Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Санаторлық - курорттық ем



бет218/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Санаторлық - курорттық ем. Бұл ем ревматоидтық артриттің буындық түрінде, активтілігі минимальді немесе активті емес кезінде ғана жүргізіледі. Буындары аса қатаң зақымданбаған науқастарды родондық суы бар курорттарға – Арасан Қапалға, Алма – Арасанға, ал пролиферациялық процесі басым, деформация мен контрактуралар қалыптасқан науқастарды балшығы бар курорттарға жолдайды–Жаңақорғанға, " Атырау", " Мойылды " т.б. санаторийлерге. Санаторлық курорттық емді висцерит немесе псевдосептикалық синдром болғанда қолданбайды.
Хирургиялық ем. Оның түрлері:

  • бұзылған буынды протезге ауыстыру, бұл ем ірі буындардың жарамсыздығында қолданылады.

  • ұсақ буындарға синовэктомия, артродез және артропластика жасалады. Иммундық қабынудың көзін алып тастау мақсатымен моноолигоартритте синовэктомия ертелеу жасалынуы тиіс.

ОСТЕОПОРОЗ


Остеопороз — қаңқаның барлық сүйектерін зақымдайтын едәуір таралған ауру. Ол организмнің қартаюы мен тозуының салдарынан пайда болады және ер адамдарға қарағанда, әсіресе климакстан кейінгі кезеңде әйелдерде жиі кездеседі.Остеопороздың дамуында сүйек тінінің жүйелі жоғалуы рөл атқарады, ол адам организмінің табиғи қартаю үдерісін құраушы болып табылады. Бұл әсіресе әйелдерде менопаузадан кейін қатты білінеді, өйткені осы кезеңде аналық без сүйек кемігін сақтауға жәрдемдесетін эстроген гормонын жасауды тоқтатады. Қаңқа сүйегі — организмнің басқа тіндері сияқты тірі жүйе. Онда адам өмірінің бүкіл кезеңі ішінде жаңа сүйек тіндерінің түзілу және көнелерінің ыдырау үдерісі жүреді. Сүйектер 30-35 жаста қатаю шегіне жетеді. Жастың ұлғаюымен сүйек тіндерінің ыдырауы, оны түзілуіне қарағанда шапшаңырақ жүреді.
Остеопорозбен зақымданған омыртқа құрылысын электронды микрографтың жәрдемімен тексеруге болады. Сүйек массасының тығыздығы едәуір азаяды, және ол кеуектене бастайды.
Сүйек заттары коллаген сияқты протеиндерден және бейорганикалық минералдардан, негізінен кальций тұздарынан тұрады. Протеин сүйек тінінің шамамен 40%-ын, ал кальций тұздары 60%-ын құрайды. Остеопорозда бұл пропорция өзгермейді, бірақ сүйек салмағы біртіндеп азаяды. Сүйектердің сынғыштығы артады, сыну қаупі ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет