Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет9/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   175
lektsii po filosofii

Джайнизм философиясы.
Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған.
Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.
Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі – святвада (свят – белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Сондықтан, бірде-бір затты толығынан танып-білу мүмкін емес. Зат жөніндегі біздің тұжырымдарымыз щектелген болу керек.
Джайнизмнің “үш маржаны², - ол – дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.
Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:
Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау;
Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу;
Ахимса – ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына қойған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ.
Уақытында үнді елінің ХХғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын.
Ал бүгінгі таңда ахимсаның рөлі бұрынғыдан да жоғары болып отыр. Мысалы, бүгінгі таңдағы “аңшыларға² келетін болсақ, олар күннен күнге әлсіреп келе жатқан табиғатқа қаншалықты теріс әсерін тигізіп жатыр! Жануарды өлтірген - бір қадам адам өлтіруге жақын, ал адам өлтірілген жағдайда - соғыстың да бітпейтіні хақ. Сондықтан аң аулап, жануарлық инстинктерді оятқанша, табиғатқа тек “фото аулауға² шығу – бүгінгі таңның талабы.
Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі. Әсіресе, бұл құндылықтар бүгінгі барлық адамға керек материалдық қажеттіктерді өтеп, күнбе-күн жалған қажеттіктерді жасап, жарнама арқылы солардың жолына миллиондаған адамдарды салып қойған Батыс қоғамына ауадай қажет. Мұның өзін кейбір Батыс ойшылдарының өзі-ақ мойындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет