Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ТИРЕОТОКСИКОЗ (гипертиреоз)



бет153/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ТИРЕОТОКСИКОЗ (гипертиреоз)

Грейвс ауруы (ГА, Базедов ауруы, жайылмалы уытты жемсау) — тиреотропты гормон (ТТГ) рецепторларына қарсы антиденелердің өндірілуінен дамитын, клиникалық ҚБ зақымданғаннан тиреотоксикоз синдромының дамып, экстратиреоидты патологиямен (эндокринді офтальмопатия, перитибиальдымикседема, акропатия) бірге көрінетін жүйелік аутоиммунды ауру (3.5 кесте). Ауру алғаш рет 1825 ж. Калеб Парримен, 1835 ж. — Роберт Грейвспен, 1840 ж. — Карл фон Базедовпен суреттелген болатын.


Қазіргі таңда ГА терминінің орнына дәстүрлі түрде жайылмалы уытты жемсау термині қолданылады, дегенмен оның да бірқатар кемшіліктері бар. Біріншіден, ол қалқанша бездің макроскопиялық (жайылмалы жемсау) және қызметінің (уытты) өзгерісін ғана сипаттайды, ал бұл ГА үшін міндетті болып табылмайды: бір жағынан, без ұлғаюы дамымауы мүмкін, екінші жағынан жайылмалы да болмауы мүмкін. Сонымен қатар, тиреотоксикозбен сипатталатын ҚБ жайылмалы ұлғаюы басқа ауруларда да дамуы мүмкін. Жай уытты жемсау терминінің орнына «ауру» терминін қолдану дұрыс, себебі бұл үрдістің жүйелі аутоиммунды екенін айқындап көрсетеді. Дегенмен, бүкіл әлемде дәстүрлі түрде қолданатын, бәріне түсінікті және танымал термин - «Грейвс ауруы», ал неміс тілінде сөйлейтін халықтарда «Базедов ауруы» деген термин кең қолданылуда.
Этиологиясы
ГА мультифакторлы ауру, себебі сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (фонында) иммунды жауаптың генетикалық ерекшеліктері іске асырылады. Этникалық ассоцирленген генетикалық бейімдеушілікпен қатар ГА патогенезінде психоәлеуметтік және сыртқы орта факторлары маңызды рөл атқарады. Эмоциональды стрессті және экзогенді факторлар, мысалы темекі тарту, ГА генетикалық бейімділікті тудыруы мүмкін. Темекі тарту ГА даму қаупін 1,9 есеге арттырады, ал ГА кезінде дамыған эндокринді офтальмопатия қаупін 7,7 есеге жоғарылатады. ГА басқа да аутоиммунды эндокринді аурулармен бірге ұштасуы мүмкін (қантты диабеттің 1 түрі, біріншілік гипокортицизм); мұндай жұптасу ІІ типті аутоиммунды полигландулярлы синдром деп аталады.
Иммунологиялық толеранттылықтың бұзылуы нәтижесінде, аутореактивті лимфоциттер (CD4+ және CD8+ T-лимфоциттер, B-лимфоциттер) жабысқақ (адгезивті) молекулалардың (ICAM-1, ICAM-2, E-селектин, VCAM-1, LFA-1, LFA-3, CD44) қатысуымен ҚБ паренхимасын инфильтрлейді (сіңбелейді) де, онда дендритті жасушалар, макрофагтар және В-лимфоциттермен таныстырылатын бірқатар антигендерді анықтайды. Кейінірек цитокиндер мен сигналды молекулалар В-лимфоциттердің антигенспецификалық ынталануына түрткі болып, нәтижесінде тироциттердің түрлі компоненттеріне қарсы бағытталған спецификалық иммуноглобулиндер өндіріледі. ГА патогенезінде ТТГ рецепторларына қарсы бағытталған ынталандырушы антиденелердіңөндірілуі басты маңыздылыққа ие (ТТГр-АД) Басқа көптеген аутоиммунды аурулардан ерекшелігі ГА кезінде нысана ағзаның бұзылуы емес, оның ынталануы дамиды. Бұл жағдайда аутоантиденелертироциттердің мембранасында орналасқан ТТГ рецепторларының фрагментіне қарсы өндіріледі. Нәтижесінде, антиденемен байланысқа түскен рецептор белсенеді де, тиреоидты гормондардың пострецепторлы синтез каскадын іске қосып (тиреотоксикоз), тироциттердің гипертрофиясын ынталандырады (ҚБ ұлғаюы). Әлі күнге дейін толық түсініксіз себептерден антигендермен сенсибилизацияланған ҚБ Т-лимфоциттерменинфильтрацияланып, ретробульбарлы шелмай (эндокринді офтальмопатия), балтырдың алдыңғы бетіндегі шелмай (претибиальдымикседема) секілді басқа құрылымдарда да иммунды қабынуды шақырады.
Патогенезі ГА кезінде ТТГ рецепторларына қарсыденелердің қалқанша безді гиперстимуляциялауы нәтижесінде дамитын тиреотоксикоз аса маңызды клиникалық синдром болып табылады. Тиреотоксикоз кезінде дамитын ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер уақыт өте дистрофиялық бұзылыстарға әкелетін негізгі алмасудың жоғарылауына тікелей байланысты. Тиреотоксикозға аса сезімтал, тиреоидты гормондар рецепторлары көптеп орналасқан құрылымдарға жүрек-қантамыр (әсіресе жүрекшелер миокарды) және жүйке жүйесі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет