Дәрмектерді буын ішіне енгізу және жергілікті ем.
Бұл емнің артықшылығы:
емнің патологиялық ошаққа тікелей әсер етуі.
жалпы әсерлі дәрмектерді үнемдеуге мүмкіндік беруі.
дәрмектер жағымдылығының жақсаруы.
дәрмектердің жанама және бір бірімен әрекеттесуінен болатын зиянды әсерлерін төмендетуі.
Дәріні буын қуысына енгізу. Глюкокортикоидтарды буын ішіне енгізу.
Көрсетпелері:
ревматоидтық артриттің моно -, олигоартриттік түрі.
өзге дәрмектерден буындарда оң динамиканың болмауы.
контрактураның дами бастауы.
ортопедиялық шаралардан кейін ауырсынуды тез басып, реабилитацияны тездету мақсаты.
Буынға салу үшін гидрокортизонның суспензиясы, кеналог, дексон, метипред, трикорт, флостерон, дипрофос қолданылады.
Физиотерапия. Ревматоидтық артриттің емінде физиотерапияға көп мән берілуі тиіс. Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т.б.
Емдік дене шынықтыру және массаж. Бұл елдің кеселдің өткір белгілері басылғаннан кейін бастайды. Негізгі мақсаттары:
зақымданған буын маңындағы бұлшықеттердің қуатын арттыру.
буын қабының, буын маңы тіндерінің бүрісуіне, тартылуына жол бермеу.
жаттығулар көмегімен буындардың деформациясына жол бермеу, шинаны, лонгетаны пайдалануды үйрету.
Бұл емнің басты ережесі – буындарды үнемі қимылдату. Ревматоидтық артритте қимылсыз қалу өліммен теңестіріледі. Сондықтан дене жаттығуларымен бірге күніне 3-4 рет 15-45минут шамасында, әсіресе қол ұшының буындарын қимылдататын жұмыс жасау қажет.
Буындардың III дәрежелі функциялық бұзылысында науқасты өзін - өзі күтуге үйрету қажет.
Буындардың бүгілген, қисайған күйінде "қатып" қалмауы үшін ортопедиялық ем жүргізеді, мысалы алмалы-салмалы шиналарды, лонгеталарды қолданады. Шиналар немесе лонгеталар түнде және күндіз, жұмыспен айналыспайтын уақытта салынады. Бұл ем үзілмелі иммобилизация аталады. Сонымен бірге, науқастар бас жағы аласа, қатты төсекте жатуы тиіс. Отырып жұмыс жасайтын адамдар жиі - жиі тұрып, буындарын жазып жүруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |