Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Геморрагиялық васкулиттің диференциалды (ажырату) диагностикасы



бет208/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Геморрагиялық васкулиттің диференциалды (ажырату) диагностикасы
Геморрагиялық васкулиттің толық клиникалық көрінісі біз білетіндей бөртпелерден, артрит, асқазан –ішек жолдарындағы көріністер және бүйректегі көріністерден тұрады. Бұл аурудың басқалардан ажырату әдеттей оңай болғанымен, егер бір клиникалық синдромдар басым түрде өтсе, оларды біз ажырату диагностикасын жүргізе білуіміз керек.
Гемморагиялық васкулиттің ажырату (диф) диагностикасын ең алдымен геморрагиялық пурпура тән аурулармен жүргізу керек. Ол ауруларға инфекциялық эндокардит, менингококцемия және басқа ревматикалық аурулар, белсенді гепатит, ісіктер, лимфапролиферативті аурулар. Осы аурулардың көпшілігі бүйрек және буындар зақымдалумен өтеді.
Науқастың бүйрегі ауыр түрде зақымдалғанда жедел гломерулонефриттен ажырату диагностикасын жүргізу керек. Бұл жағдайда анамнезінде бұрын бүйректің созылмалы аурулары болды ма соны нақтылап сұрау қажет. Көпшілік жағдайда ажырату диагностикасын жүргізу жеңіл. Себебі геморрагиялық васкулит өзіне тән триадамен бүйрек, абдоминальді синдром және тері мен буын синдромымен бірге көрінуі тән. Ал әдеттегі гломерулонефритте мұндай көріністер көрінуі болмайды.
Науқаста ұсақ (петехиальді) бөртпелердің болуы тромбоцитопениялық пурпураға күдіктенуге мүмкінідік береді. Бірақ Шенлейн –Генох ауруында бөртпелердің жергілікті түрде көрінуі (санда, аяқтарда), сонымен қатар тромбоцитопения болмайды.
Абдоминальді синдром кезінде өткір іш сипмтомымен көрінетін аурулар: жедел аппендицит, ішек өтімсіздігі, спецификалық емес жаралық колит, иерсиниоз және т.б аурулардан ажырата білу керек. Геморрагиялық васкулитке (Шенлейн -Генох) ауруына тән: ұстама тәрізді ауырсыну. Ауырсыну ең күшейген уақытында қанды құсулар, мелена пайда болады. Сонымен қатар бұл көрініске қосымша тері өзгерулері, буындық синдром қосылады. Асқазан ішек жолындағы симптомдар басым көрінген болса, онда науқасқа өткір іш болжамды диагнозын қоймас бұрын, қосымша нефрит немесе терідегі бөртпелерге тексеру керек.
Геморрагиялық васкулитті беткей аллергиялық васкулиттерден (аллергиялық артериолит, геморрагиялық пигментті дерматоздар) ажырату қиындық келтірмейді. Бұл ауруларға тән: тұрақты, әрі қабынулық емес теріде пигментті дақтардың болуымен, жаңа капилярлардың түзілуімен, олардың ісінуімен, эндотелий пролиферациясымен, гистоциттер мен эндотелиалды жасушалар арасында гемосидерин жиналуымен көрінеді. Ал мұндай көріністер Геморрагиялық васкулитте көрініс бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет