Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Славянофилдер мен батысшылар ағымы



бет108/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   175
lektsii po filosofii

Славянофилдер мен батысшылар ағымы
Алтын Орда² мемлекетiнен өз дербестiгiн алып Мәскеу княздiгiнiң Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезiнде Орыс халқының “ұлылығы², “артта қалған² Азия халықтарын православиялық дiнге еңгiзу, орыс тiлiн, мәдениетiн үйрету негiзiнде дұниежүзiлiк цивилизацияның шеңберiне тарту идеясына негiзделген “Мәскеу - үшiншi Рим² деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзiндiк болмысы мен мәдениетi, философиялық ой-пiкiрi бар деген славянофильдiк ( славяндықты сұю) ағымды тудырды.
Екiншi бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екi ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерiнен қалып қойды, сондықтан, орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлiм-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды “батысшылар² деп атай бастады. Осы екi ағым арасындағы күрес өзiнiң шиеленiсiне ХIХ ғ ортасында жеттi. Ақырында, большевиктер бұл шиеленiстi “батысшылардың² пайдасына шештi. Алайда бұл екi ағым арасындағы астыртын кұрес әрi қарай жүре бердi.
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдiң алдында “Бiз кiмбiз және қалай қарай дамуымыз керек? ,- деген сұрақ тағы да дүниеге келiп, аз уақытта тағы да “батысшылардың² пайдасына шешiлдi. Бiрақ, либерализм жолы әлеуметтiк құрылымда аз өте бай топпен қатар негiзгi халықтың қайыршылануына әкелiп, ХХI ғ басында саяси элитаның ауысуына, “мемлекетшiлдердiң² билiкке келуiне себеп болды. Бұлардың көзқарастарының “славянофильдерге² жақынырақ екенiн, сонымен қатар, олардың Батыс тәжiрибесiн (әсiресе, жаңа технологияларды) де игеру қажеттiгiн бiлетiнiн айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегi философиялық ой-өрiстi жете түсiнуге мұмкiншiлiк бере ме деген ойдамыз.
Ендi әңгiменi нақтылай келе “батысшыларға² келер болсақ, бұл ағымның негiзiн қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдерi қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемелiне келген, орнықты, тәртiптi. Еуропа құндылықтарына ол жан-ұя ошағына берiлгендiктi, парыз бен жауапкершiлiктi, азаматтық ерiктiктi қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негiзделген күшке табыну, соның нәтижесiнде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекi нәрселердi көремiз. Мұның негiзгi себебiн П.Я.Чаадаев Ресей халқының дiндi “бишара Византиядан² алып, Еуропаның католиктiк бiрлiгiнен шығып қалғанынан көредi. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжiрибесiн игерiп, олардың жiберген қаталарын қайталамай, өзiнiң болашағын ағарған зерденiң негiзiнде құруы керек.
П.Я.Чаадаевтiң көзқарасы Ресейдiң бiршама зиялыларына зор әсерiн тигiзiп, “батысшылар² тобының қалыптасуына әкелдi. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсiне табынғандай қарап былай деп жазды: “Еуропаның бiр жылы Азияға бiр ғасыр, Еуропаның бiр ғасыры Азияға мәңгiлiктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарып өзiнiң тамаша жемiстерiн бердi. Өмiрдiң көп келбеттiлiгi, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзiктiлiгi, ғылым мен өнердiң дамуы, табиғаттың бисаналық күштерiн бағындырып игеруi, материяның жеңiлiп, рухтың көкке қарай өрлеуi, адамның кiсiлiгiн сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы...- бәрi де Еуропа өмiрiнiң дамуының нәтижелерi,- деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгiнгi Батыс руханиятын көрсе, мұмкiн мұндай көзқарасқа түзету еңгiзер ме едi, кiм бiледi?
“Батысшылар² Ресейдi “византиялық-православиялық² ноқтадан құтқару керектiгiн, тұлғалар өз таңдауының негiзiнде iс-әрекет жасау мұмкiндiгiн алуы жөнiнде бiршама терең ойлар айтты. Бiрақ, олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкiл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын iске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениетi православиялық дiннiң шеңберiнде дамуы керек. Олар “патшаныкi - патшаға, Құдайдікi - Құдайға² деген қағиданы ұстады. Яғни, мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал iшкi жаңару - православиялық- халықтық мәдениеттiң iсi. Тек iшкi рухани жаңарудың негiзiнде ғана iзгi қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзiнiң iшкi мұмкiншiлiгiн сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жұрiп жатыр,- деген көзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негiзгi мәселелердiң бiрi - Ресей қоғамы жекелiктiң, я болмаса қауымдастықтың негiзiнде даму керек пе?,- деген сұраққа жауап ретiнде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмiр сұру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. қауымдастықтың шеңберiнде ғана рухани бiрлiк бар. Қоғамның дамуының негiзiнде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керiсiнше, адамды сұю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. “Бiз сүйiп сенемiз, олай болса, өмiр сұремiз²,- деген нақыл сөздiң астына әрбiр славянофил өз қолын қойған болар едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет