Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет106/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   175
lektsii po filosofii

ХХ ғ дiни философия
ХХ ғ ғылым мен техниканың керемет жетiстiктерi - адамзаттың ғарышты игерiп өз пайдасына жаратуы, атомның iшкi орасан-зор күш-қуатын адамзат игiлiгiне пайдалануы, осы екi - мега-әлем мен микро-әлем арасындағы ашылған миллиондаған табиғат сырлары, бiр қарағанда, дiни философияны қоғамдық сананың шеңберiнен алысқа ығыстырып тастаған болар деген ой келедi. Алайда, мұндай пiкiр шындыққа сай келмейдi, өйткенi, бiздiң жоғарыдағы ой-өрiсiмiз тек қана дiннiң гносеологиялық (танымдық) түп-тамырын ғана қамтыды. Ал оның өзiн тереңiрек қарар болсақ, “ұлы мәртебелi Табиғат² қаншама iшкi сырларын әлi де болса құпия сақтап, адамдарды адастыруда...
Ал ендi дiннiң әлеуметтiк түп-тамырына келер болсақ, дұниедегi зұлымдықтың салмағы ең болмаса бiр граммға кемiдi ме екен?!! Хиросима мен Нагасаки, Бухенвальд трагедиясынан өткен адамзатқа мұндай сұрақты қоюдың өзi артығырақ болар.
Ендi дiннiң психологиялық тұп-тамырын сараптасақ, бiз жағдайдың бұрынғы дәуiрлермен салыстырғанда өрши түскенiн байқаймыз. Егер бұрын өлiм мәселесi жеке адам толғанысының шеңберiнен шықпаса, - қандай қантөгiстi соғыс, я болмаса, эпидемия, жер сiлкiну, топан-су болса да, бiрде-бiр адам бүкiл адамзат тарихының әрi қарай жалғаса берерiне ешқандай кұмән келтiрмеген болса,- ХХ ғ екiншi жартысында ондай күдiк пайда болып, өрши түстi ( ядролық соғыстың салдарынан бұкiл жер бетiндегi тiршiлiктiң құрып кету мүмкiндiгi, сездiрмей жақындап келе жатқан экологиялық апаттың үрейi т.с.с.)
Мiне, жоғарыдағы көрсетiлген және басқа да жүздеген себептер ХХ ғасырдағы дiннiң әрi қарай етек жайып өсуiне, олай болса, дiни философияның да қоғамдық санадағы алатын үлесiнiң молаюына әкелiп соққаны дәлелдеудi талап етпейтiн қағидалар. Олай болса, қазiргi дүниежүзiлiк дiндердегi қалыптасқан ақуал, дiни философиядағы жаңа ойлар мен тебiренiстер зерттелiп, оқылуы керек.

ХХ ғ Христиандық философия


ХХ ғ христиандық философия әлеуметтiк зұлымдықтың негiзгi үш себептерiн көрсетiп, оларды кiнәләйдi. Бiрiншiден, ол жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан “әлем дегенiмiз өз негiзiнде өмiр сұрiп жатқан болмыс² деген қағида. Екiншiден, либерализм ұрандарының негiзiнде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас тартқан мемлекет. Үшiншiден, коммунизм (Бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа социалистiк елдер) бұкiл байлықты мемлекеттiң қолына өткiзiп, қарапайым адамдарды сол мемлекеттiң құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдерi) негiзгi жұмысшы халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жеке меншiкке деген адамның құқы - табиғаттың заңы, адам жеке меншiкке жету ұшiн жұмыс iстейдi - мiне, осы тұрғыдан христиандық философия, әсiресе, коммунизм идеясын қатты сынға алады.
Христиандық философияның негiзгi мәселесi - ол болмысты тану болып есептеледi. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды : “егер екi философ болмысты тұсiнуде екi жақта болса, онда барлық жағынан да олар бiр-бiрiне қарама-қарсы.
Бұл философия “болмыс² (esse) және “дұниедегi бар², өмiр сұрiп жатқанды (ens) бiр-бiрiнен айырады. Болмыс категориясы тек қана мәңгi, абсолюттi, құдiреттi өмiр сұрiп жатқан Құдаймен теңелсе, нақты бұл дүниеде өмiр сұрiп жатқан заттар - жаратылған, өтпелi, олардың болмысқа тек қана қатысы ғана бар, яғни уақытша келген.
Нақтылы дүниеге келген заттардың “өмiр сүруi² (existentia) мен мән-мағнасы (essentia) бар. Олар бiр-бiрiмен қосылып, сонымен қатар, бөлiнiп жатады. Бұл дүниеде өмiр сұру, яғни болмысқа қатысты болу дегенiмiз - жаратылғандықтың белгiсi. Екiншi жағынан, мән-мағнаға ие болу дегенiмiз - нақтылы, белгiлi зат болумен тең, олай болса, ол әрқашанда шектелген, өтпелi - ол жалпы болмыс емес, тек қана нақтылы болмыс. Жак Маритеннiң айтуына қарағанда, әрбiр болмыс өмiр сүру мен мәндiлiктен тұрады. Мәндiлiк “Бұл зат не? ,- деген сұраққа жауап берсе, мысалы, - тас, “өмiр сүрудiң² қоятын сұрағы тiптi басқаша: “Ол бар ма , яғни, дәл қазiр өмiр сұрiп жатыр ма, әлде жоқ па ? Олай болса, бұл дүние кездейсоқты, оның шеңберiнде әрбiр заттың болуы да, болмауы да мұмкiн. Нақтылы дүние тәуелдi, өз-өзiне жеткiлiксiз, тек қана Құдай толыққанды кемелiне келген болмыспен тең , -деп қорытады өзiнiң ойын Ж.Маритен.
Адам - дене мен рухтан тұрады. Ол өзiнiң материалдық қажеттiктерiн мемлекеттiң шеңберiнде әлеуметтiк пәнде ретiнде өтесе, персона (тұлға) ретiнде ол Құдайға тәуелдi. Сондықтан бұл философия адамның материалдық мәселелерге (бiр жағынан жетiспеушiлiкке, екiншi жағынан - оның көптiгiне) көп көңiл бөлгенiн жаратпайды. Өйткенi, адам - зат емес, ол тұлға. Олай болса, жердегi тәртiп рухқа тәуелдi болуы қажет. Адамның жеке өмiрi өзiнiң шеңберiнде жабылып қалмай басқа адамдарға ашық болуы керек.
Христиандық философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi - сенiм мен бiлiмнiң ара-қатынасы. Бұл мәселенiң дiни шешiмiн алғаш рет Орта ғасырда Ф.Аквинский тапқан болатын. ХХ ғ дiни философия осы шешiмдi бұлжытпай орындап, қадағалап отыруға тырысады. Ол шешiм - бiлiмге қарағанда сенiмнiң басымдылығы. Дiни сенiм мен ақыл-ой арқылы дұниетану - бiр-бiрiне қарсы емес, бiрiн-бiрi ығыстырмайды, керiсiнше, бiрiн-бiрi толықтырады, олар бiр өзенге құятын екi бұлақ сияқты. Сенiмнiң түпкi қайнар-көзi - Құдайдың адамға берген аяны - оның ақиқаттығына еш кұмән келтiруге болмайды. Ақыл-ой арқылы дүниетану - жаратылған пенде - адамға берiлген ұлкен сый. Бiрақ, қайсыбiр адам шектелген, соңы бар пенде болғандықтан, оның бiлiм-тануы да сол сияқты, ол бәрiн бiле алмайды. Олай болса, ақыл-оймен табылған бiлiмдi әрқашан құдiреттi түрде берiлген сенiм ақиқаттарымен салыстырып, бақылап отыруымыз қажет. Олардың ойынша, ол, әсiресе, ХХ ғ ғылыми-техникалық революцияның жетiстiктерiн сараптау үшiн аса қажет.
Осы тұрғыдан олар ХХ ғ ашылған ұлы ғылыми жаңалықтарды Библияның негiзгi қағидаларымен салыстырып, олардың “ақиқаттығына² баға бередi. Мысалы, ХХ ғ екiншi жартысында астрофизика саласында ашылған бiз өмiр сүрiп жатқан Дүниенiң пайда болуы мен жасы жөнiндегi “үлкен жарылыс² теориясын алайық. Алғашында материя “сингулярлық², яғни орасан-зор қысымның негiзiнде “нұктелiк² жағдайда өмiр сүрген. Ал оның өзi 15 млрд. жыл бұрын “үлкен жарылысты² тудырып, бiздiң галактикадағы жұлдыздар жүйесiнiң қалыптасуына әкелдi (құс жолы). Жарылыстың күшi сондай орасан-зор болғандықтан, осы уақытқа дейiн жұлдыздар бiр-бiрiнен алыстап кеңiстiкте ұшып барады. Оны астрофизиктер “бiр-бiрiнен қашып бара жатқан галактика² дейдi. Бұл теорияны қарапайым адамның санасына еңгiзу өте қиын, өйткенi, нүктеден, практикалық түрде, жоқтан бiздiң галактика сияқты орасан-зор Дүние пайда болды. Ойлап қараңызшы: күннiң iшiне 1млн. жуық жер сияқты планеталар сиып кетуi мүмкiн. Ал күн - қарапайым орта жұлдыз. Ал олардың саны 200 млрд. артық!!! Ал осының бәрi “нүктеден² пайда болды!!
Ал христиандық философияның бұл ғылыми жаңалыққа берген бағасына келер болсақ, олар бұл ашылған жаңалық Құдайдың “жоқтан² бар дұниенi жаратқаны жөнiндегi дiни қағиданы ғылыми түрде дәлелдейдi деген пiкiрге келедi. Олай болса, бұл теорияның ақиқаттығына күмән келтiруге болмайды.
Екiншi мысал ретiнде биология саласында ашылған тiршiлiктi клональды тұрде, яғни жыныстық жолдан тыс, жарату мұмкiндiгiн келтiруге болады. Биологтардың айтуына қарағанда, тiрi организмнiң әрбiр клеткасында организмнiң бұкiл “генетикалық коды² жазылған. Олай болса, белгiлi бiр клеткадан жасанды жағдай тудырып дәл сол организм сияқты жаңа тiршiлiктi дүниеге әкелуге болады!! Әрине, бұл ғылым саласында ашылған ғажап жаңалық. ХХ ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары клеткадан “Долли² деп ат қойған қойды да тудырып өсiрдi.
Христиандық философияға келер болсақ, бұл жаңалық та ақиқатты деген пiкiрге келедi. Өйткенi, Құдайдың өзi алғашқы “клональды эксперименттi² жасады: Адамның бiр қабырғасын жұлып алып одан Еваны тудырды. Әрине, мұндай “аргумент² бiздi күлдiртуi мүмкiн. Әңгiме - осы философияның ғылым жетiстiктерiн өз iшiне кiргiзiп заман ағымына сай келуге тырысуында болса керек.
Шындығында, христиандық философияның қойған мәселесi өте өзектi, бiрақ, оны сәл өзгертсек, онда ол адамның дүниетану мұмкiндiгi моральдық сананың бақылауында болып, бұкiладамзаттық құндылықтардың шеңберiнде даму қажеттiгiне келiп тiреледi. ХХ ғ бiр жағынан ақыл-ой арқылы дүниетанып, оны қайта өзгертудiң орасан-зор мүмкiндiктерiн ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, “ғылыми өр көкiректiктен² сақ болу қажеттiгiн көрсеттi. Ғалымдар ашқан жаңалықтарын дереу дүниеге еңгiзiп, адамзат пайдасына жаратуға тырысады. Бiрақ, ол жаңалық бiзге пайдасымен бiрге, көп ойламаған терiс салдарын өмiрге әкелiп, қоғам алдында неше-тұрлi жаңа қауыптердi тудырады. Адамзат алдындағы көп экологиялық мәселелердiң пайда болуының терең себептерiнiң бiрi, мiне, осында.
ХХ ғ христиандық философия туғызған iрi тұлғаның бiрi - Пьер Теяр де Шарден (1881-1955 ж.ж.) Негiзгi еңбегi “Адам құбылысы² деп аталады.
Дiни философтың қойған негiзгi мәселесi: “Адам Құдайдың жаратқан Дұниесiнiң қонағы ма, я болмаса, сол жүрiп жатқан жаратылысқа өз ұлесiн қосып оны әрi қарай дамыта ма - Егерде, бұл Дұние дайын кұйiнде адамға берiлсе, онда адамға тек қана оның ғажаптығына таңғалып, оған табынудан басқа ешнәрсе қалмайды. Ал егерде Дұниенiң басы да, аяғы да болмай, бiрақ ол үне бойы жаңару, өзгеру (эволюция) үстiнде болса, онда адамның бұл Дүниеге келуiнiң негiзгi мақсаты - оны әрi қарай дамытып, көркейтiп, өзгертуiнде болса керек²,- деп қорытады П. Т. де Шарден.
Өзiнiң философиясында ойшыл материализм мен идеализмнiң бiржақтылығын сынап, шынына келгенде Дүниенiң сыртқы материалдық және iшкi психикалық рухани жақтары болуы қажет деген пiкiрге келедi. Егер Дүниенiң алғышарты ретiндегi рухани қосындысы болмаса, онда жалғыз материядан тұратын әлемде адам пайда болмас едi.
П.Т. де Шарденнiң ойынша, Ғарыштың өмiр сүруi мен әрi қарай өрлеуiнiң негiзiнде екi энергияның (күш-қуаттың) тiкелей қатысы бар. Олар - тангенциалдық, яғни физикалық күш-қуат және радиалдық, яғни психикалық, рухтық. Егер тангенциалдық күш Дұниенiң элементтерiн бiр-бiрiне тартып, оның бiртұтастығын қамтамасыз етiп отырса, радиалдық энергия оларды алға және жоғарыға, кұрделенуге әкеледi.
Дұниенiң тарихи дамып күрделенуi, негiзiнен ұш ғарыштың өткен сатыларымен байланысты. Олар: өмiр алды; өмiр; ой.
Бiрiншi - “өмiр алды² сатысында галактиканың қалыптасуы мен оның химиялық кұрделенуi басталады. Жер бетiндегi жылы неше-тұрлi минералдар мен тұздар ерiген суларда кұннiң сәулесiнiң энергиясы арқылы неше-тұрлi күрделi химиялық қосындылар пайда болып, ақырында, өмiрдiң алғашқы тұрпайы микро түрлерi дұниеге келедi.
Екiншi - өмiр сатысында жер бетiнде тiршiлiктiң миллиондаған тұрлерi дүниеге келiп биосфера қалыптасады, оның ең әсем гұлi - адам дұниеге келедi.
Үшiншi - ой сатысында адамның қалыптасуы мен дамуы басталып бұгiнгi күнге дейiн жетедi. П.Т. де Шарденнiң ойынша, қазiр бiрiккен адамзаттың қалыптасуы жұрiп жатыр. Адамзатпен бiрге жер бетiнде жаңа қабат - ноосфера, яғни ақыл-ой қабаты қалыптасып жатыр. Адамзаттың әлеуметтiк өрлеуi - материя мен тiрi табиғаттың өрлеуi, кұрделенуi, дамуының жалғасы. Дүние бiздiң көз алдымызда әрi қарай дамып, жаратылу үстiнде, қазiргi уақытта оның негiзгi кiлтi - адамның қолында. Өйткенi, адам саналы түрде эволюция процесiне қатысуда. Материяны қайта құрып өзгерту жолында адам шығармашылық деңгейiне көтерiлiп өзiнiң кiм екенiн Дұниеге көрсетедi.
Осы тұрғыдан П.Т. де Шарден кейбiр христиан дiнiндегi моральдық қағидаларды сынға алады. әсiресе, енжарлық, мойын ұсынушылықты. Адам өмiрге белсендi түрде қатысуы керек, яғни оның өмiрдегi негiзгi мақсат-мұраты - жасампазды еңбек дәрежесiне көтерiлу болмақ. “Жақсы христианин Дүниенiң жаратылу процесiне белсендi қатысады, цивилизациялық ағымның белсендi мүшесiне айналады². Жамандық - енжарлық, жақсылық - белсендiлiк.
Сонымен бiрге П.Т. де Шарден ұжымдық өмiр сұруге шақырады. Жаңғыздықтағы адам рухани жетiле алмайды. “Менiң² жетiлуiм ұжымдық сана арқылы ғана жұрмек.
Қазiргi қоғамдағы дағдарыс - өрлеудiң дағдарысы. Адамзат Дұниенiң әрi қарай өрлеуiнiң негiзгi кұшiне айналғанын сезiнедi, екiншi жағынан, осы сезiмнен қорқып, оған кұмәндана бастайды. Ал осы iзгiлiктi iстi әрi қарай жалғастыру ұшiн адамзатқа белгiлi бiр рухани тiрек қажет. Ол тек “өмiрден де жоғары² құдiреттi күш болуын талап етедi. Ол адамзаттың алдында әрқашанда шамшырақтай жанып тұруы керек. Ол оны аспандағы ең күштi жарқыраған жұлдызға теңеп, оған “Омега² нүктесi деген ат қояды.
Ойшылдың ойынша, Омега кеңiстiк пен уақыт шеңберiнен тыс, Дұниенiң алдында тұрып өзiнiң психикалық радиалдық энергиясы арқылы бұкiл өмiр сүрiп жатқанның бәрiне де өз әсерiн тигiзiп жатқан құдiреттi күш. Ол күш, негiзiнен алғанда, сүйiспеншiлiк, ал оның ең кiшкентай ұрығы - ол молекуланың iшкi тарту күшi. Сонымен, П.Т. де Шарденнiң Омегасы христиан дiнiнiң Құдайына ұқсамайды - ол таза рух, сананың жиынтығы, сонымен қатар, дүниенiң әрi қарай дамып күрделенуiнiң негiзгi себебi.
П.Т. де Шарденнiң философиясы ХХ ғ адамзат ой-өрiсiне өзiнiң зор ықпалын тигiздi. Оның себептерiнiң бiрi - ғылымның жетiстiктерiне сүйене отырып, Дұниенiң дамуы жөнiндегi бiртұтас iлiмдi тудыру қажеттiгiн көрсеткенiнде болса керек. Екiншiден, оның адамзатты жасампаздық еңбекке, соның негiзiнде жер бетiнде ноосфераны тудыруға шақырған шабытты ойлары да көп адамдарға өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Үшiншiден, оның адамға деген зор сенiмi, гуманизм мен өрлеудiң бiр-бiрiмен байланысты екенiн көрсеткенi де бұгiнгi дағдарыстағы адамзатқа шынайы сабақ болды. Ал, ендi осы ХХ ғ тудырған орасан-зор қайшылықтар мен тебiренiстер қазiргi Шығыс философиясында қалай шешiледi? Ендi осы сұраққа жауап беруге тырысайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет