Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің салалық құрылымы



бет2/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

Халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің салалық құрылымы

Қызмет көрсету – тұтынушынының күрделі бұйымдарды: машина, құрал-жабдық, тұрмыстық техника,көлік құралдарын өткізу және пайдаланумен байланысты қызметкерлер кешені. Қызмет көрсету негізгі қызметтерді жүзеге асыруының құралы ретінде: қонақ үй кешенінде қызмет көрсету, мейрамхана бизнесте қызмет көрсету және ақпарат бизнес көрсету.
Қызмет көрсету мақсаты қоғамдық және жеке тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазіргі қызмет адамның өмірі қалай дегенмен де қызмет көрсетумен байланыста. Себебі қызмет көрсету саудасына коммерциялық игілік, байланыс, банктік бизнес, көтерме және бөлшек сауда, көлік тасымалы, сақтандыру, заңды, медициналық білім беру қызметтері, т.б.жатады.
Қызмет көрсету сапасына мемлекеттік табыс та, фирма пайдасы да қолайлылық, тұтынушы қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады. Мұндағы байланыс тура әрі айқын, өмірді жеңілдетуге арналған сапалы қызметкерлер назар аудартады. Оларды қолдануға ықылас тудырады. Бөлшек саудада туындауы оңтайлы жағдай тұтынушыға біреуін екіншісімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Қызмет саласын дамыту қажеттілігі халықтық тұтыну құрылымында біршама қайта құруды, қызмет үлесінің өсуімен материалдық тұтынушылардың меншіктік салмағын талап етеді.
Қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін түпкілікті жақсарту, сәйкес кәсіпорын желісін кеңейту, қызмет көрсету көлемін арттыру, олардың жаңа түрлері мен формаларын еңгізу қажет. Әлеуметтік қызметткерлер мақсатына байланысты білдіреді:
1.Әлеуметтік-тұрмыстық
2.Әлеуметтік-медициналық
3.Әлеуметтік-психологиялық
4.Әлеуметтік-экономикалық
5.Әлеуметтік-құқықтық
Нарықтық экономика жағдайына үй шаруашылығы,өндіріс және сауда фирмалары арасында түрлі ұйымдар арасында қызметкерлер мен фирмалар арасында мемлекет арасында әр түрлі экономикалық байланыстар бар. Мұндайда олардың қозғалыс механизмін білмеу себебінен туындайтын нарықтық қатынастар дамуының кенеңсіз қоғамның игерілуіне кедергі болатын факторлар қызметін атқарады, осыған байланысты экономикалық әдебиетте шешімдерді шаруашылық механизмін жетілдіруде, оның ішінде «қызмет» көрсету нарығында «сервис» сапасын көтеруге аса маңызды рол атқаратын тауар-ақша қатынасы нарықтақ экономиканың даму мәселесіне аса назар аударып отыр. Нарық нәтижесі тауар мен қызмет көрсетудің айналым процестерін болып саналатын алып сату қатынастарын болжайды. Қазіргі кезенде мәселе тек өгдіріс туралы ғана емес көбіне тауар өткізу, сауда қызмет көрсету сапасы туралы да болып отыр.
Фирмалардың тиімділігін көтеру мәселелерін шешу енді тауарлар айналымның және қызмет көрсету саласына аударылып отыр. Қызмет көрсету нарығы барлық нарықтарға ортақ схема бойынша қалыптасады. Қызмет көрсету нарығы сол немесе басқа дәрежеде, тұрмыстық, коммуникациялық, көліктік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, делдалдық, ақпараттық және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа қызмет түрлерін қамтып отыр. Қызмет көрсету нарығының дербес бөлігі өндірістік қызметтер, яғни өндірісте қызмет көрсету бойынша қызмет түрлері қатысады. Таза нарықтық экономикада мемлекет тарапынан ешқандай жәрдем ақша болмауы қажет, бірақ тәжірибеде саяси, әлеуметтік сияқты моральдық жағынан да оларсыз күн көру мүмкін емес. Әсіресе, сөз білім беру жайлы болса. Материалдық игіліктер, қызметтерді ажырататын белгілер: 1. Бөлшектеп, ұстауға, өлшеуге, химиялық қасиетін білуге болмайды.
2. Қызмет өзінің қайнар көзінен бөлінеді.
3. Сапа тұрақсыздығы.
4. Қызметтің сақталмауы.
5. Қызметті көрсетуде меншік құқығын берудің болмауы.
3. Қоғамдық саладағы тұрмыстық қызметтің мәні
Қызмет саласында немесе сервистік іс-әрекетте экономиканың көптеген салалары, атап айтқанда сауда, қаржы, көлік, денсаулық сақтау, көңіл көтеру индустриясы, спорт, сонымен қатар ғылым саласы, білім беру және басқару жатады.
Ресей ғалымдары сервистік іс-әрекеттің нақтырақ классификациясын былай бөледі:

  • Тұрмыстық қызметтер;

  • Жүк және жолаушы көлігі қызметі,байланыс;

  • Тұрғын үй-коммуналды қызмет;

  • Білім беру жүйесі,мәдениет,туристік-саяхаттық қызметтер;

  • Дене шынықтыру және спорттық,медициналық,емдеу-сауықтырулық

қызметтер;

  • Құқықтық қызметтер.

Мұнымен қоса сервистік іс-әрекеттің басқа да жіктелуін қарастыруға болады: материалдық-өзгерістік, танымдық, құндық-бағдарлық, байланыстық.
1. Материалдық-өзгерістік іс-әрекет – адам арқылы табиғаттың,қоршаған ортаның,қоғам мен адам ағзасының өзгеруі.Бұл саладағы қызметке жеке тұлғалық,оның ішінде жеке адамның материалдық қажеттілігінқамтамасыз ететін қызметтер жатады.Мысалы: арнайы тапсырыспен әртүрлі заттар мен құралдарды жасау,тауар тасымалдау,жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Сонымен қатар материалдық салаға жеке тұлғаның кейбір қажеттілігін қамтамасыз ету, ғни медициналық қызметтер, тұрмыстық қызметтер, қоғамдық тамақтану қызметі, білім беру саласындағы қызметтер де жатады.
2. Танымдық іс-әрекет тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады және білім мен ақпарат талап етеді.Бұл типке білім беру саласындағы қызметтер жатады.
Ақпаратты қабылдау,өңдеу,құрылымдау қызметтері қазіргі таңда ірі салаға айналып,ақпараттық сервис деп аталады. Бұл саладағы негізгі ақпарат көзі интернет болып табылады.Танымдық іс-әрекетті қамтамасыз ететін ақпараттық сервис бірнеше сатыдан тұрады:

  • Эмпирикалық - жеке фактілер мен оқиғалар туралы ақпаратты жеткізу;

  • Теориялық – саланың дамуына қажетті ақпаратты анализдеу.

3. Құндық-бағдарламаның салаға мораль, мәдениет, саяси іс-әрекеттер жатады. Бұл саладағы іс-әрекеттер жарнама экспертиза, психо анализ, имиджейкерлік қызметтер, көркемдеу қызметтері, діни рәсімдер қызметтері арқылы жүзеге асырылады.
4. Байланыстық іс-әрекет – бұл жеке адамдар және ұйымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер қызметі.
Қоғамдық тамақтану қызметінің нарығы.
Қоғамдық тамақтану қоғамның ұдайы өндірістің негізгі функцияларын: өз кәсіпорындарында дайын өнімді өндіру, өткізу және тұтынуды ұйымдастыруды орындайтын экономиканың айрықша саласы.Халыққа материалды және материалды емес сипаттағы игіліктерді өткізу тауар-ақша қатынасының негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар,ұдайы өндіріс үрдісінде өндіріс пен тұтыну арасында байланыс қамтамасыз етіледі.
Халықтың жұмыс және оқу орны бойынша қоғамның тамақтану кәсіп орынның жаппай түрінің жоғарғы тиімділікпен қамтамасыз ету маңыздылығы мен алдыңғы қатарлығын ескере отырып,олардың қызметін жақсарту бойынша бірнеше ұсыныстар айқындалып,жалпыланды.Өндірісте қоғамдық тамақтану кәсіп орынның қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар кешеніне төрт негізгі топ жатады:

  1. Жүйенің дамымауын, кезекті, жай қызмет көрсетуді жою бойынша шаралар:

  • Қызу уақытында қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының өткізу қабілеттілігін жоғарылату, залдарды тиімді пайдалану;

  • Сауда және қоғамдық тамақтану орнының құрал-жабдығын тиімді пайдалану;

  • Кәсіптің бірігуін ескере отырып,мамандарды толығымен жүктеу (техник-кулинар және т.б.);

өзіне қызмет көрсетуді және басқа формаларды қолдану;тұтынушылардың уақытын үнемдеу факторы сияқты кешендік түскі астарды енгізу;тұтынушылармен есептесу және тапсырыс жүйелерін автоматтандыру
4. Тұрмыстық қызметтің негізгі заңдылықтары мен кезеңдері
Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету түрлері кеңінен дами бастады, осыған қарай даму кезенін келесідей қарастырамыз:
1 кезенде: мамандар пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтарын өндіруімен байланысты еместің барлығы қызметке жатқызылады.
2 кезенде: қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады. Осы кезде қызмет келесідей анықтамаға ие болды : Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі.
3 кезенде: Қызметтің мәнін толық және нақты ашуға мүмкіндік береді және материалды талабы бар қызметтерді, қасиеттерін тереңірек салыстыру қажеттілігі туындады.
Материалды игілікте қызметтерді ажырататын белгілер:
1. Бөлшекке ұстауға, өлшеуге, химиялық қасиетін білуге болмайды.
2. Қызмет өзінің қайнар көзімен бөлінбейді.
3. Сапаның тұрақсыздығы.
4. Қызметтің сақталмауы.
5. Қызметті көрсетуде меншік құқығын берудің болмауы.


Бақылау сұрақтары:
1. Қызмет анықтамасы оның түрі
2. Тұрмыстық қызмет көрсету маңыздылығы
3. Тұрмыстық қызметтің бөлінуі
4. Қызмет көрсетудің даму кезеңдері
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. И.М. Шатаев. Основы организации бытового обслуживания населения. Учебник для вузов:- М.: Легкая индустрия, 1980
2.Бытовое обслуживание населения: Управление эффективностью отрасли / Л.Л. Постников, В.Я Дубра , В.В Синицын — Рига: Лат НИИНТИ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет