Ерекше клиникалық формалары:
Фелти синдромы – нейтропения, спленомегалия, гепатомегалия және инфекциялық асқынулардың жоғарғы қаупімен көрінетін симптамокомплекс
Ересектердің Стилл ауруы – қайталанатын фебрильді қызба, артритпен, макулопапулезді бөртпемен, жоғарғы лабораториялық белсенділікпен және серонегативтілікпен көрінетін ауру
Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:
әйелдердің жиілеу шалдығуы.
инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.
буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.
қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.
бір " ұстаған " буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы.
басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.
буындардың қайтымсыз деформациялануы.
бір биіктеген ЭТЖ – ның оңайлықпен төмендемеуі.
буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.
РФ болуы.
рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі.
РА диагнозы 4-7 критерийге сәйкес келсе диагноз нақты деп саналады,1-4 белгілер науқаста 6 апта бойы болуы керек,
Лабараторлы диагностикасы:
Жалпы қан анализі (Hb төмендейді, Лейкоцитоз/тромбоцитоз/эозинофилия ЭТЖ жоғ.)
Жалпы зәр анализі
Биохимиялық қан анализі (гиперлипедемия, дислепидемия, СРБ)
Иммунологиялық зерттеу: АЦЦП ,РФ
инструментальді зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |