік әр елінің тіршілік әрекетінің барлық жақтарын қозғайды, сонымен қатар ол дамыған елдердегі жалпы ішкі өнімнің 80%-ын және дамушы елдерде 55%-қамтамасыз етеді. Осындай текті экономикалық көрсеткіштер қарастырылып отырған мәселенің дамуы мен жетілдіруін негізді және терең талдаудың қажеттілігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет