Тері арқылы нефролитотомия
Бүйрек түбекшесіндегі және несепағардың жоғарғы бөлігіндегі кіші көлемді тастар тері арқылы енгізген нефроскоппен көрінеді. Тастар қысқышпен ұстап шығарылады. Тасардың қалдықтары нефроскоп арқылы шайылады немесе тқмен қарай өзінен өзі несепағармен шығады.
Ретроградтық оперативтік уретроскопия
Оперативтік уретероскоппен тікелей көзбен бақылап-тастардыуатылау, экстракциялау немесе ультрадыбыспен уатылау жасалынады.
Уретроскопия
Несепағардың тастарына ерте оперция жасаудың көрсетімдері:
1.Тас инфекциялы гидронефрозға ұластырса – жедел тасты алып тастау қажет.
2.Тас көлемі 4 мм-ден үлкен және несепағарға сыналана еніп тұрса, уретролитотомия операциясын қолдану қажет.
3.Ұршық тәрізді 4 мм кіші тас несепағардың төменгі бөлігінде орналасса-тастыДормиаэкстрактарымен алп тастайды
Қортындылай келгенде іріңді пиелонефрит, жекеленген абсцесс, пионефроз, іріңді пери- және паранефрит дамиды. Осы өзгерістер уросепсиспен аяқталуы мүмкін. Ауру өліміне осы асқыну түрлері алып келеді.
ПИЕЛОНЕФРИТ
Пиелонефрит-бүйректіңқуыстық жүйесінің және тостағаншалармен түбектердің зақымдануымен сипатталатын бейспецификалық инфекциялыққабыну процессі.
Пиелонефрит –кең тараған аурулардың бірі,статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит 40 жасқа дейінгі шақта әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта-жиілеу еркектерде кездеседі.Әйелдерде пиелонефрит балалық шақтан немесе тұрмыс құру кезінен басталады.Пиелонефриттің ерекше айырмашылығы – бүйрек зақымдануының ассиметриясы болып табылады,процесс көбіне бір жақты болады, ал екі жақты болса бір бүйректің зақымдануы басымды болады.
Клиникалық ағымы бойынша пиелонефрит жедел және созылмалы,біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
Этиологиясы.Даму тегінен – пиелонефрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі роль атқаратын қоздырғыштар: ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококтар, алтын сары стафилококк) және экзоинфекция, стрептококтар, стафилококтар, басқада бактериялар.
Бейімдеуші факторлар.
Бактериурия – шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы.
Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар: несеп тас ауруы, ісіктер, ұзақ төсек тәртібі.
Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері: уретраныңқысқалығы және кеңдігі.
Жүктілік және гормондық контрацепциялық заттарды қолдану.
Қантты диабет.
Жедел және созылмалы инфекциялар, созылмалы инфекция ошақтары, салқын тию.
Достарыңызбен бөлісу: |