Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет120/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ
Ұйқы без асқазан астында іштің сол жақ қабырға астында орналасқан. Ұйқы без үш бөліктен тұрады- басы, денесі, құйрығы. Без қалыпты жағдайда сөл бөледі- панкреатин сөлін бөледі, сөл безде бөлініп без түтікшелерімен жүріп 12 елі ішекке құйылады. Оның құрамында ферменттер, белок, және инсулин болады.
Созылмалы панкреатит – ұйқыбезінің ( асқазан асты безінің) паренхимасының зақымдануымен, бездің склерозынына ( жалғаущы тіндер өніп) әкеліп бездің эндо және экзогендік жетіспеушілігі дамитын созылмалы ауыру.
Этиологиясы; ішімдіктің әсеріне – ішімдікке салынудан ( созылмалы алкоголизм), билиарды гипертензияда яғни бауырдың және бауырдан төмен өт жолдарының ауыруларында, ұлтабардың созылмалы ауыруында (дуоденитте), тамақтанудың бұзылуынан- ашты майлы тағамдарды көп мөлшерде үнемі қолданғанда, вирусты гепатиттен кейін, ұзақ қолданатын дәрілер ( цитостатиктер, экстрогендер ) созылмалы панкреатит дамиды.
Патогенезі; осы атап өткен факторлардың әсерінен ұйқыбезінің секрециясы өзгереді, оның сөлінің құрамында белоктың мөлшері артады, ол ( белок- аққуыз) бездің сөл жүретін түтікшелерінде уыз сияқты ұйып түтікшелерді тарылтады. Тарылған түтікшелерден без сөлінің жүруі нашарлайды. Қалыпты жағдайда без сөлінің құрамындағы ферменттер безден бөлінген соң бездегі түтіктермен жүріп ұлтабарға құйылады, сол жерде олар күшіне еніп асты қортады. Ал тарылған түтікшелерден сөлдің құрамындағы ас қортатын ферменттер өз уақытынан ұзақ тұрып қалған соң біртіндеп өз күшіне еніп бездін паренхимасына әсер етеді бездің паренхимасы өзгереді, бездің эндо экзогенді қызметі бұзылады.
Клиникасы; ең басты белгісі- іштің ауыруы. Оның себебі без ұлпалары ісінеді де бездің сыртқы капсуласы ( қабыға) керіледі және бездің қабынуынан склерозынан нерв талшықтары тітіркенеді, без түтікшелерінде қысым артады. Егер ұйқыбезінің құйрық жағы зақымданса онда ауырсыну сол жақ қабырға астында немесе кіндіктің сол жағында болады. Бездің денесі зақымданса онда ауырсыну эпигастрия аймағының сол жақ жартысыныда, егер бездің басы зақымданса ауырсыну эпигастрияның оң жартысында болады. Егер ауырудың себебі түтікшелердің қысымының жоғарлауынан болса онда ауырсыну сезімі ұстама тәрізді болады. Ал аыурудың себебі капсуланың керілуінен болса онда ауырсыну үнемі ұзақ уақыт боиына сыздап ауырады, және сәл ғана физикалық күш түссе (жүргенде, қозғалғанда жтб) ауырсыну ұлғаяды. Науқастар шалқасынан жата алмайды, олар бір жақ қырына аяқтарып бүгіп немесе етпетінен жатады. Диспепсиялық синдром болады- ккіреді тәбеті төмендейді, малы тағамдардан жиіркенеді, іш кебеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет