Анри Бергсон (1859-1941 ж.ж.) - “өмiр философиясының² шеңберiнде “шығармашылық талпыныс² ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгiлi бiр толыққанды бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол сол өмiрдiң қалдықтары. Өмiр - “өмiрлiк талпынысқа² (elan vital), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгерiс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан, табиғаттың тарихи күделенуi, өрлеуi - өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. Олай болса, Дүние - бiрегей, тоқталмайтын, үне бойы жаңа формаларды бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық .
А.Бергсонның ойынша, адам жағалай қоршаған материалдық дұниеге өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенiмiз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-бiлуi, - ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн тудырады. Интеллектiң қайнар көзi - адамның материалдық дұниедегi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiгiн қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды басқаша тұрде қайта құрастыру - интеллектiң негiзгi iсi. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгерiп жатқан Дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi “жасанды тұрде² көрсеткен сияқты - онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де , бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде экранда “қозғалыстағы өмiрдiң² көшiрмесi пайда болады. Интеллект Дұниедегi ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар, оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн - өмiрдiң өзiн - танып-бiле алмайды. А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының бар екенiн мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегенiмiз - ол затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектке ашылмайтын, жағына өтiп оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табылады. Интуиция дегенiмiз - рухтың алғашқы негiзi. Ол - өмiрдiң өзi. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектке бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектке бағынышты. Алайда, кейбiр “шекаралық жағдайда², адамның өмiрiне қауып түскен, я болмаса оның басына “тағдырлық² ақуал келген кезде, интуиция интеллектiң құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседi.
Адам - шығармашылық пенде, өйткенi “өмiрлiк талпыныс² оның iшiнен өтедi. Алайда, өмiрдi терең сезiну интуициясы тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен, А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнiнде элитарлық көзқарас ұстайды.
А.Бергсонның әлеуметтiк философиясына келер болсақ, ол адамның өмiр сұруiнiң екi түрiн мойындайды. Көп жағдайда адам “сыртқы² өмiрдiң шеңберiнде - өзiне емес, басқа адамдар үшiн өмiр сұредi. Тек қана өзiмiздiң iшкi өмiрiмiзге терең үңiлiп, бiз өзiмiздiң ерiктiгiмiз бен биәлеуметтiгiмiздi анықтай аламыз. Бiрiншi өмiр формасын ол “жабық², екiншiсiн “ашық² қоғамға жатқызады. Жабық қоғамда тұлға ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмiрi мен шығармашылық қызметi ұстем болып келедi.
Қорыта келе, бiз А.Бергсонның философиясының бiршама қайшылықтарының бар екенiн байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан-дүниесiнiң нәзiк жақтарын толығынан жете бiле алмайды. Интеллект есептейдi, бөледi, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебiз бiлiнедi. Адам көп жағдайда өмiрдiң терең жақтарын бисаналық түрде өзiнiң барлық жан-тәнiмен сезiнуi мүмкiн. Мұның бәрi де дұрыс. Бiрақ, А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбiр терең дұниетанымды жоққа шығарады. Өйткенi, интуициямен сезiнгендi ұғым арқылы түсiне алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткiземiз? Дүниедегi “шығармашылық талпыныс² үне бойы қайталанбайтын өзгерiстердi тудыра берсе, онда дүниедегi барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер едi. Әрине, ол мүмкiн емес. Дегенмен, А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негiзiнде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол ХХ1 басқа философиялық ағымдарға өзiнiң зор әсерiн тигiздi.
Достарыңызбен бөлісу: |